қамтамасыздығын 90% дейiн көтеруге мүмкiндiк беретiн денсаулық сақтау
ұйымдарын дүниежүзiлiк стандарт деңгейіндегі осы заманғы медициналық
жабдықтармен және санитарлық көлiктермен жабдықтау жолымен ауруларды
емдеу, диагностиканың сапасы мен деңгейiн арттыру және соның негiзінде
аурушаңдықты, мүгедектiк пен өлiм-жітiмдi төмендету.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
419-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 032 "Көрсетiлетiн медициналық
қызметтiң сапасын талдау және бағалау"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 141810 мың теңге (жүз қырық бір миллион сегiз жүз он мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: меншiк нысаны мен ведомстволық қарастылығына қарамай медицина ұйымдарында көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасын талдау және бағалау.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: медициналық көмектің сапасы мен ауқымын, оны көрсетуге жұмсалатын қаржы шығындарының негiзділігiн бақылау жөнiнде тиiмдi шаралар ұйымдастыру; емдеу-алдын алу жұмыстарының сапасы туралы дәйектi ақпаратпен қамтамасыз ету; аумақтық басқару органдарының медициналық көмектi ұйымдастыруды жетiлдiруінің сапасын арттыру, сондай-ақ емделушілердiң көрсетілген медициналық көмекке қанағаттанғандықтарын зерделеу үшiн оларға ұсыныстар енгізу.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: халыққа
көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын жақсарту, тегiн медициналық
көмектiң ауқымын орындау үшiн медицина ұйымдарына бөлiнетiн бюджет
қаржысы орындалуының экономикалық негiзділiгiн арттыру. Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың денсаулығын
қорғауға құқыларының iске асырылуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
420-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 420-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 033 "В" қоздырғышы гепатитiне қарсы
вакциналарды орталықтандырылған сатып алу"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 333 587 мың теңге (үш жүз отыз үш миллион бес жүз сексен жетi мың) теңге.
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 26-бабы; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956
Жарлығы; Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: халыққа вирустық "B" гепатитіне қарсы вакцина ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: вирустық "В" гепатитiне қарсы вакциналарды орталықтандырылған сатып алу және оларды аймақтарға жеткізу.
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 150аг қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: халық
арасында вирустық "В" гепатиті ауруын азайту.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
421-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 421-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 035 "Ауруларды шетелде емдеу"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 80000 мың теңге (сексен миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 44-бабы; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының азаматтарын шет елге емделуге жiберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: бұрын республиканың медициналық ұйымдарында емделген және жасалған терапиядан оң әсер алмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк медицина ұйымдарында емдеудің Қазақстан Республикасында қолданылмайтын қосымша немесе жаңа әдiстерiн қолданумен емдеуден өтуге мүмкiндiк беру.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Қазақстан Республикасында оларға қатысты емдеудің барлық әдiстерi түбегейлi қолданылған қазақстандық азаматтарды шетелдiк клиникаларда жоғары біліктi медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: шет елдерге
емделуге жiберiлген науқастардың уақтылы жатқызылуын қамтамасыз ету,
өлiм-жiтi мен мүгедектігiн азайту.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
422-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған
036 "Мамандандырылған медициналық көмек көрсету"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 821368 мың теңге (сегiз жүз жиырма бір миллион үш жүз алпыс сегiз мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 17, 41, 42, 44-баптары; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңының 21-бабы; "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 17-бабы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектер мен соларға теңестiрiлген адамдарды әлеуметтiк қорғау және жеңiлдiктер туралы" Заң күшi бар 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Жарлығының 11-бабы; "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135 қаулысы; "Қоршаған ортаға қауiп төндiретiн әлеуметтiк мәнi бар аурулардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 наурыздағы № 468 қаулысы; "Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының шұғыл медициналық көмек қызметiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегi № 1068 қаулысы; "Төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі Қазақстан Республикасының халқына медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастыруды жетiлдiру жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаттары: Ұлы Отан соғысына (бұдан әрi ҰОС) қатысқандарды, мүгедектердi және соларға теңестiрiлген адамдарды жоғары білiктi медициналық көмекпен қамтамасыз ету және қосып жазылған контингенттердi сауықтыру; психикалық бұзылулары бар халықтың аурушаңдығын төмендету, психикалық науқастармен жасалатын қоғамдық-қауіптi iс-әрекеттердi болдырмау; лепрамен ауыратын науқастарды мамандандырылған стационарлық көмекпен қамтамасыз ету; төтенше жағдайға ұшырағандарға медициналық көмек көрсету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: ҰОС қатысқандарды, мүгедектерге және соларға теңестiрiлген адамдарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; халыққа және қоғамдық қауiптi iс-әрекет жасаған психикалық бұзылулары бар науқастарға жоғары мамандандырылған психиатриялық көмек көрсету; лепрамен ауыратын науқастарға мамандандырылған стационарлық көмек көрсету; төтенше жағдайда халыққа уақытылы және тиiмдi көмек көрсету.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: орташа өмiр
сүру ұзақтығының артуы, ҰОС қатысқандар мен мүгедектердiң және соларға
теңестiрiлген адамдардың мүгедектiгiнiң төмендеуi, халықтың психикалық
денсаулығы деңгейiнiң артуы; психикалық науқастардың жаңа
қоғамдық-қауiптi iс-әрекеттер жасауын болдырмау; халық арасында лепрамен
аурушаңдықтың төмендеуi, лепрамен ауыратын науқастардың өмiр сүру
ұзақтығының артуы; табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
кезiнде халыққа дер кезiнде және тиімдi медициналық көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
423-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған
037 "Сот-медициналық сараптамасы"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 440239 мың теңге (төрт жүз қырық миллион екi жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: азаматтық процессуалдық заңнамада көзделген сот анықтамаларымен уәждалған негiздемелер болған кезде қайта сараптамалар жасалған жағдайда әкiмшiлiк немесе азаматтық процестiң қатысушысы болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: диагностика мен күрделi медицина технологиясын пайдаланудың арнайы әдiстерiн қолдана отырып, сот-медициналық сараптама жасау.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: дұрыстығы
жоғары дәрежедегi зертханалық зерттеулердің сапалы нәтижелерiн алу. Адам
денсаулығына келтiрiлген зияндар мен қайтыс болудың себептерiн анықтау.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
424-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 424-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 038 "Республикалық деңгейде
орындалатын "Туберкулез" бағдарламасы"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1598399 мың теңге (бір миллиард бес жүз тоқсан сегiз миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 18, 44-баптары; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттiрмейтiн шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысы; "Халыққа кепiлдендірiлген тегiн медициналық көмек көлемiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: көрсеткiштердi тұрақтандыру, туберкулез бойынша өлiмдi, мүгедектiктi азайту, туберкулезбен ауыратын балалар мен ересектердi оңалту және сауықтыру. Туберкулезбен, оның iшiнде туберкулездiң мультирезистенттi түрiмен ауыратындарды туберкулезге қарсы негiзгi препараттармен қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған жоғары біліктi емдiк-диагностикалық көмек көрсету. Туберкулезбен ауыратындарға ағзаның бұзылған қызметiн қалпына келтiруге қабiлеттi емдiк-сауықтыру шараларын жүргiзу. Туберкулезбен ауыратындарды емдеу үшiн туберкулезге қарсы препараттар сатып алу және соңғы тұтынушыларға дейiн жеткізу.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары: