2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 584-601 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 24.12.03 ж. № 150ам; 26.12.03 ж. № 150ап қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы сел, қар көшкiнi, жар көшкiнi, опырылып құлаудың алдын алу және олардың зардаптарын жою, сел құбылыстары мен жер сiлкiнiсiн болжау. Селден қорғау құрылғыларын пайдалануды қамтамасыз ету, халықты, шаруашылық жүргiзу объектілерiн және Қазақстан Республикасының жерлерiн қауiптi табиғи құбылыстардың (сел тасқыны, қар көшкiнi, жар көшкiнi, опырылып құлау, қатты жер сiлкiнiсi) әсерiнен сенiмдi қорғау, олардың зардаптарын жоюды ұйымдастыруға қатысу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: селден қорғау құрылғыларын ағымдағы жөндеуден өткізу, бақылау және хабарлау қызметтерінің қызметiн қамтамасыз ету, аэрошолу жұмыстары, мұзарт көлдердi босату жөніндегі алдын алу жұмыстары, қар көшкiндерiн алдын ала түсiру бойынша ату жұмыстары, жер сiлкiнiсiнің қысқа мерзiмдi болжамдарын қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-болжау жұмыстары.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн және жерлердi сенiмдi қорғауды
қамтамасыз ету және Алматы облысының қорғану құрылғыларын пайдалану
жағдайында ұстау (Селден қорғау көлемi 12,6 млн. м3 "Медеу" кешенi, Үлкен
Алматы өзеніндегі селден қорғау көлемi 14,5 млн. м3 селжинағыш-бөгетi,
ұзындығы 21 километр Iле Алатауындағы тұрақтанған өзендердiң арналары,
селдi бөгейтiн көлемi 1,5 млн. м3 Ұзын Қарғалы өзеніндегі селдi қорғау
бөгетi, Есiк қаласындағы көлемi 1,5 млн. м3 селден қорғау бөгетi, Сарқант
өзеніндегі селдi бөгейтiн бөгет, селден қорғау көлемi 7,2 млн. м3
Барахудзира өзеніндегі жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары, Шығыс Қазақстан
облысындағы жағалауларды бекіту жұмыстары, Семей қаласындағы ұзындығы 3,7
километр бөгет, Оңтүстiк Қазақстан облысының Бадам өзеніндегі ұзындығы 2,2
километр бөгет және басқалары).

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

589-қосымша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Тiкұшақтарды пайдалану" 034

республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 249 687 мың теңге (екi жүз қырық тоғыз миллион алты жүз сексен жетi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мүлкiн беру туралы жекелеген мәселелер" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда халыққа жедел көмек көрсету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде уақытында жедел қимылдау үшiн тікұшақтарды тиiмдi, ұтымды пайдалану.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: төтенше
жағдайлар кезiнде зардап шеккендердiң санын азайту, табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде жедел қимылдау үшiн
тiкұшақтардың ұшу жарамдығы мен техникалық пайдалануын қолдау.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

590-қосымша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Қазқұтқару" бөлiмшесi құтқарушыларының

жыл сайынғы республикалық (халықаралық) жиын-семинарын

өткізу" 036 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1500 мың теңге (бip миллион бес жүз мың).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: құтқарушы бөлiмшелерiн төтенше жағдайлар аймағындағы құтқару жұмыстарын жүргiзуге оқыту, трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайлар туындай қалған жағдайда өзара iс-қимылды ұйымдастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: құтқару бөлiмшелерiнiң практикалық сабақтары мен жаттығуларын күрделi ауа райы және географиялық жағдайларда, қауiптiлiгi жоғары объектілерде ұйымдастыру және өткізу. Табиғи апаттар, авариялар және апаттар салдарынан зардап шеккендерге жедел жәрдем көрсету сабақтарын ұйымдастыру және өткізу. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде авариялық-құтқару құралдарын пайдалануға оқыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргiзуге құтқарушылардың дайындығының деңгейiн арттыру.
Құтқару бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы және одан тыс
жердегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды дереу жоюға
тұрақты әзiрлiгiн қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрiн
сақтау жөнiнде халық арасында түсiндiрме жұмыстарын жүргiзу.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

