Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысы (ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 146; 20.03.04 ж. № 364 ; 2005.28.01 № 73 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

6) үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекеттік қызметшiлердi даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жүйесiн құру;

7) үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргiзу;

8) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi

бағыттары мен тетiгi

Бағдарламаны iске асыру мынадай басым бағыттар бойынша:

1) ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар;

2) өңiрлерде азаматтық бастамаларды дамыту;

3) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жасау жөніндегі органдар құру;

4) үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету;

5) үкiметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк қолдау;

6) үкiметтiк емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау;

7) үкiметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыру жөніндегі iс-қимылдардың жүйелiлiгi мен кезеңдiлiгiн көздейдi.

Бағдарлама үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауды iске асырудың, мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың одан әрi ынтымақтастығының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған.

5.1. Ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар

?кіметтiк емес ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ететiн тиiстi нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру мен жетiлдiру үкiметтiк емес секторға пәрмендi мемлекеттік қолдау көрсетудiң аса маңызды шарты болып табылады.

"Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысына сәйкес "Мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу жоспарлануда.

Мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс - келісім-шарттар (шарттар) жасасу жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етiлген, республикалық және өңiрлiк деңгейлердегi басым мақсатты әлеуметтiк бағдарламаларды iске асырудың экономикалық-құқықтық нысаны. Тапсырыс берушi мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыстар орналастыруды жариялы ашық конкурстар (тендерлер) өткізу негiзiнде қамтамасыз ететiн болады.

"Мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс туралы" Заң мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылының құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де мәселелерi кешенiн, қоғамның әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешуге олардың қатысуын анықтайды. Заң мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк маңызды жобаларды шешуге үкiметтiк емес ұйымдардың кеңiнен қатысуы үшiн құқықтық негiздi қамтамасыз етедi, халыққа ұсынылатын әлеуметтiк қызметтердiң сапасы мен көлемiн арттыруға мүмкiндiк бередi.

Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк маңызы бар жобаларына орталық атқарушы органдардың пилоттық тендерлер (конкурстар) өткізуi жоспарлануда. Тендерлердiң (конкурстар) жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк маңызы бар жобаларына тендер (конкурс) өткізудiң ережесін әзiрлеу көзделген.

?кіметтiк емес ұйымдардың мәртебесi мен қызметiне байланысты ұғымдарға қатысты заңнаманың терминологиялық үйлестiгi маңызды.

Қазақстан Республикасының Yкіметіне үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу көзделуде.

?кіметтiк емес сектор проблемаларын, оның даму үрдiстерiн мемлекеттік органдармен iс-қимылын анықтау мақсатында үкiметтiк емес ұйымдар проблемалары бойынша социологиялық зерттеулер, Бағдарламаның орындалу барысына мониторинг жүргiзiлетiн болады.

5.2. Өңiрлерде азаматтық бастаманы дамыту

Өңiрлерде, әсiресе ауылдық жерлерде, үкiметтiк емес секторды дамыту, жергiлiктi билiк органдарының әлеуметтiк проблемаларды шешуге үкiметтiк емес ұйымдарды тартуы әлеуметтiк шиеленiстi түсiредi, халықтың өзiне өзi көмек көрсетуi мен өзiн өзi жұмыспен қамтуын ұйымдастыруда азаматтық бастамалардың өсуiне, әлеуметтiк қызмет көрсету сапасы мен көлемiнiң артуына ықпал ететiн болады.

?кіметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк маңызы бар жобаларына тендерлер (конкурстар) ұйымдастыру және өткізу арқылы жергiлiктi үкiметтiк емес ұйымдарды аймақтық әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешуге тарту көзделуде.

Жергiлiктi атқарушы билiк органдарының үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесе отырып өңiрлерде дамытудың өзектi проблемалары бойынша оқыту семинарларын, тренингтерiн, "дөңгелек үстелдерiн" өткізуi ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды көтермелеуге жәрдемдесетiн болады.

Қайырымдылық, ерiктiлiк, мәдени-көпшiлiк және өзге де акцияларды бiрлесiп өткізу ауыл халқы әлеуметтiк белсендiлiгi артуының маңызды шарты болып табылады.

Халықтың неғұрлым әлсiз жiктерiн қолдау, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтiк бағдарламаларды тиiмдi әрi сапалы iске асыру үшiн коммерциялық сектор әлеуетiн барынша толық пайдалану есебiнен жеке көздерден қайырымдылық саласына түсетiн ресурстар көлемiн елеулi түрде ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасау қажет.

Мемлекеттік билiк органдары жеке тұлғалардың үкiметтiк емес ұйымдар қызметi шеңберiнде iске асырылатын әлеуметтiк маңызы бар қызмет ретiнде өтеусiз еріктi қызметiн дамытуға жәрдем көрсетуi тиiс.

Ерiктiлер көмегi мынадай: халыққа қызмет көрсету түрiнде көмек көрсету, қоғамдық пайдалы еңбектi жүзеге асыру, қайырымдылық бағдарламаларын iске асыруға қатысу нысандарында жүзеге асырылады.

Өңiрлiк деңгейде азаматтық бастамаларды дамыту проблемаларының табысты шешiлуi әлеуметтiк саладағы үкiметтiк емес ұйымдардың тиiмдi қызметi үшiн жағдайлар жасайды.

5.3. ?кіметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау жөніндегі

органдар құру

Жергiлiктi атқарушы билiк органдары жанындағы консультативтiк-кеңесшi мәртебесi бар кеңестер мемлекеттік билiк органдарының үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимылының оңтайлы жолдарын iздеуге жәрдемдесетiн болады. Кеңестер қызметiнiң негiзгi бағыттары: мемлекеттік және үкiметтiк емес ұйымдардың өзара қатынастарын нығайту мен кеңейту, оларға жүйелiлiк сипат беру; бiрлескен iс-қимылды үйлестiру және оларды үйлестiрудiң нақты тетiктерiн әзiрлеу; әлеуметтiк және экономикалық мәселелерді шешуге, қазақстандық мемлекеттiлiктi нығайтуға, қоғамдық процестердi демократияландыруға бағытталған бiрлескен iс-шаралардың кешендi бағдарламасын әзiрлеу; өзара қолайлы шешiмдердi iздеудегi қоғамдық дамудың өзектi проблемаларын бiрлесiп талқылау.

Кеңестер қызметiне бiрыңғай талаптарды әзiрлеу мақсатында жергiлiктi билiк органдарына ұсынылатын атқарушы билiк органдары жанындағы үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөніндегі консультативтiк кеңестер туралы үлгi ереже жасалатын болады.

?кіметтiк емес ұйымдарды әлеуметтiк маңызы бар заң жобаларын және орталық мемлекеттік органдар бағдарламалық құжаттарын әзiрлеу процесiне кеңiнен тарту Бағдарламаны iске асырудың маңызды тетiгi болып табылады.

5.4. ?кіметтiк емес ұйымдар қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету

?кіметтiк емес ұйымдар қызметiн ақпараттық қолдау бұқаралық ақпарат құралдарында үкiметтiк емес сектордың әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешудегi жұмыс тәжiрибесiн, оның мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңiнен жария етудi көздейдi. ?кіметтiк емес ұйымдар қызметi туралы мамандандырылған айдарлар, тақырыптық радио және теле хабарларын жасау, қоғамда үкiметтiк емес сектордың жағымды бейнесiн қалыптастыруға жәрдемдесуге тиiс.

?кіметтiк емес ұйымдардың проблемаларын, әлеуметтiк маңызы бар қызметтiң даму практикасын, қоғамдық-азаматтық бастамаларды мемлекеттік ақпарат саясатын жүргiзуге мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру көзделген.

Ақпараттық қолдау шеңберiнде, сондай-ақ әлеуметтiк жарнамалар рыногын дамыту үшiн құқықтық және қаржылық жағдайлар қалыптастыру қажет.

5.5. ?кіметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк қолдау

?кіметтiк емес ұйымдарды консультативтiк қолдау үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн түсiндiрудi; оларға үкiметтiк емес сектормен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың, отандық және шетелдiк грант берушiлердiң жұмыс әдiстерi, бағыттары туралы ақпарат, елдегi үкiметтiк емес ұйымдар туралы деректер мен өзге де ақпарат берудi көздейдi.

Қазақстан Республикасы үкiметтiк емес ұйымдарының деректер банкiн жасау көзделген.

?кіметтiк емес секторды одан әрi жандандыру мен топтастыру мақсатында "Қазақстандық үкiметтiк емес ұйымдар 21 ғасырда: қалыптасу проблемалары, даму перспективалары" халықаралық форумы өткiзiлетiн болады, онда Қазақстанның үкiметтiк емес ұйымдарының даму үрдiстерi мен перспективалары талқыланатын болады, кең көлемде тәжiрибе алмасу өтедi, мемлекеттік органдармен тиiмдi ынтымақтастықтың жолдары қаралады.

Әдiстемелiк қолдау үкiметтiк емес сектор қызметiне жүргiзiлетiн мониторинг пен зерттеулер, оның мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы проблемаларын талдау негiзiнде үкiметтiк емес ұйымдар үшiн әдістемелік ұсынымдар, материалдар, анықтамалықтар, оқу құралдарын жасауды көздейдi.

5.6. ?кіметтiк емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау

Ұйымдастырушылық-техникалық қолдаудың маңызды бағыты практикалық сипаттағы iс-шаралар: "дөңгелек үстелдер", семинарлар, конференциялар, тренингтер, үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесiп өзге де акциялар өткізу, сондай-ақ iс-шараларды өткізуге техникалық көмек көрсету (үй-жайларды, техникалық құралдарды беру, мүдделi органдарды, адамдарды шақыру және т.б.) болып табылады.

?кіметтiк емес секторды дамытудың өзектi проблемалары бойынша "дөңгелек үстелдердi" жүйелi негiзде ұйымдастыру мен өткізу үкiметтiк емес ұйымдардың даму процесінiң, олардың мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылын көтермелеу мен кедергiлерiн анықтауға жәрдемдесетiн болады.

"YЕҰ ақпарат-орталығы" үкiметтiк емес ұйымдарға қолдау көрсету республикалық орталығы мен орталықтың өңiрлiк өкiлдiгiн байланыстыратын бiрыңғай жүйе құру, бағдарламалық жабдықтар орнату жұмысты тиянақты үйлестiруге, мемлекеттік органдар мен үкіметтiк емес ұйымдардың өзара қатынастарын нығайту мен кеңейту жөніндегі қызметтi жоспарлы түрде жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа кеңiнен қол жеткізуiн қамтамасыз ету, үкiметтiк емес ұйымдарды экологиялық проблемаларды шешуге тарту, қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру қажет.

5.7. ?кіметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша

мемлекеттік қызметшiлердi дайындау және олардың біліктiлiгiн арттыру

Осы бағыт үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау жүйелерiн жетiлдiрудiң әртүрлi мәселелерi бойынша мемлекеттік қызметшiлер үшiн жүйелi семинарлар, оқыту тренингтерiн ұйымдастыруды және өткізудi көздейдi.

?кіметтiк емес секторды дамыту саласындағы тәжiрибе, әдiстемелiк және теориялық әзiрленiмдер Қазақстанда әзiрше жеткiлiксiз болғандықтан, бағдарламаны iске асыру жөнiндегі жұмыс көбiнесе инновациялық сипатта болады. Осыған байланысты Бағдарлама бойынша iс-шараларды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдардың қызметкерлерiн даярлауға және олардың біліктiлiгiн арттыруға едәуiр көңiл бөлу қажет.

Аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi үшiн біліктiлiктi арттыру семинарларын өткiзiп, бөлiмшелер мен әртүрлi деңгейлер арасында тәжiрибе алмасу жүйесiн жолға қойып, қызметкерлердiң халықаралық және ұлттық оқыту iс-шараларына қатысуына жәрдемдескен жөн.

Халықаралық ұйымдармен әрiптестiк қатынастар негiзіндегі ынтымақтастық демократиялық реформалардың алға басуының, азаматтық қоғам құрудың маңызды көрсеткiшi болып табылады. Әлеуметтiк маңызы бар мiндеттердi шешуге бағытталған бiрлескен бағдарламаларды орындау елдiң үкiметтiк емес секторын дамытуға оң ықпал етедi. Халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржылық және техникалық қолдауы үкiметтiк емес ұйымдарды нығайту мен дамытуға, мемлекеттік органдармен ынтымақтастық жасауға жәрдемдесетiн болады.

ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 146 (бұр. ред. қара); 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5.8-бөлімше өзгертілді

5.8. Бағдарламаны iске асыру тетiгi

Бағдарламаны iске асыру үшiн белгiленген iс-шаралардың кезең-кезеңiмен орындалуын көздейтiн, Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) әзiрленедi.

Жоспар Бағдарламаны орындау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауға мүмкiндiк бередi.

Бағдарламаны iске асыру процестерiн үйлестiру Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне жүктелген.

Бағдарламаны iске асыру тетiгi мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың бiрлескен iс-қимылын, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықты көздейдi.

Бағдарламаның орындалуын үйлестiру мен бақылау мақсатында жүргiзiлетiн iс-шаралар тиiмдiлiгiн бақылаудың айқын көрсеткiштерiн (индикаторларын) қамтитын оның мониторингi мен бағалау жүйесi жасалатын болады. 2003 жылдың 4 тоқсанында 300 сараптамашы (мемлекеттік органдар, ғылыми, үкiметтiк емес ұйымдар) қатысатын Қазақстан Республикасындағы үкiметтiк емес сектордың даму проблемалары жөнiнде сараптамалық сұрау салуды өткізу жоспарланып отыр.

Бағдарлама мониторингiн талдау нәтижелерi жекелеген бағыттарға түзету енгізу, Бағдарлама мен Жоспарға тиiстi өзгерістер енгізу, сондай-ақ кейiнгi бағдарламаларды әзiрлеу үшiн негiз болады.

ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 146 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)

6. Қаржыландырудың қажеттi ресурстары мен көздерi

Бағдарламаны iске асыру мынадай қаржыландыру көздерiнен жүзеге асырылатын болады:

1) республикалық бюджеттен;

2) жергiлiктi бюджеттерден;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржыландырудың өзге де көздерiнен.

Бағдарламаны қаржыландыру білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты, демографиялық саясат, гендерлiк саясат, әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек, мәдениет, ақпарат, спорт, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шаралар салаларындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралардың бiр бөлiгiн орындауға республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылатын болады.

Халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қорлардың техникалық және гранттық көмегiн, барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың өз қаражаттары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдермен тыйым салынбаған өзге де көздердi тарту көзделедi.

Бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемi 37 628 000 теңге көлемінде көзделедi, оның ішінде: 2003 жылға - 14000 000 теңге, 2004 жылға - 11 146 000 теңге, 2005 жылға - 12 482 000 теңге.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже

Бағдарламаны толық iске асыру және онда көзделген барлық шараларды қабылдау нәтижесiнде мемлекеттік органдар мен қоғамдық сектор арасында әрiптестiк қатынастардың тиiмдi жүйесi, сондай-ақ республика азаматтық қоғамының тұрақты дамуы қамтамасыз етiлетiн болады.

Осы Бағдарламаның iске асырылуы елдiң үкiметтiк емес секторына нақты ұйымдастырушылық-техникалық, әдiстемелiк, консультативтiк, ақпараттық қолдаудан көрiнетiн болады, қайырымдылық қызмет үшiн жағдайлар жасайды, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыра түседi.

Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде қол жеткiзiлетiн үкiметтiк емес сектор дамуындағы оң өзгерістердi сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер (индикаторлар): үкiметтiк емес ұйымдардың сандық және сапалық құрамы, кадрлық әлеуетi, ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстары, олардың қоғамдық рейтингi, өңірлерде үкiметтiк емес сектордың өсуi, үкiметтiк емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты iске асыруға қатысуы, мемлекеттік құрылымдармен әрiптестiк қатынастар.

Бағдарламаны толық iске асыру және онда көзделген шараларды қабылдау нәтижесiнде:

Қазақстанның үкiметтiк емес секторын одан әрi дамыту үшiн құқықтық, әдiснамалық, ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар жасалатын;

халыққа көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң сапасы мен көлемiн арттыруға жәрдемдесетiн мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес сектор арасындағы әрiптестiк қатынастардың тиiмдi жүйесi жасалатын және енгiзiлетiн;

өңiрлерде азаматтық бастамалардың өсуiне жағдайлар жасалатын;

халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі әдiснамалық база нығайтылатын болады.

Көрсетiлгендер, тұтастай алғанда азаматтық қоғамды дамыту мен нығайтуға, елдiң әлеуметтiк және гуманитарлық әлеуетiн арттыруға жәрдемдесетiн болады.

ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 146 (бұр. ред. қара); 20.03.04 ж. № 364 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары