2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 220-261 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 23.05.03 ж. № 487; 01.07.03 ж. № 150г; 25.07.03 ж. № 749; 20.10.03 ж. № 150з; 13.11.03 ж. № 1138; 20.11.03 ж. № 1159; 28.11.03 ж. № 150ц қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 850 020 мың теңге (сегіз жүз елу миллион жиырма мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегі Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық маңызы бар автожолдар бойынша көлiк құралдарының қауiпсіз және үздіксiз жүруiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделi жөндеу жүргiзу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер:
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделi жөндеу, бұл жолдардың
одан әрi бұзылуын тоқтатуға, республика аймақтарының арасындағы көлiк
қатынасының техникалық жағдайын сүйемелдеуге және қамтамасыз етуге және
26,54 км автомобиль жолдарын және 7 дана көпiрдi күрделi жөндеуге
мүмкiндiк бередi, бұл автокөлiк тасымалдарының құнын төмендетуге, қозғалыс
қауiпсiздiгiн арттырады. Жұмыстар сапасын күрделi жөндеу бойынша
жұмыстарды қабылдау нұсқаулығына сәйкес Автомобиль жолдары және
инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнің аумақтық органдары бақылайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 257-қосымша

Қазақстан Республикасының

Көлiк және коммуникациялар министрлігі

______________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

709 "Радиожиiлiк спектрi және радиоэлектрондық құралдар

мониторингi жүйесiн сүйемелдеу" республикалық бюджеттік

бағдарламасының 2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 12 824 мың теңге (он екi миллион сегiз жүз жиырма төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсiздiгiн қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: радиожиiлiк спектрiнің мониторингi жүйесiнің үзіліссiз қызметiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: радиобақылау және радиоөлшеу жабдығын аттестаттау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
радиобақылау және радиоөлшеу жабдығын аттестаттау - 100 дана; жабдықты
метрология мен стандарттау талаптарына жауап беретіндей техникалық ақаусыз
күйде ұстау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 258-қосымша

Қазақстан Республикасының

Көлiк және коммуникациялар министрлігі

______________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

710 "Байқоңыр" кешенiнің жалға берiлген мүлкiн есепке алу"

республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 6 689 мың теңге (алты миллион алты жүз сексен тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдардың Қазақ CCP-i Үкiметінің қарамағына көшуi туралы" Қазақ ССР-i Президентiнің 1991 жылғы 31 тамыздағы № 410 Жарлығы; "Бұрын одақтық бағыныста болған мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдарды Қазақ CCP-i мемлекеттік басқару органдарының қарамағына қабылдау мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1991 жылғы 28 қарашадағы № 742 қаулысы; 1994 жылғы 28 наурыздағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi принциптерi мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісім; 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Yкіметі мен Ресей Федерациясы ?кіметінің арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шарты; "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 Заңы; "Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлiктi бекіту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 61 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының Үкіметі жалға алған "Байқоңыр" кешенi мүлiктерiнің есебi.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының жалға алған "Байқоңыр" кешенi мүлiктерiне бухгалтерлiк есеп жүргiзу, есептеу және түгендеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаларын орындалуынан күтiлетiн нәтиже:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының Үкіметі
жалға алған "Байқоңыр" кешенi мүліктерiнің есебi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 259-қосымша

ҚР Үкіметінің № 749 қаулысымен 259-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының

Көлiк және коммуникациялар министрлігі

______________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

"Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды

даярлау" 711 республикалық бюджеттік бағдарламасының

2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 7 083 мың теңге (жетi миллион сексен үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерлiгiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржылары.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ю.А. Гагарин атындағы Ресейлiк ғарышкерлердi даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында (Мәскеу қ.) халықаралық ғарыш станциясында ұшу және ғарыштық зерттеулер мен тәжiрибе жасаудың қазақстандық бағдарламасының орындалуы үшiн Қазақстан Республикасының екi ғарышкерiн оқыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: екi ғарышкерге кандидаттың Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығына (Мәскеу қ.) келу және оқу мерзiмiн өтеу жағдайларын қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
ғарышкерлікке кандидаттардың бірiншi жыл оқудың жалпығарыштық дайындығы
мен келесi кезеңге өтуге әзiрлiк деңгейiнің сәйкестiгi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына 260-қосымша

ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 20.11.03 ж. № 1159 қаулыларымен 260-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының

Көлiк және коммуникациялар министрлігі

______________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмгері

714 "Алматы-Астана автожолын қалпына келтiру"

республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 7347216 мың теңге (жетi миллиард үш жүз қырық жетi миллион екi жүз он алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің арасындағы заем туралы келісімдi (Жол көлiгi саласын қайта құрылымдау жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 446-І Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкi арасындағы Алматы-Гүлшат жолының жобасына арналған заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 28-II Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Сауда Даму Қоры арасындағы, 2000 жылғы 1 қарашаға сәйкес келетiн, Қыжыраның 1421 жылғы Шабан айының 5 күнi жасалған заем туралы келісімдi ("Қарағанды-Астана жолының" жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 наурыздағы № 170 Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қарағанды - Астана автожолының соңғы учаскесiн (Вишневка мен Астана арасындағы IV секция) қайта жаңарту туралы Истисна А келісімiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 қарашадағы № 102 Заңы; "2001 жылғы 28 сәуiрде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Абу-Даби Даму Қорының арасындағы Қарағанды-Астана жолының құрылысын қаржыландыруға арналған заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 шiлдедегi № 229 Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты, соның iшiнде үкiметтiң сыртқы заем қаражаттары.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазақстандағы тиiмдi жол желісін және жол көлiгiн дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық маңызы бар автомобиль жолының басым учаскелерiн қалпына келтіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: