7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтiлетiн нәтижелерi:
Қостанайлық жылқы тұқымының қолданыстағы аталық iздерi мен тұқымдастарының шаруашылық-пайдалы сипаттарын одан әрi үйлестiруге қол жеткізу;
жаңа селекциялық жетiстiк ретiнде қостанайлық жылқы тұқымының жаңа зауыттық аталық iзiн алдын ала бақылаудан өткізу;
негiзгi шаруашылық-пайдалы сипаттары: ширақтық, дене бiтiмi мен экстерьерi, дистанциялығы бойынша агомогендiк және гетерогендiк таңдау кезiнде таза қанды мiнгi айғырлар мен қостанайлық биелердi оңтайлы пайдалану;
аламан бәйге, жорға жарыс, көкпар бағыттары бойынша ат жарату бөлiмдерiн одан әрi мамандандыру.
1. Құны: 4 500 мың теңге (төрт миллион бес жүз мың теңге);
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: метеопараметрлерге, топырақтың ылғалдылығына, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жағдайы мен өнiмділігiне байқаулар жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: метеопараметрлердің өзгеруiн, топырақ ылғалдылығының жағдайын дер кезiнде болжау, дала жұмыстары басталуы алдындағы топырақтағы ылғалдың запастарын бағалау және болжау, егіс мерзiмдерiн болжау, дәнді дақылдарды жинаудың агрометеожағдайларын болжау, агрометеорологиялық көрсеткiштердi өткен жылғымен салыстырмада талдау, танаптарда қар жиналу жағдайын талдау және басқалары.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтіліп отырған нәтижелер:
агрометеопараметрлердiң жағдай мен болжамы жөнiнде жедел ақпарат,
сондай-ақ ceбу, жинау мерзiмдерi, басқа да көрсеткiштер жөніндегі
ұсыныстар ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге агротехнологиялық
iс-шараларды болып тұрған топырақ-климаттық жағдайларды ескере отырып
оңтайлы мерзiмдерде жүргiзуге мүмкіндік бередi және ауыл шаруашылығы
дақылдарының өнiмділігі мен жалпы өнімін арттыруды қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 189 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Өсiмдiктер мен жануарлардың тектiк
ресурстарының ұлттық қоймасы құрылысының техникалық-экономикалық
негiздемесін әзiрлеу"
743 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 000 мың теңге (төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен жануарларының тектiк қорын сақтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғылыми кешен (үлгiлердi сақтауға арналған блоктарымен негiзгi корпус, зертханалар, теплицалар, санитарлық-карантиндiк аймақтар, шағын зауыттар, қосалқы үй-жайлар, тұрғын-үй өндiрiстiк объектілер) жасау мақсатында Өсiмдiктер мен жануарлардың тектік ресурстарының ұлттық қоймасы құрылысының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬──────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼──────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴──────────────
1 743 Өсiмдiктер Өсiмдiктер мен жану- Жыл Қазақстан
мен жануар- арлардың тектiк ре- бойында Республика-
лардың тек- сурстарының ұлттық сының Ауыл
тiк ресурс- қоймасы (үлгілерді шаруашылығы
тарының сақтауға арналған министрлігі
ұлттық блоктарымен негiзгi
қоймасы құ- корпус, зертханалар,
рылысының теплицалар, санитар-
техникалық- лық-карантиндiк
экономика- аймақтар, шағын
лық негiз- зауыттар, қосалқы үй
демесiн -жайлар, тұрғын-үй
әзiрлеу. өндірістік объектілер)
құрылысының техника-
лық-экономикалық
негiздемесiн әзiрлеу.
───────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтiлетiн нәтижелерi: Өсiмдiктер мен жануарлардың тектiк ресурстарының ұлттық қоймасының құрылысын техникалық-экономикалық негiздеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 190 қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 190-қосымша алынып тасталды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi
ақпараттық-консультациялық қызметпен қамтамасыз ететiн
заңды тұлғаларды несиелеу" 800 республикалық бюджеттік
бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 290 000 мың теңге (екi жүз тоқсан миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттi атқару және есеп беру (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын енгізу жөніндегі қаржылық процедуралардың ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 мамырдағы № 832 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi және басқа да аграрлық рынокқа қатысушыларды талдамалы және маркетингтiк ақпаратпен шұғыл қамтамасыз ету жолымен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ауылдық жерлерде тiкелей ақпараттық-консультациялық орталықтар құруға және одан әрi дамытуға, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң нарықтық ақпаратқа қол жеткізуiн қамтамасыз ету, "on-lin" режимiнде ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң саудасын жүзеге асыру жолымен "электронды биржа" жобасын iске асыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi компьютерлiк сауаттылыққа оқытуға, нарық жағдайында өздерiнiң өндiрiстiк қызметiн жоспарлауға.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬────────────── N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼────────────── 1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 ─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴────────────── 1 800 Ауыл шаруа- Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
шылығы тау- касының Үкіметі бе- бойында Республика-
арын өндi- кiткен Ауыл шаруашы- сының Ауыл
рушiлердi лығы тауарын өндiру- шаруашылығы
ақпараттық- шiлердi ақпараттық- министрлігі
консульта- консультациялық қыз-
циялық қыз- метпен қамтамасыз
метпен қам- ететiн заңды тұлға-
тамасыз ларды бюджеттік
ететiн несиелеу жағдайын
заңды анықтау;
тұлғаларды Қарызгер банкты
несиелеу анықтау мақсатында
конкурс өткізу;
- заңнамада белгілен-
ген тәртiпке сәйкес
несиелiк ресурстар
бөлу
───────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтiлетiн нәтижелерi: мемлекеттік органдардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң ақпаратпен қамтамасыз етiлу деңгейi - 100 %; қаражаттың мақсаты, тиiмдi пайдалану және республикалық бюджетке дер уақытында қайтарылуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 191 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу
кәсiпорындары үшiн жабдықтар лизингiн ұйымдастыру"
802 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500 000 мың теңге (бec жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттi атқару және есеп беру (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөніндегі қаржылық процедуралардың ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 мамырдағы № 832 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: технологиялық жабдықтарды лизингке беру, отандық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттілігiн арттыру, оның сапасын жақсарту және өнiм түрлерiн көбейту, жаңа технология мен техниканы енгізу жолымен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындарын қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындарына кейiн лизингке беру үшiн жабдықтар сатып алуды несиелеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬──────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼──────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴──────────────
1 802 Ауыл шаруа- Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
шылығы өнiм- касының Yкіметі бе- бойында Республика-
дерiн қайта кiткен лизингтiк сының Ауыл
өңдеу кәсi- негiзде ауыл шаруа- шаруашылығы
порындары шылығы өнiмдерiн министрлігі
үшiн жабдық- қайта өңдеу кәсiпо-
тар лизингiн рындарын жабдықтар-
ұйымдастыру мен қамтамасыз ету
мақсатында бюджеттік
несиелеу жағдайын
анықтау;
Қарызгер банкты
анықтау мақсатында
конкурс өткізу;
Қазақстан Республи-
касы Үкіметінiң
қаулысымен бекітіл-
ген ауыл шаруашылығы
өнiмдерiн қайта
өңдеу кәсiпорындарын
несиелеу ережелерiне
сәйкес несиелеу
қаражаттарын бөлу.
───────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтiлетiн нәтижелерi: ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң импортына отандық экономиканың дағдарысты тәуелдiлiгiн еңсеру, өндiрiстi дамыту және қайта өңдеу салалары кәсiпорындары үшiн шикiзат сатып алу, iшкi рынокты отандық өндiрiстiң жоғары сапалы тамақ өнiмдерiмен толтыру; қаражаттың мақсатты, тиiмдi пайдаланылуы және республикалық бюджетке дер уақытында қайтарылуы.