1. Құны: 251 000 мың теңге (екi жүз елу бір миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық маңыздағы автожолдарды қайта жаңарту жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамамен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту жөнінде жобалық-iздестiру жұмыстарын жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер:
Республикалық маңызы бар "Омбы-Павлодар-Майқапшағай", "Қызылорда -
Жезқазған Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы",
"Бейнеу-Ақжiгiт-Өзбекстан шекарасы", "Ақтау-Атырау", "Астана - Қостанай
Челябинск", "Омбы - Павлодар - Майқапшағай" автожолы Қашыр кентiнің,
-Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы" автожолы Розовка
кентiнің айналма жолы, "Атырау - Ақтау" автожолына мемлекеттік және
экологиялық сараптама жүргiзу автожолдарды қалпына келтiру және салу
жөніндегi белгіленген тәртiппен бекiтілген жобалық-сметалық
құжаттамаларды алу және "Атырау Ақтау" автожолын қайта жаңарту бойынша
жобалау-сметалық құжаттаманы орыс тілінен ағылшын тіліне аудару жөніндегі
жұмыстарды жүргiзу, "Қиғаш" өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысының жобасын
дайындау. Автомобиль жолдарын салу мен қайтадан жаңарту үшiн әзiрленген
және бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың болуы:
Өзбекстан-Қазақстан-Ресей, Қытай Халық Республикасымен,
Ташкент-Шымкент-Орал-Самара, Екатеринбург-Астана-Алматы-Бiшкек,
Астрахань-Атырау-Өзбекстан шекарасы және Түркiменстан халықаралық транзит
дәлiздерінің учаскелерiн қаржыландыру және салу көлемi бойынша негiздеген
есептi алуға мүмкiндік бередi, сондай-ақ Батыс Ciбipдің өнеркәсiптiк
аймақтары, Шығыс Қазақстанның және Қытай Халық Республикасының аймақтар
арасындағы қысқа байланысты қамтамасыз етеді, ол тиiсiнше көршi елдер
арасында жүк айналымының өсуіне әсер етедi, автомобиль жолдарының
техникалық жағдайын жақсартады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 234-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
062 "Республикалық маңызы бар автожолдар мен көпiрлер
жай-күйінің диагностикасы және аспаптық зерттеу"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 35 000 мың теңге (отыз бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық маңыздағы автожолдар желісі бойынша көлік құралдарының үздіксiз және қауіпсiз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында алдағы жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау үшін жолдар мен көпiрлер жай-күйiнің жылсайынғы диагностикасы және зерттеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: автожол және көпiрлердің жай-күйiне зерттеу жүргiзу және де қорытынды түрiнде нәтижелерін ұсыну.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Автожол
және көпiрлердiң жағдайын өз уақытында зерттеу нәтижесiнде автокөлiктiң
үзіліссiз және авариясыз қозғалысы қамтамасыз етiледi, қозғалыстың
қауіпсiздігi артады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 235-қосымша
ҚР Үкіметінің 25.07.03 ж. № 749 қаулысымен 235-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
063 "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлігінiң функционалды мүлкін ұстау республикалық
бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 21 186 мың теңге (жиырма бір миллион жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 5-бабы; "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 28-бабы; "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы; "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбір мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi № 1334 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлiктiк бақылау бекеттерінде бақылаудың тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру және инспекторлық су кемелерiнiң үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаның мiндеттерi: бақылау-өлшеу таразы жабдығын және инспекторлық су кемелерiн ұстау, қызмет көрсету және жөндеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiліп отырған нәтиже:
Бақылау-өлшеу таразы жабдығын (77 бірлiк) және
саны
26 бірлiк инспекторлық су кемесiн (оның iшiнде 8 бірлiк - катер, 18
бірлiк - мотоқайық)
ұстау, профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргiзу, бұл өз
кезегiнде көлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтық параметрлерiн
сақтауына тиiмдi және сапалы бақылау жасауға, көлiктiк және лицензиялық
заңнаманы бұзуларды жедел анықтауға және жолын кесуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 236-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
064 "Астана халықаралық әуежайы" PMK жарғылық
капиталын ұлғайту республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 241 650 мың теңге (екi жүз қырық миллион алты жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік мекеме туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласының әуежайына техникалық қонуға әуе транзитi әлеуетiн арттыру.
5. Бағдарламаның мақсаттары: әуе кемелерiне қызмет көрсету үшiн арнайы техникаларды, сондай-ақ "Астана халықаралық әуежайы" РМК үшiн транзиттiк әуе кемелерiн дәл қондыруды бақылауға арналған жабдықтарды сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтиже: Астана
қаласының әуежайында транзиттi жүк рейстерiн қабылдау үшiн қажеттi
жабдықтармен қамтамасыз етуде лабораториялық, TKW-63 отын құйғыш
жабдықтарды сатып алу жолымен "Астана халықаралық әуежайы" РМК-ның
жарғылық капиталын өсiру; паллеттi тиеу және түсiру лифтiсiн, C690 жербетi
қоректену көзiн, T-800 тiркеп сүйрегiш тракторын, ЖЖМ жүйесiн қайта
жаңарту, жабдықтарды, материалдарды жеткізудi және PAPI глиссад оттары
жүйелерiн монтаждауды, РАРI глиссадтық оттар жүйесiн монтаждау бойынша
жұмыстар жүргiзу - 8 бірлiкте, перронды жөндеу және кеңейтудi, PAPI
жүйелерiне жазда тексеру жүргiзудi сатып алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 237-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
068 "Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнің паспортын дайындау"
республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500 мың теңге (бec жүз мың теңге).
2. Бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының № 284-II (4-баптың 3-тармағы); "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құжаттарын техникалық қорғау туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 маусымдағы № 757-46Қ қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының теңiзшiсi паспортын дайындауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Ұлттық сауда флотының халықаралық кеме қатынасында толыққанды қатысуы үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының теңiзшiсi паспортын дайындау (Теңiзшiнiң ұлттық жеке куәлiгi туралы 1958 жылғы Конвенцияға сәйкес).
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары: