2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 220-261 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 23.05.03 ж. № 487; 01.07.03 ж. № 150г; 25.07.03 ж. № 749; 20.10.03 ж. № 150з; 13.11.03 ж. № 1138; 20.11.03 ж. № 1159; 28.11.03 ж. № 150ц қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ұзақтығы
3912 км қызмет көрсетiлетiн учаскелерде кеме қатынасының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету; Шульба ГЭС-iнен Семейге дейiнгi ұзақтығы 75 км учаскеде
арналық iздестiру жұмыстарын жүргiзу; гидротехникалық құрылыстардың
(Өскемен және Бұқтарма шлюздерi) апатсыз жұмысын қамтамасыз ету; су
жолдарының ұзақтығы 3912 км учаскесiнде навигациялық жабдықтар белгiлерiн
қою (алып тастау) және ұстау; 1465 мың текше м көлемiнде түбiн тереңдету
(жер қазу) бойынша жұмыстар; 40 мың текше м көлемiнде түзету жұмыстары;
10700 тонна көлемiнде түбiн тазалау жұмыстары; негiзгi құралдар сатып алу:
радиостанция (1 жинақталым), үрлемелi құтқару салы, моторлы қайық - 3
жинақталым, дизельдер - 2 дана.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 225-қосымша

ҚР Үкіметінің 25.07.03 ж. № 749 қаулысымен 225-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының

Көлiк және коммуникациялар министрлігі

______________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

035 "Азаматтық авиацияға арналған әуе кемелерiнiң, әуе

жолдарының және әуе айлақтарының мемлекеттік тiзiлiмiн

жүргiзу жөніндегі құжаттарды дайындау" республикалық

бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 14 784 (он төрт миллион жетi жүз сексен төрт) мың теңге.

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271 Заңы; "Әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң және Көлiктiк бақылау комитетiнің жеке мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 599 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн арттыру және азаматтық авиация объектілерінiң техникалық ақаулықтарының алдын алу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: әуе кеңiстiгiн пайдалану, әуе қозғалысын ұйымдастыру және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметiнiң мәселелерiн реттейтiн жаңа нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу және қолданылып жүргендерiн жетiлдiру.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер:
азаматтық авиация ұйымдарының халықаралық нормалары мен стандарттарына
жауап беретiн, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласында 16
жаңа нормативтi-құқықтық құжаттарды әзiрлеу. Әуе кемелерiнiң ұшу
қауiпсiздiктерiн қамтамасыз ету және азаматтық авиация объектілерiнiң
техникалық ақауларының алдын алу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 226-қосымша

ҚР Үкіметінің 23.05.03 ж. № 487; 25.07.03 ж. № 749; 13.11.03 ж. № 1138 қаулыларымен 226-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының

Көлiк және коммуникациялар министрлігі

______________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу

және оны қайта жаңарту" республикалық бюджеттік

бағдарламасының 2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 9 824 950 мың теңге (тоғыз миллиард сегiз жүз жиырма төрт миллион тоғыз жүз елу мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық көлiк коммуникацияларына бірiгу үшiн автомобиль жолдарын қайта жаңартуды және салуды жүргiзу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық маңызы бар автожолдарды салу және қайта жаңарту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары: