1. Құны: 50 906 мың теңге (елу миллион тоғыз жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Iшкiісминінiң әскери, арнайы және өзге де тасымалдауларын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: әскери, арнайы және өзге де тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; әскери эшелондардың, көлiктердің және басқа да сандық бірлiктердiң жылдам жүруiн және оларды тәуліктік бақылауды қамтамасыз ету; сот мәжілістерiнiң болмай қалуына жол бермеу; сотталғандардың жаза өтеуi бойынша сот қаулыларын уақытында орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасының аумағында әскери және мемлекеттік әскери
тасымалдаулардың қозғалыс кестесінің орындалуын және олардың қауіпсiздiгiн
қамтамасыз ету; қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына
сәйкес арнайы контингенттiң тасымалдануын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
46-қосымша
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарын
мемлекеттік тiркеуге алу үшiн құжаттарды, нөмiрлiк белгiлердi
әзiрлеу" деген 050 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 275 109 мың теңге (бip миллиард екi жүз жетпiс бес миллион бір жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жол қозғалысы қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүргiзушiлердiң және көлiк құралдарының жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру жөніндегі заңнамада белгiленген мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламалардың мiндеттерi: мемлекеттік тiркеудің нөмiрлiк белгiлерiн, көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiктер мен жүргiзушi куәлiктерiн қоса алғандағы жол полициясының арнайы өнiмдерiн әзiрлеудi және өткізудi ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
жүргiзушiлердің және көлiк құралдарының жол қозғалысына қатысуына рұқсат
беру жөніндегі заңнамада белгiленген мемлекеттік функцияларды iске асыру.
Жол полициясының арнайы өнiмдерiн әзiрлеу: автомобильдерге арналған
мемлекеттік тiркеудің нөмiрлiк белгілерi - 213387 бірлiк, мотокөлiк және
автомобиль тiркемелерiне арналған мемлекеттік тiркеудің нөмiрлiк белгiлерi
- 39128 бірлiк, көлiк құралдарын айдап әкелуге арналған мемлекеттік
тiркеудің нөмiрлiк белгiлерi (транзит) - 4593 бірлiк, көлiк құралдарын
тiркеу туралы куәлiктер - 251727 бірлiк және жүргiзушi куәлiктерi - 228819
бірлiк.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
47-қосымша
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлігінің iшкi iстер органдарын және ішкі әскерлерiн
материалдық-техникалық ресурстармен, әскери техникамен
және арнайы құралдармен қамтамасыз ету" деген 052
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 30 090 мың теңге (отыз миллион тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жекелеген мәселелерi туралы" 2002 жылғы 5 шiлдедегi № 723 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.