591-қосымша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Өрт қауiпсiздiгi саласындағы сынақтарды

талдау және жүргiзу" 050 республикалық бюджеттік

бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 5 000 мың теңге (бec миллион).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласында қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға сәйкес келетiн талаптарды ескере отырып, мемлекеттік, мемлекетаралық, салалық стандарттарды, техникалық шарттарды, құрылыс нормалары мен ережелерiн әзiрлеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi:

1. Мыналар бойынша:

- материалдар мен дайын өнiмдердiң өрт қауiптілігi көрсеткіштерiн анықтау;

- өрт сөндiргіш заттар мен өрттен қорғау материалдарының сапасын анықтау;

- өрттi табу және өшiру техникалық құралдарына;

- өрт сөндiрушiлердi және құтқарушыларды қорғау құралдарына, сондай-ақ шаруашылық объектілеріндегі және авариялық құтқару және өртке қарсы бөлімшелердегi техникаға сынақтар мен зерттеулер жүргiзу.

2. Өрт сөндіргіш заттар мен өрттен қорғау материалдарын, өрт автоматикасы құралдары мен жабдықтарын жобалау, монтаждау және пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, әдiстемелiк ұсынымдар, т.б.) әзiрлеу, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi саласындағы қолданылып жүрген ИСО халықаралық стандарттарымен сәйкес келуiн ескере отырып, оларды сынаудың тәсiлдерiн анықтау.

3. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетiлдiру және дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: 2003
жылы Қазақстан Республикасының мынадай Мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу
және бекіту жоспарланды: "Қабылдау-бақылау құралдары және басқару өрт
сөндiру құралдары. Жалпы техникалық талаптар, Сынау тәсілдерi". "Арнаулы
өрт дабылдау жүйелерi". Жалпы техникалық талаптар. Сынау тәсiлдерi",
"Хабарлау және эвакуацияны басқару өрт техникалық құралдары. Жалпы
техникалық талаптар. Сынау тәсiлдерi", "Өрт туралы хабарлағыштар.
Жіктемелеу. Жалпы техникалық талаптар. Сынау тәсiлдерi".

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

592-қосымша

ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 150ам қаулысымен 592-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасының Төтенше

жағдайлар жөніндегі агенттiгiн Астана қаласына көшiру"

051 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 275 000 мың теңге (екi жүз жетпiс бес миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігін Астана қаласына көшiру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң жедел қызметiн және оған жүктелген мiндеттер мен функциялардың тиiмдi түрде орындалуын қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне жүктелген
функцияларды сапалы және уақытында орындау.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

593-қосымша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Лицензиарлардың функцияларын орындау"

079 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 68 мың теңге (алпыс сегiз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Авариялық-құтқару қызметтерiн, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: адамдардың, материалдық құндылықтардың, халық байлығын және қоршаған ортаның өрт қауiпсiздігін қамтамасыз ету үшiн лицензия беру, аса қауiптi өндiрiстердің авариялық-құтқару қызмет көрсетуiн тиiстi деңгейде ұстау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: лицензиаттың функцияларын бақылау жөніндегі лицензиардың функцияларын жүзеге асыру, мәлiмденген лицензияланатын қызмет түрлерi бойынша лицензия алуға iзденушiлердің кәсiби дайындығын бағалау, шығарылатын немесе сатылатын өрт-техникалық өнiмдерiнің сапасына бақылауды жүзеге асыру, өрт дабылдағышы және өртке қарсы автоматика жүйелерінің жобалау жұмыстарын орындау кезiнде өртке қарсы құрылыс нормасы мен ережесi талаптарын сақтауды және орындауды бақылау, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге лицензиаттың дайындық дәрежесiн, лицензиаттың тиiстi техникаларының, мүлiктерiнiң және жабдықтарының қолда барын және олардың жай-күйiн тексеру, лицензиат құтқарушылардың тиiстi кәсiби деңгейiн, медициналық дайындығын, дене және адамгершiлiк дайындығын бағалау.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары: