2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 465-496 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 11.02.03 ж. № 150; 01.07.03 ж. № 150г; 26.11.03 ж. № 150х; 31.12.03 ж. № 150ах; 31.12.03 ж. № 150ащ қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:

мұражай-қорықтардың қызметін жақсарту және жетілдіру мақсатында негізгі
активтерді пайдалану оқырмандардың қажеттілiктерін неғұрлым толық, өзекті,
дер кезiнде, сенімді қанағаттандыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 491-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмгері

2003 жылға арналған 214 "Мұрағат мекемелерi үшiн негiзгi

активтердi сатып алу" республикалық бюджеттік

бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1 625 мың теңге (бip миллион алты жүз жиырма бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 270 қаулысы, 3-тармақ.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасының материалдық-техникалық базасын дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: материалдық-техникалық база жасау, баспа мұрағатын сақтау, ақпараттық толығуын жақсарту.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: баспаның
мұрағат қорының сақталуын жақсарту, есептеу және ұйымдастыру
техникаларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мекеме аппаратының жұмыс
тиiмдiлiгiн арттыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 492-қосымша

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 150ащ қаулысымен 492-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмгері

2003 жылға арналған 215 "Республикалық кiтапханалар үшiн

әдебиеттердi және басқа да негiзгi активтердi сатып алу"

республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 37 890 мың теңге (отыз жетi миллион сегiз жүз тоқсан мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы, "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 4-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: материалдық база жасау, кiтапхана қорларын толықтыру, сақтау және халыққа әр түрлi ақпарат жеткізушiлердi беру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық кiтапханалар үшiн әдебиеттердi және басқа да негiзгi активтердi сатып алу.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: кiтапхана
қорын толықтыру, халыққа кiтапханалық қызмет көрсетудi жетiлдiру және
жақсарту.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 493-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмгері

2003 жылға арналған 216 "Театр-концерт ұйымдары үшiн негiзгi

активтердi сатып алу" республикалық бюджеттік

бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 248 943 мың теңге (екi жүз қырық сегiз миллион тоғыз жүз қырық үш мың теңге).

2. Бағдарламаның құқықтық негiздемесi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: театрлы-концерттік ұйымдар үшiн негiзгi активтердi сатып алу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республиканың барлық халқының жiктерi мен аймақтары үшiн оларды мәдени өмiр саласына тарту мақсатымен көпшiлiк қатынаса алатын концерттiк iс-шаралармен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының өскелең ұрпақтары мен азаматтарына қазақ ұлттық музыкалық-поэтикалық шығармашылығының шығармашылық жетiстiктерiн, қазiргi заманғы композиторлардың шығармаларын, әлемдiк көркем әдебиеттiң ең жақсы нұсқауларын мақсатты насихаттау, эстетикалық және адамгершiлiктi тәрбие беру.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: театрлар
мен концерттiк ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және
қызметiн жетілдiру мақсатында негiзгi активтердi пайдалану.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 494-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмгері

2003 жылға арналған 305 "F.Мүсiрепов атындағы қазақ жас

көрермен театрын күрделi жөндеу бойынша жобалау-сметалық

құжаттамаларды әзiрлеу" республикалық

бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1 500 мың теңге (бip миллион бес жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: F.Мүсiрепов атындағы қазақ жас көрермен театрын күрделi жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзiрлеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: F.Мүсiрепов атындағы қазақ жас көрермен театрын күрделi жөндеу жүргiзу бойынша жобалау-сметалық құжаттамамен қамтамасыз ету.

6.Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Мемлекеттік сараптаудан өткен Ғ. Мүсiрепов атындағы қазақ жас көрермен
театрын күрделi жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзiрлеу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 495-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмгері

2003 жылға арналған 400 "Атырау облыстық бюджетiне Махамбет

Өтемiсовтiң 200 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындыққа берілетiн

мақсатты трансферттер" республикалық

бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 548 581 мың теңге (бес жүз қырық сегiз миллион бес жүз сексен бiр мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы, "Махамбет Өтемiсовтiң 200 жылдық мерейтойына дайындық және оны өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 тамыздағы қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: M. Өтемiсовтiң 200 жылдық мерейтойына арналған iс-шараларды өткізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: M. Өтемiсовтiң 200 жылдық мерейтойын өткізу мақсатында Атырау облысын қаржылай қолдау.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:*

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекiткен Махамбет Өтемiсовтiң 200 жылдық
мерейтойына дайындық және оны өткізу жөніндегі iс-шараларды өткізу.

* ескерту: Жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар тiзбесi, республикалық бюджет трансферттерiн игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 496-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмгері

2003 жылға арналған 500 "Қазақстан Республикасының Мәдениет,

ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне ақпараттық-есептеу

қызметiн көрсету" республикалық

бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 15 627 мың теңге (он бес миллион алты жүз жиырма жетi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы, "Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы, "Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгi және оны iске асыру шараларының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 715 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсім министрлігі мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес құрылымдармен, аумақтық басқармалармен жедел өзара әрекеттестiк үшiн өзiне жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу мақсатымен ақпараттық-техникалық қызмет көрсету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: техникалық қызмет көрсету және компьютер паркiн, ұйымдастыру техникаларын және бiрлескен телефон желісін жаңарту, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң ақпарат жүйесiне сүйену.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң
ақпараттық инфрақұрылымының үзiлiссiз жұмысын қамтамасыз ету. Дербес
компьютерлердiң, төңiректiк есептеу желiлерi мен оның құрамдас
бөлiктерiнiң (серверi, желiлiк коммутаторлары мен кабельдiк жүйесiнiң),
сондай-ақ ұйымдастыру техникалары мен бiрлескен телефон желісінiң
техникалық оңдалған жай-күйiн қолдау.