7. Бюджеттік бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер:
Алматы-Астана автожолын қалпына келтіру. Орындалған жұмыстардың сапасы
тендерлiк құжаттар ерекшелiктерiне сәйкес анықталады. Автожолдардың
сапалық жағдайын жақсарту, қазақстандық жол ұйымдарының
материалдық-техникалық жарақталу деңгейiн көтеру, олардың автожолдарды
ұстау және ағымдағы жөндеу үшiн қазiргі заманғы жабдықтарын қамтамасыз
етiлуi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 261-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 261-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмгері
715 "Алматы-Бiшкек автожолын оңалту"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3351372 мың теңге (үш миллиард үш жүз елу бip миллион үш жүз жетпiс екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 288 Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы заем (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы-Бiшкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрамдас бөлiк) туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 289 Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты, соның ішінде үкiметтің сыртқы заем қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында тиiмдi жол желісін және жол көлiгiн дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттары бойынша Қордай асуындағы автожолдардың және күрделi учаскелердің жағдайын жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Алматы-Бiшкек автомобиль жолын қалпына келтiру. Жол бойында орналасқан
аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың жақсаруы отандық
жол-құрылыс, жобалау және консультациялық ұйымдардың жұмысты
ұйымдастырудың озық әлемдiк тәжiрибесiн игеруi.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 261-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 бұйрығына
261-1 қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
________________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
716 "Бурабай-Көкшетау-Петропавл автомобиль жолын оңалту"
республикалық бюджеттік бағдарламасының 2004 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2 415 мың теңге (екi миллион төрт жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 2003 жылғы 6 маусым № 610 .
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты, соның iшiнде үкіметтің сыртқы заем қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында тиiмдi жол желісін және жол көлiгiн дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттары бойынша Қордай асуындағы Бурабай-Көкшетау-Петропавл автожолдарының аса маңызды учаскелерiн қайта жаңарту және автомобиль жолдарының техникалық жағдайын арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Бурабай-Көкшетау Петропавл автомобиль жолдарын қалпына келтiру. Жол
бойында орналасқан аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың жақсаруы
отандық жол-құрылыс, жобалау және консультациялық ұйымдардың жұмысты
ұйымдастырудың озық әлемдiк тәжiрибесiн игеруi.