Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы
Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы
шарт
(Астана қ., 2001 ж. 16 қарашада)
2003 ж. 2 шілдедегі № 453-11 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шарт бекітілді
Бұдан әрi Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы,
достық пен тату көршiлiк, өзара құрмет тұту және тең құқылық рухында,
екi мемлекеттiң тәуелсiздiгiн, егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, шекараларының мызғымастығын құрмет тұту, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, өзара түсiнiстiк және өзара сенім бiлдiру қағидаттарының негiзiнде,
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мемлекеттік шекара сызығының (бұдан әрi - Мемлекеттік шекара) өтуiн нақтылау және анықтау мақсатында,
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы 1998 жылғы 31 қазандағы шарттың ережелерiне сәйкес,
барлық егемендi мемлекеттердiң өздерiнiң мемлекеттік шекараларын тиiстi түрде қорғау үшiн қажеттi шаралар қабылдайтын ажырамас құқығын тани отырып,
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiр-бiрiне қандай да бiр аумақтық талаптары жоқ екенiн растай отырып,
Мемлекеттік шекарада халықаралық құқықтық режимдi қолдау қажеттiгiн назарға ала отырып,
бақылаудың шекаралық, кедендiк, санитариялық және басқа да қажеттi нысандарын қамтамасыз ету мақсатында,
халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей қабылданған нормаларына сәйкес,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасы және Өзбек Кеңес Социалистiк Республикасы арасындағы әкiмшiлiк-аумақтық межелеу негiзiнде Мемлекеттік шекара сызығының өтуiн белгiледі.