Одан әрi оларды бірыңғай "Заңды тұлғалар" дерекқорына интеграциялау үшiн Заңды тұлғаларды тiркеудiң барлық жүйелерiн бірыңғай қисынға бірiктiру.
1. Құны: 178 208 мың теңге (жүз жетпiс сегiз миллион екi жүз сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңiстiгiн дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар жабық акционерлік қоғамын құру туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 , "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 ; "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке тұлғаларды тiркеу жүйесiн құрудағы және жұмыс iстеуіндегі үйлестiру.
5. Бағдарламаның мiндеттерi: жеке тұлғалардың бірыңғай кодын енгізу; "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорының жұмыс iстеуi жөніндегі нормативтiк құжаттар әзiрлеу; "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесiн құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Сандық
көрсеткiштер: жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу:
техникалық құралдар - 1 жиынтық; базалық қамтамасыз ету - 1 жиынтық.
Сапалық көрсеткiштер: iске асырылуы жеке тұлғаларды АХЖT, паспорттық
столдарда, әлеуметтiк сақтандыру салаларында, медициналық, зейнетақымен
қамтамасыз ету, салық және басқа қызметтер саласында тiркеудiң барлық
жүйелерiн бірыңғай қисынға бірiктiруге мүмкiндiк беретiн "Жеке тұлғалар"
мемлекеттік дерек қорын" құру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 250-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
604 "Мемлекеттік органдардың электронды құжат айналымының
бірыңғай жүйесiн құру" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 499 540 мың теңге (төрт жүз тоқсан тоғыз миллион бес жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік басқарудың барлық деңгейiнде ақпаратты өңдеудің бірыңғай технологиясын және құжаттарды ұжымдық пайдалану тетiгiнің көмегiмен құжат айналымының бірыңғай идеологиясын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттi басқарудың барлық құрылымдық бөлiмшелерi арасында құжат айналымын құру; басқарудың барлық деңгейiнде ақпаратты өңдеудiң бірыңғай технологиясын пайдалану; ақпараттық ағындарды ұтымды ұйымдастыру, ақпараттың қосарланушылығын болдырмау және оның дұрыстығын, өзектiлігін және қауiпсiздiгiн арттыру; басқарушылық шешiмдердi қабылдау жеделдiгi мен сапасын арттыру; қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды ендiру арқылы, тұтас алғанда, мемлекеттік басқару тиiмдiлiгiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Жабдықтар
мен бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу: 10 мемлекеттік ұйымдар үшiн
жабдық - 10 жиынтық; базалық бағдарламалық қамтамасыз ету - 1 жиынтық.
Сапалық көрсеткiштер: мемлекеттi басқарудың барлық құрылымдық
бөлiмшелерiнің арасында толассыз бірыңғай құжаттар айналымын жасау;
басқарудың барлық деңгейiнде ақпаратты өңдеудің бірыңғай технологиясын
пайдалану; ақпараттық ағындарды ұтымды ұйымдастыру, ақпараттың
қосарланушылығын болдырмау, оның дұрыстылығын, өзектілігін және
қауіпсiздігін арттыру; ақпараттық технологиялардың жетiстiктерiн енгiзiп
басқарушылық шешiмдердi қабылдау жеделдігі мен сапасын арттыру; қазiргi
заманғы ақпараттық технологияларды ендiру арқылы, тұтас алғанда,
мемлекеттік басқару тиiмдiлiгiн арттыру; даярлау процесiн және құжаттармен
жұмысты жетiлдiру есебiнен мемлекеттік қызметшiлердің еңбек өнімділігін
арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 251-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
605 "Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 254 140 мың теңге (екi жүз елу төрт миллион жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысы.