2003 жылға арналған
"Киiктiң кәсiпшiлiк санын қалпына келтiру"
728 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50 000 мың теңге (елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жануарлар әлемiн сақтау, өз төлiнен өсiру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 17-19 баптары; "Республикада жыртқыштардың жекелеген түрлерiнiң санын реттеу жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегi № 1230 қаулысы; "Киiктi қорғау және өз төлiнен өсiру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 19 шiлдедегi № 980 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: популяциялардың қалыпты экологиялық-генетикалық құрылымы сақталғанда танаптардың сыйымдылығын ескерiп киiктiң оңтайлы санын көбейтiп қолдау, экологиялық-биологиялық тепе-теңдiктiң сақталуын ескерiп қасқыр атуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: киiктiң кәсiпшiлiк санына қол жеткізу мақсатында табиғи бостандық жағдайында киiк түрiнiң және үйiр тұтастығының сақталуы, қасқыр ату.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬───────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼───────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴───────────────
1 728 Киiктiң
кәсiпшiлiк
санын
қалпына
келтiру
030 Киiктiң Республика аумағында Жыл Қазақстан
санын төлдеу орындарында бойында Республикасы
қалпына және басқа маусымдық Ауыл шаруа-
келтiру топталу орындарында шылығы мини-
киiктi сақтау стрлігінің
Орман және
аңшылық ша-
руашылығы
комитеті
031 Қасқырлар- Жалпы саны 2000 бас І, IV Қазақстан
дың санын қасқыр ату- тоқсан Республикасы
реттеу Ауыл шаруа-
шылығы мини-
стрлiгiнiң
Орман және
аңшылық
шаруашылығы
комитетi
────────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтілетiн нәтижелерi: киiктiң саны азаюын тоқтату, қасқырдың санын азайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 177 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Cу беруге байланысты емес республикалық
маңызы бар су шаруашылығы объектiлерiн пайдалану"
729 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 870 740 мың теңге (бec жүз жетпiс миллион жеті жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжiкстан Республикасы және Түрiкменстан Республикасы арасындағы мемлекетаралық су ресурстарының көздерiн пайдалану мен қорғауды бiрлесiп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы 1992 жылғы 18 ақпандағы Келісім; Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Yкіметі арасындағы Саратов және Палласов каналдарының трансшекаралық су шаруашылығы объектілерiн бiрлесiп пайдалану және қорғау туралы 1992 жылғы 27 тамыздағы Келісім; "Агроөнеркәсiп кешенi салаларын несиелеу және мемлекеттік іс-шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шектес мемлекеттер бiрлесiп пайдаланатын объектiлермен қоса су беруге байланысты емес су шаруашылығы объектiлерiнiң үзiлiссiз жұмысын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: су бөгендерiнде, су тораптарында, бөгеттерде және су беруге байланысты емес өзге де пайдалану iс-шараларын және жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының оңтүстiк аймағына су беру мақсатында Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының трансшекаралық өзендерiне орналасқан су шаруашылығы объектiлерiн ұстаудағы Қазақстан Республикасының қатысу үлесi. Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан су беру жөніндегі шығынды өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬──────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼──────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴──────────────
1 729 Су беруге - ақаулық тiзiмдеме- Жыл Қазақстан
байланысты лерiмен қоса су ша- бойында Республика-
емес респуб- руашылығы объектi- сының Ауыл
ликалық ма- лерi мен құрылыстар- шаруашылығы
ңызы бар су ының техникалық жай- министрлігі-
шаруашылығы күйiн зерттеу; нің Су ре-
объектiлерiн - құрылыстардың электр- сурстары
пайдалану қуатты, механикалық, жөніндегі
көтергiш-көлiктiк комитеті
жабдықтарды, су то-
раптарының металл
жапқыштарын, байланыс
жүйелерi мен электр
желiлерiн, сондай-ақ
өндiрiстiк үй-жайларды;
гидротехникалық құры-
лыстардың төменгi
бъефтерi мен беткей-
лерiн пайдалану және
жөндеу, каналдар мен
су бөгендерiнiң
беткейлерiн бекіту,
бөгетшелердi күшейту
және су шаруашылығы
объектiлеріндегі өзге
де жөндеу жұмыстары,
каналдарды тазарту;
- реттеушi, тасқынға
қарсы, шуға қарсы
жұмыстарды жүргiзу;
- су бөгендерiнiң
параметрлерiн нақтылау
жөніндегі жұмыстарды
жүргiзу;
- гидротехникалық
құрылыстарды күзету;
- Қырғыз Республикасының,
Өзбекстан Республика-
сының трансшекаралық
өзендерiне орналасқан
су шаруашылығы
объектілерін ұстауға
қатысу үлесi;
- Ресей Федерациясынан
су беруге байланысты
шығынды өтеу.
───────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтiлетiн нәтижелерi: су шаруашылығы объектiлерiн пайдалану ережелерiне сәйкес уәкiлеттi орган анықтаған тiзбе бойынша су шаруашылығы объектiлеріндегі тұрақты жұмыс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 178 қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 178-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
_____________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған
"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал
теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау жобасы"
730 бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2 157 108 мың теңге (екi миллиард бiр жүз елу жетi миллион бiр жүз сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу жобасы және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза) жобасын қаржыландыру үшiн Халықаралық Жаңғырту және Даму Банкiсiнiң займын тарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 қазандағы № 1342 қаулысы.
3. Бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржылары оның iшiнде Үкiметтiң сыртқы заем қаржылары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтап қалуды қамтамасыз ету, Сырдария өзенi атырауының су ресурстарын қалпына келтiру, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi арттыру және балық шаруашылығын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі су деңгейiн тұрақтандыру, Сырдария өзенi арнасынан су өтiмiн жiберудi реттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары: