7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бекітілген
жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес Құрманғазы ауданындағы Ганюшкино
ауылында 100 төсек-орындық туберкулез ауруханасын салу, Арал ауданындағы
Арал қаласында 100 төсек-орындық туберкулез диспансерiн Қармақшы
ауданындағы Жосалы кентiнде 60 төсек-орындық туберкулез ауруханасын,
Сырдария ауданындағы Тереңөзек кентiнде 50 төсек-орындық туберкулез
ауруханасын салу, Т.Рысқұлов ауданындағы Қарақыстақ кентінде 75
төсек-орындық туберкулезге қарсы балалар санаторийiн салу, Түркiстан
ауданындағы Түркiстан қаласында 60 төсек-орындық туберкулез диспансерiн
салу, Мақтаарал ауданындағы Жетiсай қаласында 150 төсек-орындық аудандық
орталық аурухананы салу жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемi. Батыс
Қазақстан облысы Бөрлi ауданындағы Ақсай қаласында 50 төсек-орындық
туберкулез ауруханасын, Казталов ауданындағы Казталовка ауылында
туберкулез ауруханасын, Сырым ауданындағы Жамбейiт ауылындағы аудандық
орталық ауруханасының жанынан 25 төсек-орындық туберкулез бөлiмшесiн,
Сарысу ауданындағы Саудакент ауылында 40 төсек-орындық туберкулез
диспансерi мен Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Мойынқұм ауылында 40
төсек-орындық туберкулез ауруханасын пайдалануға беру.
Ескерту:
*) Iске асыру жөніндегі iс-шаралар тiзбесi, республикалық бюджеттен алынатын трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
461-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулымен 461-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 403 "Арал және Қазалы аудандарының
тұрғындарына тегiн көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн
Қызылорда облыстық бюджетiне мақсатты трансферттер"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 231976 мың теңге (екi жүз отыз бір миллион тоғыз жүз жетпiс алты мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: "Арал өңiріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: экологиялық апатты аудандарда тұратын тұрғындарды тегiн медициналық көмектің кепілдi көлемiмен қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндетi: Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына тегiн көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн республикалық бюджеттен Қызылорда облыстық бюджетiне трансферттер бөлу.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру шараларының жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Арал және
Қазалы аудандарының тұрғындарына тегiн көмектің кепiлдi көлемiн көрсету
үшiн Қызылорда облыстық бюджетiне мақсатты трансферттер бөлу.
Ескерту:
*) Iске асыру жөнiндегі iс-шаралар тiзбесi, республикалық бюджеттен алынатын трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
462-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулымен 462-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 404 "Шалқар ауданының тұрғындарына
тегiн көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн Ақтөбе
облыстық бюджетiне мақсатты трансферттер"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 32488 мың теңге (отыз екi миллион төрт жүз сексен сегiз мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негізi: "Арал өңiріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Тегiн медициналық көмектің кепiлдi көлемiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: экологиялық апатты аудандарда тұратын тұрғындарды тегiн медициналық көмектің кепілдi көлемiмен қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндетi: Шалқар ауданының тұрғындарына тегiн көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн республикалық бюджеттен Ақтөбе облыстық бюджетiне трансферттер бөлу.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру шараларының жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Шалқар
ауданының тұрғындарына тегiн көмектің кепiлдi көлемiн көрсету үшiн Ақтөбе
облыстық бюджетiне мақсатты трансферттер бөлу.
Ескерту:
*) Iске асыру жөнiндегі iс-шаралар тiзбесi, республикалық бюджеттен алынатын трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулымен 462-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 бұйрығына
462-1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
_________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 405 "Онкологиялық диспансерді
көшiруге байланысты құрылыс жұмыстарын жүргiзуге
Солтүстiк Қазақстан облысының бюджетiне
берiлетiн мақсатты трансферттер"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 65000 мың теңге (Алпыс бес миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" № 735 Жарлығы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: онкологиялық диспансердi қайта базалау.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: медициналық жабдықпен жарақтандыруды ескере отырып, Солтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiне онкологиялық диспансердi қайта базалау жөніндегі құрылыс жұмыстарын жүргiзуге республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:*
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер:* халық
денсаулығының көрсеткiштерiн жақсарту.
Ескерту: *) Республикалық бюджеттен берiлген трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштердi iске асыру жөніндегі iс-шаралардың тiзбесi тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
463-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 500 "Денсаулық сақтаудың ақпараттық
жүйелерiн сүйемелдеу" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 20 000 мың теңге (жиырма миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" № 573 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы № 359 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлығы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: денсаулық саласындағы басқарушылық құрылымның жедел және стратегиялық шешiмдерiн қабылдау сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық iшкi жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000-2003 жылдарға арналған Іс-қимылдар бағдарламасын ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға, соның iшiнде осы кезде жұмыс iстеп тұрған "Денсаулық - автоматтандырылған басқару жүйесi" ақпараттық ішкi жүйесiн сүйемелдеуге, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесiнiң есептеу техникасына, жергiлiктi есептеу техникасы желiсiне жүйелiк және техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге бағытталған, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Еуропа Аймақтық Бюросымен (бұдан әрi - ДДҰ ЕАБ) және басқа да халықаралық ұйымдармен ақпараттық байланысты және ақпарат алмасуды қолдау.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтілетiн нәтижелер: деректердi
жинау мен жедел мiндеттердi пысықтаудың орташа есеппен алғандағы уақытын
2 күнге дейiн қысқарту; облыстардан медициналық статистика жөніндегі
статистикалық есептердi қабылдау кезеңiн қысқарту (жылдық есеп беру - 30
күнге дейiн; тоқсандық - 3 күнге дейiн); ақпараттық талдамалық анықтама
беру мерзiмдерiн 2 күнге дейiн қысқарту; денсаулық сақтау саласындағы
басқарушылық құрылымның жедел және стратегиялық шешiмдерiн қабылдау
сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
464-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған
600 "Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерiн құру"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7000 мың теңге (жетi миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" № 573 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы "Ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" № 359 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлығы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: жаңа бағдарламалық өнiмдердi жасау жолымен уәкiлеттi opгaнды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесiн құру.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары: