Ақпараттық технологиялар мен жабдықтардың дамуы қазақстандық ғалымдар мен мамандардың әлемдiк компьютерлiк коммуникациялық рынокқа шығуының басты басымдықтарының бірi. Телевизиялық таратқыштардың, бақылау, тұқырту жүйелерiнiң жекелеген әзiрлемелерiнiң сыртқы рынокта бәсекеге қабiлеттi және экспорт перспективасын шешу мүмкіндiгi бар.
Қорғаныс өнеркәсiбіндегі, авиациялық техникадағы, Каспий теңiзi айдыны бетiнiң мониторингi және тағы басқалары өз ақпараттық жүйелерi қарулы күштердiң қорғаныс қабiлетi мен әскери даярлығының ең басты шарттарының бірi болып табылады.
5.4. Жаңа техника мен жабдық өндiрiсi
Қазақстан импортының құрылымы көбiне-көп жаңа техника мен жабдықтың импортын құрайды, соңғы жылдары оның көлемi ұлғайып келедi.
Мұнымен бірге қазақстандық кәсiпорындардың халықаралық рынокқа электрондық, электр техникалық, қорғаныс, машина жасау өнiмдерiн шығару жөніндегі өндiрiстiк қуаты мен дәстүрлерi әлi де жеткілікті.
Басты мiндет iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабiлеттi техника мен жабдықтың жаңа түрлерiнiң әзiрлемелерiн ынталандыру және өндiрiске дайындау болып табылады.
Машина жасау, қорғаныс, электр техникалық кәсiпорындары азаматтық мақсаттағы жаңа техниканы әзiрлеу мен iске қосудың әлеуетiн әзiрше сақтап қалған.
Бұл тапсырманың мақсаты отандық және шетелдiк кәсiпорындар үшiн техника мен жабдықтың жаңа түрлерiн шығару базасында осы бейiндегі өндiрiстер мен кәсiпорындарды, атап айтқанда, кен-металлургия және мұнай-газ кешендерi қайта өркендетудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
5.5. Жаңа тұтыну тауарлары мен тағам өнiмдерiн өндiру
Тұтыну тауарларының, оның iшiнде дәрi-дәрмектiк препараттар мен тағам өнiмдерiнiң рыногы, әдетте өндiрушiлердiң едәуiр бөлiгiн тартатын ауқымды және тұрақты жүйе. Оның көлемi халықтың сатып алу қабiлетiне және оның санына қарай айқындалады. Өкiнiшке орай, Қазақстанның тұтыну рыногы халық санының аздығынан және сатып алу қабiлетiнiң төмендiгiнен шектеулi. Өнiмдi, әсiресе, тез бұзылатын өнiмдi тасымалдаудың едәуiр қашықтығы қосымша қиындықтар туғызады.
Қазақстан экономикасы үшiн көбiне бұл жаңа өндiрiс түрi болып саналады, өйткенi ол дәстүрлi тұтыну тауарлары ретiнде алыс және жақын шетелдерден әкелiнетiн импорт заттары болып келдi және бола бермек.
Мұнымен бірге, жергiлiктi тұтыну өнiмдерiн өндiру көбiне әлеуметтiк мiндет, өйткенi өндiрiстiң бұл түрi халықтың едәуiр бөлiгi біліктi жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге қабiлеттi.
Тұтыну тауарлары рыногында қашанда күштi бәсекелестiк болып келдi, онда жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалануға және арзан бағамен жоғары сапаны қамтамасыз етуге қабілеттi өндiрушiлер жеңiмпаз болып табылды. Бұл тапсырманың мақсаты сыртқы рынокқа шығудың перспективаларын басты талап және шарт ретiнде қоя отырып, жергiлiктi инновациялық өнiм өндiрушiлердi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарламаны iске асыру Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келетiн және конкурстық iрiктеуден өткен жобаларды орындауға арналған мемлекеттік тапсырыстың негiзiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаның әкiмшiсi - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
Бағдарламаның тапсырмаларын орындауға арналған жобаларға конкурс өткізудi;
Бағдарлама тапсырмаларының орындалуын үйлестiрудi және ағымдағы бақылауды;
Бағдарлама бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдауды қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. № 132 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету бағдарламаның әкiмшiсі тиiстi қаржы жылдарына республикалық бюджетте көздеген қаражат шегіндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде, 2003-2O05 жылдардың iс-шараларын iске асыру үшiн қажет бюджеттік қаражат көлемiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар барлығы 545,0 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2003 жылы - 169,0 млн. теңге; 2004 жылы - 184,0 млн. теңге; 2005 жылы 192,0 млн. теңге.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру қорытындысында нарықта тауар ретiнде жүре алатын қазiргi заманғы технологиялар әзiрленедi, жоғары дәрежедегi дайындықтағы ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң жобалары дайындалады. Инновациялық өндiрiстi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жобасы техника-экономикалық негiздемемен, толық ауқымдағы өндiрiстi құру жобасымен және отандық немесе шетелдiк инвесторлардың даму банкi, екiншi деңгейдегi банктер арқылы қаржыландыру және материалдық қамтамасыз ету үшiн белгiленген нысандағы бизнес жоспармен аяқталуға тиiс.
Осының барлығы ғылыми зерттеулерге бөлiнетiн қаражаттан нақты қайтарымын көтередi және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетiн болады.