3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: практикалық денсаулық сақтау саласында мiндеттердi шешу үшiн жаңа технологияларды әзiрлеу және қолдану, сондай-ақ медициналық ғылымның басым бағыттарын дамыту.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: мынадай басым бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулердi орындау: республикада денсаулық сақтаудың басқару мен ұйымдастыру жүйесiн жетiлдiру, нашақорлықтан, уыттанушылықтан, маскүнемдiктен және психотроптық заттардың өзге де түрлерiнен тәуелдi адамдарды емдеу мен оңалту әдiстерiн жасау және жетiлдiру, негiзгi терапиялық, неврологиялық, нейрохирургиялық, эндокриндiк және терi ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеудің ғылыми негiздерi мен жаңа әдiстерiн әзiрлеу, хирургиялық, урологиялық, травматологиялық-ортопедиялық, офтальмологиялық, онкологиялық, онкогематологиялық, стоматологиялық, оториноларингологиялық практикада жаңа технологияны және радиациялық медицинаның өзектi мәселелерiн енгізу. Балалар мен жасөспiрiмдердің денсаулығын нығайтудың негiзгi бағыттарын дамыту, акушерлік пен гинекологияда болжалдаудың, диагностикалау мен емдеудің жаңа технологиясын әзiрлеу, аллергология мен клиникалық иммунологияда зертханалық-диагностикалық және емдік технологияларды әзiрлеу. Еңбек гигиенасы мен кәсiби аурулар саласындағы зерттеулер. Жаңа бәсекеге қабiлеттi отандық препараттарды әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларын iске асырудың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындауда күтiлетiн нәтижелер: денсаулық
сақтау саласының қызметiн реттейтiн заңдар мен нормативтiк құжаттарды
жетілдiру, ауруларды диагностикалау мен емдеудің медициналық-экономикалық
стандарттау жүйесiн жасау, клиникалық практикаға осы заманғы
технологияларды қолдана отырып, емдеудiң жоғары тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу
мен енгізу, отандық шикiзаттан жаңа дәрілік түрлер әзiрлеу.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
418-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 418-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 031 "Республикалық денсаулық сақтау
ұйымдарын медициналық жабдықтармен, санитарлық
және мамандандырылған көлікпен жарақтандыру"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1186401 мың теңге (бір миллиард бір жүз сексен алты миллион төрт жүз бір мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiнгi Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаттары: ауруды жоғары тиiмдi диагностикалау, алдын алу және емдеу үшiн республиканың денсаулық сақтау ұйымдарын осы заманғы медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, сондай-ақ кезек күттiрмейтiн медициналық көмек көрсету, эпидемияға қарсы iс-шараларды өткізу және медицина ұйымдарының қызмет етуiн қамтамасыз ету үшiн санитарлық автокөлiктермен және арнайы автокөліктермен қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: республиканың денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, санитарлық автокөлiктермен және арнайы автокөлiктермен жарақтандыру.
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 150аг қаулысымен 6- тармақ өзгертілді
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары: