2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 27-66 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 20.12.03 ж. № 150аз; 20.12.03 ж. № 150аи қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасының ішкі iстер органдарын арнаулы орта білiмi бар
біліктi мамандармен жоспарлы түрде қамтамасыз ету: Ақтөбе заң колледжiнiң
күндiзгi бөлiмiнен 150 бірлiк, сырттай бөлiмiнен 75 бірлік; Шымкент заң
колледжінің күндiзгi бөлiмiнен 155 бірлiк, сырттай бөлiгiнен 100 бірлiк;
Семей заң колледжiнiң күндізгі бөлімінен 159 бірлiк, сырттай бөлiмiнен 80
бірлiк; Алматы заң колледжiнiң күндiзгi бөлiмiнен 70 бірлік, сырттай
бөлiмiнен 47 бірлiк.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

31-қосымша

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау"

деген 009 республикалық бюджет бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 989 487 мың теңге (тоғыз жүз сексен тоғыз миллион төрт жүз сексен жетi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнің Жоғары әскери училищесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Академиясы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 675 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 сәуірдегі № 348 қаулысы; "Құқық қорғау органдары үшiн кадрлар даярлауды құқық қорғау органдарының қызметiн және үкiметтiк байланыс әскерлерi әскери қызметшілерiн әлеуметтiк қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi № 1427 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлер үшiн кадрлар дайындау жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарына жүктелген функциялардың орындалуына барынша тиiмдi қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету, терең гуманитарлық, заңгерлiк арнаулы білімi бар кадрлардың қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарын жоғары кәсiби деңгейде ұйымдастыру.

5. Бюджеттік бағдарламалардың мiндеттерi: Iшкi iстер органдары қызметiнiң өзектi проблемаларына фундаменталды және қолданбалы зерттеулердi жүргiзу және алынған нәтижелердi iшкi iстер органдарының оқу процесi мен тәжiрибесiне енгізу мақсатында iшкi iстер органдары үшiн мамандар дайындау жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарына жүктелген функцияларды орындау үшiн оларды ұстау; оқу, ғылыми, оқу-әдiстемелік және анықтамалық-ақпараттық әдебиеттердi дайындау; оқу-тәрбие процесiне ұдайы және ауыспалы құрамның белсендi қатысуын ынталандыру жүйесiн әзiрлеу және енгізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын және iшкi әскерлерiн
жоғары біліктiлiктi мамандармен жоспарлы түрде қамтамасыз ету: Қазақстан
Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қостанай заң институтының күндiзгi
бөлiмiнен 176 бірлiк, сырттай бөлiмiнен 238 бірлiк; Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi Жоғары әскери училищесiнiң
күндiзгi бөлiмiнен 159 бірлiк; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлігі Академиясының күндiзгi бөлiмiнен 349 бірлiк, сырттай бөлiмiнен
426 бірлiк; Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қарағанды заң
институтының күндiзгi бөлiмiнен 185 бірлiк, сырттай бөлiмiнен 148 бірлiк.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

32-қосымша

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Кадрлардың біліктiлiгiн жоғарылату

және оларды қайта даярлау" деген 010 республикалық

бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 34 285 мың теңге (отыз төрт миллион екi жүз сексен бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерiнiң бірыңғай еңбекақы жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдарды және Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн кәсiби даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 мамырдағы № 847 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік iссапарлары туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi iстер органдарының жеке құрамын бастапқы даярлықтан өткізу, қатардағы, кішi және орта құрамның біліктілігiн жоғарылату және оларды қайта даярлау, бөлiмшелер iшкi iстер органдарына қатардағы, кiшi және орта басшы құрам лауазымдарында қызмет өткеруге ұсынған әскери емес азаматтарды бастапқы дайындықтан өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Кәсiби дайындау училищесiне жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн оның қызметiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Кәсiби дайындау училищесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн оны ұстау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Кәсiби даярлау
училищесiнiң жоспарлы: 600 бірлiктi құрайтын бастапқы дайындау
курсанттарын; 300 бірлiктi құрайтын біліктiлiгiн жоғарылату тыңдаушыларын;
100 бірлiктi құрайтын кадрларды қайта даярлау тыңдаушыларын оқытудағы
негiзгi мiндеттердi сапалы әрi уақытында орындауы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

33-қосымша

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Әскери қызметшілердi, құқық қорғау

органдарының қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн

емдеу" деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 121 539 мың теңге (бip жүз жиырма бір миллион бес жүз отыз тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығы туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерiнің бірыңғай еңбекақы жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы ішкі iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1433 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы тәртіптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi iстер органдарының және iшкi әскерлерiнің әскери қызметшiлерi мен қызметкерлерiне, олардың бірге тұратын отбасы мүшелерiне және iшкi iстер органдарының зейнеткерлерiне кешендi біліктi, мамандандырылған, кеңестiк-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Емханалы орталық госпиталiне жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: аурулардың барлық түрлерiн, мүгедектiктi және өлiмдi кемiтуге бағытталған профилактикалық iс-шаралардың кешенiн ұйымдастыру және жүргiзу жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Емханалы орталық госпиталiнiң аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн оны қамтамасыз ету; қазiргi заманғы емдеу-диагностикалық жабдықтарымен жарақтандыру, профилактика, диагностика және емдеу жұмысының озық түрлерi мен тәсiлдерiн зерттеу және енгізу; салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру және жүргiзу; дәрiгерлердiң және орта буындағы медициналық қызметкерлердiң біліктiлiгiн жоғарылату; құқық қорғау органдарын қолайлы жасақтау мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық және iс жүзіндегі шараларды жүргiзу ведомстволық медициналық және әскери-медициналық мекемелердегi емдеу-диагностикалық жұмыстардың ұйымдастырылуын, жүргiзiлуiн және олардың нәтижелерiн әскери-дәрiгерлiк сараптау материалдарын бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің бөлiмшелерiнде iс жүзіндегі санитарлық заңнаманың, санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның ластануын болдырмауға және жоюға бағытталған санитарлық iндетке қарсы шараларды даярлау және жүзеге асыру; iшкi iстер органдарының және iшкi әскерлер қызметкерлерiнің, олардың отбасы мүшелерiнің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң арнаулы мекемелерiнде ұсталатын арнайы контингенттiң денсаулығын нығайту үшiн жағдай жасау; iшкi iстер органдарының әскери қызметшiлерi мен қызметкерлерiне, олардың бірге тұратын отбасы мүшелерiне және iшкi iстер органдарының зейнеткерлерiне "Қазақстан" емдеу кешенi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны көрсететiн медициналық қызмет үшiн ай сайын ақша төлеу.