2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 465-496 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 11.02.03 ж. № 150; 01.07.03 ж. № 150г; 26.11.03 ж. № 150х; 31.12.03 ж. № 150ах; 31.12.03 ж. № 150ащ қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
      7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Астана
қаласының мәдени және рухани келбетiн жақсарту, қалың бұқараны Қазақстан
этностарының тарихи игiлiктерiмен, әлемдiк әдебиет және өнер
жетiстiктерiмен таныстыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 478-қосымша

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 150ащ қаулысымен 478-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 046 "Әлеуметтiк маңызды мәдени iс-шаралар

жүргiзу" республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 95000 мың теңге (тоқсан бес миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мерейтойлық және атаулы күндердi өткізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мерейтойлық және атаулы күндердi ұйымдастыру және өткізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
iс-шараларды тақырыпқа сәйкес жоғарғы кәсiби деңгейде өткізу, бұқаралық
ақпарат құралдарында олар туралы пiкiрлер мен жарияланымдар жариялау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 479-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 047 "Қазақстан Республикасында мұрағат

iсiн дамыту" республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 28 500 мың теңге (жиырма сегiз миллион бес жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 2, 18, 21-баптары; "2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн дамыту бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 қазандағы № 538 қаулысы; "2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 қаңтардағы № 146 қаулысы; "Құжаттардың көшiрмесiн мемлекеттік сақтандыру қоры туралы Ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаттары.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн дамыту және жетiлдiрудi қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мұрағат саласы қызмет етуiнiң оңтайлы үлгiсiн жасау, оны нарықтық экономика жағдайларына бейiмдеу; ақпараттық ресурстарды жинақтау, жүйелеу, iздеу мен қолданудың тетiктерiн жетiлдiру; саланың материалдық-техникалық базасын дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтиже: мұрағат
саласының қызметiн жетілдіру, мемлекеттік мұрағат мекемелерiнiң нарықтық
экономика жағдайларына бейiмдеудi аяқтау, мемлекеттік мұрағаттардың
материалдық-техникалық базасын жаңарту және оны қазiргі заманғы
стандарттарға жақындастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 480-қосымша

ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 480-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 050 "Тарихи-мәдени қорықтар мен мұражайларды

ұстау" республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 50323 мың теңге (елу миллион үш жүз жиырма үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы, "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегі Заңының 4-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұражай-қорықтар құрамына енетiн мәдениет ескерткіштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ескерткiштер мен зерде орындарын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету, оларды паспорттау, жаңа ескерткiштердi анықтау, әрбiр ескерткiштi заңды қорғауды қамтамасыз ету, археологиялық барлаулар, экспедициялар мен экскурсиялар жүргiзу.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
мұражай-қорықтар құрамына енетiн мәдениет тарихы ескерткіштерiнiң халық
игiлiгi ретiнде сақталуын қамтамасыз ету. Тұрғындардың және туристердiң
көптеп келулерiн қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 481-қосымша

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 150ащ қаулысымен 481-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 062 "Ұлттық фильмдер шығару" республикалық

бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1 517 663 мың теңге (бip миллиард бес жүз он жетi миллион алты жүз алпыс үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республика халқының рухани сұраныстарын қанағаттандыру, рухани-эстетикалық және мәдени тәрбие, ұлтаралық келiсім мен ішкi саяси тұрақтылықты нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қазақ халқының сан ғасырлық тарихын көрсететiн ұлттық фильмдер өндiрiсі. Ұлттық кинематографияны дамыту.

6 Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер: халықты
идеологиялық тәрбиелеуде және Қазақстан Республикасының беделiн
қалыптастыруда ұлттық фильмдердiң рөлiн арттыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 482-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 053 "Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 19 750 мың теңге (он тоғыз миллион жеті жүз елу мың теңге.

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінiң мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі № 222-II Заңы; "Қазақстанның көрнектi әдебиет және өнер қайраткерлерiне мемлекеттік стипендияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылғы 3 сәуiрдегі Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығы; "Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары және гранттар туралы ережелердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 60 Өкімі, "Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы Президентiнің сыйлықтары мен гранттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556 Өкімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерiн шығармашылық, қоғамдық белсендi қызметке моральді және материалды ынталандыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімдікті нығайтуға, мемлекетаралық қарым-қатынастардағы теңдік пен бірдей жариялылыққа; қоғамдық және ұлтаралық келісімді бекітуге, республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға; демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға бағытталған қызметті активтендіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасының шығармашыл зиялыларының шығармашылық және
зияткерлiк белсендiлiгiн арттыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 483-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 056 "Мемлекет қайраткерлерiн мәңгiлiк есте

қалдыру" республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 80 972 мың (сексен миллион тоғыз жүз жетпiс екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет пен өнер саласының аса көрнектi қайраткерлерiн мәңгі есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қаралы жиындар ұйымдастыру, ас беру, рәсiмдiк қызметтер, фото-бейне түсіруді ұйымдастыру, бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау (көңiл айту, қазанама), көрнектi мәдениет қайраткерлерiнiң қабiрiне мемориалдық тақталар мен ескерткiштер дайындау.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
мәдениет және өнер саласының аса көрнектi қайраткерлерiн мәңгi есте
қалдыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 484-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 058 "Тарихи-мәдени құндылықтарды жөндеу-қайта

жаңарту жұмыстарын жүргiзу" республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 90 780 мың теңге (тоқсан миллион жетi жүз сексен мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-І Заңының 33-бабы, "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 4-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: патриоттық, интернационалдық, iзгiлiктi және эстетикалық тәрбие беру мақсатында ескерткiштердi олардың сақталуын қамтамасыз ететiн нормаларға сәйкес қорғау, сондай-ақ Қазақстан этностарының рухани қажеттілігiн қанағаттандыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның негiзгi мiндеттерi: тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету. Барлық жылжымалы және жылжымайтын тарихи-мәдени ескерткiштердi есепке алу, қорғау, жаңғырту және пайдалану, оларды мәдени процесстерге белсендi тарту.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары: