1. Құны: 24 063 мың теңге (жиырма төрт миллион алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкiметінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысы; "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республика ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарының тұрақты және үзiлiссiз жұмысы үшiн жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн құру және жүргiзу; мемлекеттік органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiн және жекелеген бағдарламалық өнiмдерiн сараптау және бағдарламалар мен деректер базасын сертификаттау жүйесiн құру және қолдау; құжаттама депозитарийлерінің және мемлекеттік ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерінің кодтарын құру және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: iске
асырылуы мыналарға ықпал ететiн ақпараттық-телекоммуникациялық
ресурстардың жай-күйi мониторингi жүйесiн құру:
- мемлекеттік және жеке меншік ақпараттық ресурстар туралы ақпаратқа тең құқықты регламенттiк қол жеткізудi қамтамасыз ету;
- әзiрленетiн ақпараттық жүйелердің сапасын арттыру, ақпараттық технологияға мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар инвестициялайтын қаражатты тиiмді пайдалану;
- мемлекеттік тiркелiм деректерiн тұрақты талдау негiзiнде ақпараттық ресурстардың қауiпсiздiгiн және қорғалуын қамтамасыз ету;
- ақпараттық жүйелердi бағдарламалық қамтамасыз етудің сақталуын және таралуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 253-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
610 "Қазақстанның ресурстары" мемлекеттік дерекқорын құру"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003-2005 жылдарға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14 016 мың теңге (он төрт миллион он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 , "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 ; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 , "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Қазақстанның ресурстары" дерекқорын құру және жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: прогрессивтi ақпараттық технологияларды қолданумен Қазақстанның ресурстарын пайдалануды бақылауды және басқаруды жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 2003 жылға
сандық көрсеткiштер: "Қазақстанның ресурстары" мемлекеттік дерекқорын
құру" жөнiнде техникалық тапсырысты әзiрлеуге арналған ғылыми-зерттеу
жұмыстары туралы есеп. Сапалық көрсеткiштер: Осы бағдарламаны iске асыру
нәтижесiнде бюджетке түсiмнiң артуы күтiлетiн, Қазақстан Республикасының
экономикалық және әлеуметтiк дамуының ұзақ мерзiмдi болжамын жасаудың
кеңейтiлген ақпараттық негiзiн жасауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 254-қосымша
ҚР Үкіметінің 25.07.03 ж. № 749 қаулысымен 254-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
700 "Астана қаласының Халықаралық әуежайындағы ұшу-қону
жолағын қайта жаңарту" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 515 588 (бip миллиард бес жүз он бес миллион бес жүз сексен сегiз) мың теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласының әуежайында ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаның мiндеттерi: Әуежайдың жасанды ұшу-қону жолағының жамылғысын қайта жаңарту (күшейту) және жарық сигналы жабдықтарын қайта орнату.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтиже: белгiленген
тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ұшу-қону жолағын
қайта жөндеуді аяқтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 255-қосымша
ҚР Үкіметінің 23.05.03 ж. № 487; № 749 қаулыларымен 255-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмгері
707 "Республикалық маңызы бар автожолдарды орташа жөндеу"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3 700 000 мың теңге (үш миллиард жетi жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық маңызы бар автожолдар бойынша қауіпсiз және үздiксiз жүрудi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық маңызы бар автожолдарда орташа жөндеу жөнiнде жұмыстар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу
жолдардың одан әрi бұзылуын тоқтатуға, республика аймақтарының арасындағы
көлiк қатынасының техникалық жағдайын қолдауға және қамтамасыз етуге
мүмкіндік бередi және 1473 км орташа жөндеулердi, көпiр және құбырлар 18
дана, бұл автокөлiк тасымалдарының құнын төмендетуге, қозғалыс
қауіпсiздігін арттыруға әкелiп соқтырады. Жұмыстың орындалуын және сапасын
Қазақстан Республикасындағы жалпы қолданылатын автожолдарды пайдалану
кезiндегі жіктеуге және орташа жөндеу бойынша жұмыстарды қабылдау
нұсқаулығына сәйкес Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы
комитетiнiң аумақтық органдары бақылайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 256-қосымша
ҚР Үкіметінің 23.05.03 ж. № 487; 28.11.03 ж. № 150ц қаулыларымен 256-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
708 Республикалық маңызы бар автожолдарды күрделi жөндеу