1. Құны: 300 000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы; "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 9-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана қаласымен облыс орталықтары және облыстық деңгейдегi қалалардың арасында әуе байланысын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: iшкi авиабағыттарды субсидиялау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтиже: жалпы
ұзақтығы 525 473 мың қкм iшкi бағыттарда тұрақты жолаушылар тасқынын және
жеткіліктi табыстылық деңгейiн қамтамасыз ету, авиатасымалдарға тарифтiң
құнын орташа есеппен 50% төмендету, жолаушылар тасқынын орташа есеппен 40%
ұлғайту, жолаушылар санын 493 886 адамға жеткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 240-қосымша
ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 150з қаулысымен 240-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
079 "Лицензиарлардың функцияларын орындау"
республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 25827 мың теңге (жиырма бес миллион сегiз жүз жиырма жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы; "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 7-бабы; "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгімен халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары және біліктілік талаптары туралы ереже" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 қаулысы; "Қазақстан Республикасында темір жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауіптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шілдедегi № 714 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауіптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысы; "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 қарашадағы № 1443 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, көлiк-коммуникация кешенiнде лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн құқық беретiн лицензияларды беру бөлiгіндегі функцияларын орындауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: лицензиялар мен өзге де рұқсат құжаттарын беру және лицензиаттардың лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiк талаптарын сақтауды бақылау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер:
көліктiк қызмет көрсету рыногының, әуе кемелерiнің ұшу қауiпсiздiгi және
жиiлiгiн, почта байланысы және телекоммуникациялар объектілерінің қалыпты
жұмыс iстеуi үшiн жағдайды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 241-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 241-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
084 "Астана қаласындағы халықаралық әуежай құрылысының
жобасын iске асыру үшiн "Халықаралық Астана әуежайы"
РМК-ны несиелендiру" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2156000 мың теңге (екi миллиард бір жүз елу алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы жөніндегі заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 19 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары, оның iшiнде Үкiметтiң сыртқы заем қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласындағы әуежайдың техникалық параметрлерiнiң халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету, жолаушыларға сапалы және қолайлы қызмет көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласында әуежайдың жолаушылар терминалын салу, әуежай инфрақұрылымын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Орындалған
жұмыстардың сапасы СНиП және ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы)
нормаларына сәйкес анықталады. Халықаралық және iшкi рейстердiң санын
ұлғайту, ұшу қауіпсiздігін арттыру, халықаралық тәжiрибе мен
технологияларды жергiлiктi мердiгерлiк, жобалау және консультациялық
ұйымдарға беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 242-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Байқоңыр" кешенiнiң жалға алынған мүлiктерiн теңгерiм
ұстаушы - мемлекеттік мекеменiң материалдық-техникалық
базасын дамыту" 207 республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8 721 мың теңге (сегіз миллион жетi жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақ CCP-i Президентінің "Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ ССР-i Yкіметінiң қарамағына көшуi туралы" 1991 жылғы 31 тамыздағы № 410 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1991 жылғы 28 қарашадағы № 742 "Бұрын одақтық бағыныста болған мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдарды Қазақ ССР-нiң мемлекеттік басқару құрамына қабылдау мәселелерi қаулысы; "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптерi мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Келісім; Қазақстан Республикасы Үкіметi мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" кешенiн 1994 жылғы 10 желтоқсандағы жалға алу Шарты; Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлiктi бекіту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 61 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған "Байқоңыр" кешенi мүлiктерiн баланс ұстаушы - мемлекеттік мекемелердiң материалдық-техникалық базасын құру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жалға алынған "Байқоңыр" кешенi мүлiктерiн баланс ұстаушы - мемлекеттік мекемелердiң қызмет жасауы үшiн жабдықтар алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: жалға
алынған "Байқоңыр" кешенi мүлiктерiн баланс ұстаушы - мемлекеттік
мекемелердiң қызмет iстеуi үшiн материалды-техникалық жағдай жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 243-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
301 "Алтынсарин-Хромтау" темір жол желісін республикалық
деңгейде салу" республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7 539 460 мың теңге (жетi миллиард бес жүз отыз тоғыз миллион төрт жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық тұйық темір жол желісiн құру арқылы Қазақстан Республикасының көлiктiк егемендiгiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Алтынсарин-Хромтау" темір жол желісін салуды аяқтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу, технологиялық сүйемелдеу, авторлық
қадағалау. Сонымен қатар жоба-сметалық құжаттамаларға сәйкес жаңа темір
жол желісін салуды жалғастыру: жаңа темір жол желісі; сыртқы қуат
жабдықтау, тұрғын үй-азаматтық объектілерін салу; жер жұмыстары - 7280
мың. м3; көпiр және құбыр құрылғысы - 128 дана.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 244-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
303 "Астана қаласында мемлекеттік органдар үшiн серверлiк
орталық ғимаратын салу" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 215 936 мың теңге (екi жүз он бес миллион тоғыз жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдардың серверлерiн орталықтандыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелеріндегі сенiмдiлiктi және ақпараттық қауiпсiздіктi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік органдар үшiн сервер орталығының ғимаратын салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Сапалық
көрсеткiштерi: жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ғимарат құрылысын салу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 245-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
403 "Семей қаласында Ертіс өзенi астымен өтетiн
коммуникациялық тоннельдің құрылысын аяқтау үшiн Шығыс
Қазақстан облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты
инвестициялық трансферттер" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 193 200 мың теңге (жүз тоқсан үш миллион екi жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық қорының арасындағы заем туралы (Ертіс өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысының жобасы жөнiнде) келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 12 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Ертіс өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысы жобасын iске асыру туралы" 1997 жылғы 4 тамыздағы № 1212 қаулысы; Қазақстан Республикасының "2000-2002 жылдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын бекіту туралы" 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1963 қаулысы.