7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық
iс-шараларға, соның iшiнде Аомори (Жапония) қаласындағы қысқы Азия
ойындарында, Афины қаласындағы (Грекия) XXVIII жазғы Олимпиада ойындарында
табысты өнер көрсетуi. Президенттiк сынақтар өткізу. 50-ден астам әлем,
Азия, Еуропа чемпиондарын даярлау. Спорт шеберлерi мен халықаралық
дәрежедегi спорт шеберлерiн, жасөспiрiмдер мен жеткiншектер арасындағы
әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда, халықаралық жарыстардың
жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн тәрбиелеу. Халық арасында бұқаралық спортты
дамыту, қоғамда салауатты өмiрсалты қағидаттарын орнықтыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 652 қосымша
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі агенттігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
033 "Олимпиадалық резерв және жоғары спорт шеберлiгi
мектептерiн қаражаттандыру" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 83029 мың теңге (сексен үш миллион жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18 және 19-баптары, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 17, 18, 21 және 25-баптары, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы" 1996 жылғы 21 мамырдағы № 3002 және "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлықтары, "Қазақстан спортшыларын кезектi 2002 жылғы Солт-Лейк-Сити қаласындағы (АҚШ) XIX қысқы және 2004 жылғы Афины қаласындағы (Грекия) XXVІII жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 510 , "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 , "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулылары, "БЖСМ мен МОРБЖМ туралы Ереженi енгізу туралы" 1996 жылғы 23 тамыздағы № 1-2-6/365 және Қазақстан Республикасының жоғары спорт шеберлiгi мектебi туралы уақытша ереженi бекіту туралы" Жастар iсi, туризм және спорт министрлігінiң 1998 жылғы 29 мамырдағы № 1-2-6/305 бұйрықтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық деңгейдегi жоғары біліктi спортшыларды, үмiткерлердi және олимпиадалық спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына мүшелер мен үмiткерлердi даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жастар арасында олардың денсаулығы мен дене бiтiмiн жан-жақты дамытуға бағытталған денешынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын, халықаралық дәрежедегi спортшыларды және олимпиадалық спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларына мүшелердi даярлауды жүзеге асырады.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: ұлттық
құрама командалардың мүшелерiн Олимпиада және Азия ойындарына даярлау,
сондай-ақ ұлттық штаттық командаларды жоғары дәрежелi спортшылармен және
халықаралық дәрежедегi шеберлермен толықтыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 653 қосымша
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі агенттігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
034 "Туристiк қызмет жөніндегі iс-шаралар" республикалық
бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 32604 мың теңге (отыз екi миллион алты жүз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 10, 11-баптары, "Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 26 қазандағы № 1604 және "Туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1947 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның туристiк беделiн нығайту, туристiк саланың индустриясын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: iшкi рынокты қорғау, Қазақстан Республикасында туризмдi дамытуға бағытталған туристiк iс-шараларды, соның iшiнде көрмелер мен жәрмеңкелердi өткізу және қатысу арқылы туристiк қызмет көрсету экспортын ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыру, келу туризмнің көлемiн
ұлғайту, туристiк қызметтердiң жиынтық экспортын көбейту, халықаралық
туризмiнiң (келу) түсiмiн ұлғайту. Туризм саласындағы экономикалық
көрсеткiштi өсiру, Қазақстанның туристiк бет-бейнесiн арттыру, халықтың
жұмыспен қамтылуын көбейту. Жалпы iшкi өнiмдегi туризмнің үлесiн ұлғайту.
Туризм инфрақұрылымын жақсарту, Қазақстан Республикасында бәсекеге
қабiлеттi туристiк рынок құру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 654 қосымша
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі агенттігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
037 "Республикалық деңгейде олимпиада резервiн даярлау"
республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 386889 мың теңге (үш жүз сексен алты миллион сегiз жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 2, 4, 16, 18, 21, 25, 30-баптары, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 және "Қазақстан спортшыларын кезектi 2002 жылғы Солт-Лейк-Сити қаласындағы (АҚШ) XIX қысқы және 2004 жылғы Афины қаласындағы (Грекия) XXVІII жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегi шұғыл шаралар туралы" 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 510 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары үшiн олимпиадалық резервтi мақсатқа сай даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жас спортшылардың спорттық шеберлiгiн арттыруды қамтамасыз ету, республиканың және шет елдердiң жетекшi спортшыларымен спорт түрлерi бойынша бiрлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, Қазақстан спортшыларының халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
спорт шеберлерi мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерiн, жастар мен
кадеттер арасындағы Әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық
жарыстардың жеңiмпаздарын және жүлдегерлерін тәрбиелеу. Жоғары дәрежелi
спортшыларды даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 655 қосымша
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі агенттігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
038 "Республикалық деңгейде ұлттық және бұқаралық спорт
түрлерiн дамыту жөніндегі iс-шаралар" республикалық
бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 150ф қаулысымен 655-қосымша өзгертілді
1. Құны: 45100 мың теңге (қырық бес миллион бiр жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2-бабы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 жарлығы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылда ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамыту, ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамытуды жаңа да сапалы деңгейге шығаруға қабiлеттi ұйымдық-әдiстемелiк, насихаттық және тәрбиелiк шаралардың бiрыңғай кешенiн әзiрлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндетi: халық арасында ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамытуға жағдай жасау, денешынықтыру-спорт бiрлестiктерiнiң және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамытуды ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: халықтың
әртүрлi жiктерiн ұлттық спорт түрлерімен және халық ойындарымен
шұғылдануға тарта отырып, салауатты өмiр салты қағидаттарын орнықтыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 656 қосымша
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі агенттігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
039 "Алматы қаласында олимпиадалық дайындық базасын салу
жобасы бойынша техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеу"
республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 42000 мың теңге (қырық екi миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан спортшыларын iрi халықаралық жарыстарға, соның iшiнде әлем чемпионаттары мен Олимпиада және Азия ойындарына орталықтандырып даярлау үшiн сапалы жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: Алматы қаласындағы олимпиадалық даярлау базасының құрылыс жобасын техникалық-экономикалық негiздеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Алматы
қаласындағы олимпиадалық база құрылысының жобасы бойынша мемлекеттік
сараптамадан өткен техникалық және экономикалық негiздеме.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 657 қосымша
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі агенттігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
079 "Лицензиардың қызметiн орындау" республикалық
бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1434 мың теңге (бip миллион төрт жүз отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 15-бабы, "Туристiк қызметтi лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1213 , "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оларды туристiк қызметтермен айналысуға құқық беретiн лицензиялармен қамтамасыз ете отырып, туристiк ұйымдардың көрсететiн қызметтерiнiң сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы азаматтарын қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтiң әдiскерi ретiнде туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтердi және нұсқаушылық қызмет көрсетудiң құқығын жүзеге асыру үшін лицензиялар беру. Туристiк салада жұмыс iстейтiн фирмалардың есебiн алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасында туристердiң құқығы мүдделерiн қорғау мақсатында
белгiленген нормативтердi бұзатын туристiк ұйымдардың санын қысқарту.
Туризм инфрақұрылымын дамыту, халықаралық туристiк рынокта Қазақстанның
имиджiн қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 658 қосымша
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі агенттігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
104 "Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес
мемлекеттік бағдарламасы" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8200 мың теңге (сегiз миллион екi жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 8-бабы, "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есiрткi заттарды заңсыз пайдаланудың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастар мен жасөспiрiмдердi дене шынықтырумен және спортпен жүйелi шұғылдануға тарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары: