2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 584-601 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 24.12.03 ж. № 150ам; 26.12.03 ж. № 150ап қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Қордай ауданындағы су тасқынының

зардаптарын жоюға Жамбыл облыстық бюджетiне берілетiн

мақсатты трансферттер" 400 республикалық бюджеттік

бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 105000 мың теңге (бiр жүз бес миллион).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321 Заңы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгінің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жамбыл облысындағы Қордай ауданында су тасқынының салдарынан зардап шеккен объектілердi қайта қалпына келтiру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттері: Қордай ауданында су тасқынынан туындаған зардаптарды жою үшiн Жамбыл облысының әкімдiгiне берiлген мақсатты трансферттердi бөлу.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:*

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:* Қордай
ауданындағы су тасқынының салдарынан Жамбыл облысы аудандарындағы
жолдарды, көпiрлердi, гидротехникалық құрылыстарды қайта қалпына келтiру.

Ескерту:

Iске асыру жөніндегі iс-шаралар тiзбесi, күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын көрсеткiштердiң саны мен сапасы, республикалық бюджеттен трансферттердi игеру шеңберi тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасында көрсетiлген.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

599-қосымша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн сүйемелдеу"

501 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 11000 теңге (он бір миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық-негiзi: "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды құру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Президенттiң 2001 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы; "Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 қазандағы № 1159 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесiн ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесiн дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: төтенше жағдайлар саласында есеп жүргiзу, төтенше жағдайлар жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесi жөніндегі жалпы жүйелiк құжаттар мен жобалық шешімдердi әзiрлеу, төтенше жағдайлар жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiнiң функционалдық мiндеттерiн автоматтандыру бойынша бағдарламалық құралдар мен техникалық құжаттамаларды сүйемелдеу, функционалдық мiндеттердi шешудiң бағдарламалық құралдарын пайдалану, табиғи апаттар, iрi авариялар мен апаттар жөніндегі мәлiметтер банкінің қызметiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi орталық аппаратының есептеу техникаларының, жергiлiктi есептеу жүйелерiнiң құралдарын монтаждау, жөндеу iске қосу жұмыстары және жүйелi техникалық қызмет көрсету, төтенше жағдайлар жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiнiң аумақтық, ведомстволық және объектілік звеноларын құру жөніндегі жұмыстарды үйлестiру, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң корпоративтік серверi мен электронды поштасын қолдау.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
ақпаратты өңдеу мерзiмiн қысқарту және оны жедел ұсынуды арттыру.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

600-қосымша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасының Төтенше

жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн құру"

601 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 4000 мың теңге (төрт миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық-негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылым жасау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы; "Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 11 қазандағы № 1159 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлар саласындағы мониторингтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң бiрегей ақпараттық жүйесiн құру және дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігiнің корпоративтi желiсінің және жылжымалы басқару пункттерінің аумақтық тораптарын есептеу техникаларымен, телекоммуникациялармен және байланыс құралдарымен жарақтандыру, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң компьютерлiк паркiн және бағдарламалық қамтамасыз етудi жетілдiру.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: төтенше
жағдайлар аудандарындағы жағдай туралы дәл және жедел ақпарат, табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау мүмкiндiгi туралы
болжамды ақпараттар алу, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі
уақытында жүргiзiлген жедел iс-шаралардың есебiнен болуы ықтимал төтенше
жағдайлардың залалдарын төмендету, халыққа көмек көрсету үшiн күштер мен
құралдарды құру мерзiмiн қысқарту және авариялық-қалпына келтiру
жұмыстарын жүргiзу, оларға уақытында хабарлау есебiнен халық шығынын
төмендету.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

601-қосымша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

"Астана қаласының сол жақ жағалауының құрылыстарын тасқын

судың басып қалуынан қорғаудың жобалау-сметалық

құжаттамаларын дайындау"

700 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 165000 мың теңге (жүз алпыс бес миллион).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 574 Жарлығымен бекітілген "Астананы дамыту" 2005 жылғы кезеңге дейiн Астана қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; "Астана қаласының бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласын Есіл өзенiнiң тасқын сулары басып қалуынан қорғау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласын Есіл өзенiнiң тасқын сулары басып қалуынан қорғау жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: "жоба"
деңгейiндегі жобалау-сметалық құжаттаманы 2003 жылы жасау және бекіту және
2004 жылғы құрылыс көлемiне жұмысшы құжаттама әзiрлеу.