2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 412 - 464 қосымшалар)(ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 150б; 01.07.03 ж. № 150г; 26.09.03 ж. № 978;10.11.03 ж. № 150м; 09.12.03 ж. № 150аг қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
     7.  Бюджеттік  бағдарламаны  орындауда  күтiлетiн  нәтижелер:   С.Д.
Асфендияров    атындағы    Қазақ    ұлттық    медицина    университетiнiң
ғылыми-педагогикалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану негізінде денсаулық сақтау
саласын жоғары кәсiби және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби  білімi  бар
жоғары біліктi мамандармен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

433-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 047 "Республикалық деңгейде қан

(алмастырғыштар) өндiру" республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 191223 мың теңге (жүз тоқсан бір миллион екi жүз жиырма үш мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы; "Мемлекеттік материалдық қор туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы

Заңының 4-тармағының 12-бабының 2-бөлiмi; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Алматы қаласының жедел және кезек күттiрмейтiн көмек жөніндегі емдеу-алдын алу ұйымдарын, ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми орталықтар мен медициналық ұйымдарды қан препараттарымен (алмастырғыштармен) және оның құрамбөлiктерiмен қамтамасыз ету. Донорлық кадрларды жоспарлау және есепке алу. Жұмылдыру мiндеттерiне сәйкес қан қорларын жаңарту және толықтыру жөніндегі арнаулы iс-шараларды жүргiзу.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: қан мен оның құрамбөліктерін өндіру, сақтау, стандарттарға сәйкес сирек қан топтары мен оның құрамбөлiктерiн ұзақ мерзімді сақтау банкін құру. Сақталған қанның, оның құрамбөлiктерінің, препараттар мен қан алмастырғыштардың сапасын сараптау.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
     7.   Бюджет   бағдарламасын   орындаудан   күтiлетiн      нәтижелер:
республикалық медицина ұйымдары мен Алматы  қаласының  медициналық  жедел
және кезек күттiрмейтін көмек ұйымдарын  қанмен,  оның  құрамбөлiктерiмен
және препараттармен үздiксiз қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

434-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 048 "Арнайы медициналық резервтi сақтау"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 8337 мың теңге (сегiз миллион үш жүз отыз жетi мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 28-бабы; "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 28-бабы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнің жұмылдыру дайындығын жоспарлау. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының медициналық қызмет мекемелерi мен құрылымдары үшiн арнайы құрылымдардың жұмылдыру дайындықтарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесi органдары мен мекемелерінің практикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылығымен қамтамасыз ету.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жұмылдыру мiндеттерiне, құрылатын мекемелер мен құрылымдарды жабдықтауға арналған жұмылдыру қоры мүлiктерінің үнемi дайындықта болуындағы қорлануға, әскери мiндеттiлердi есепке алу мен арнайы бөлуге сәйкес құрылатын денсаулық сақтау жүйесінің басқару органдарының, мекемелерi және құрылымдарының жұмылдыру дайындықтарымен қамтамасыз етудi республика көлемiнде бақылауды жүзеге асыру.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
     7. Бюджет бағдарламасын орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау органдары  мен  мекемелерінің  жұмылдыру
дайындығын арттыру. Сақтау жағдайын, мүлiктiң сақталу дәрежесiн жақсарту.
Ерекше кезеңде құрылған және әскери уақытта арнайы бөлiнгендердiң санынан
оларды медицина кадрларымен толықтырған денсаулық сақтау  мекемелерi  мен
құрылымдарының  жұмылдыру  қорларын  мүлiктермен  жарақтандыру    пайызын
арттыру.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

435-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 049 "Әдiснамалық жұмыс"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1648 мың теңге (бір миллион алты жүз қырық сегiз мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңының 21-бабы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: кәсiби білімдi жетілдiру, оқу-тәрбие процесiн әдiстемелiк қамтамасыз ету, оқу орындарының мамандарды даярлау сапасын жетілдiру жөніндегі озық жұмыс тәжiрибесiн жинақтау және тарату, орта медициналық білім беру жүйесіндегі педагогтардың әдiстемелік деңгейін көтеру.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: оқу-әдiстемелiк кешендер даярлауды қамтитын білім беру процесiн әдiстемелiк қамтамасыз ету; оқу процесiн ұйымдастыру үшiн мемлекеттік білім стандарттарын iске асыруды және оқулықтар мен әдiстемелердi дайындаудың орындалуын бақылауды қамтамасыз ететiн құжаттарды әзiрлеу.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
     7.  Бюджет  бағдарламасын  орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  кәсiби
білімдi  жетiлдiру,  оқу-тәрбие  процесiн  әдiстемелiк  қамтамасыз   ету.
Оқу-әдiстемелiк  оқу  құралдарын  әзiрлеу  және  қазiргi  заманғы   оқыту
әдiстерiнiң білім беру практикасына енгізу медицина колледждерiнде сапалы
оқытудың деңгейiн жақсартады.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

436-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 050 "Мемлекеттік білім гранттары

бойынша жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 512540 мың теңге (бес жүз он екi миллион бес жүз қырық мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білiм туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 қарашадағы "Мемлекеттік білім гранты туралы" 1781

қаулысы; Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі "Мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзінде жоғары оқу орындарының студенттер контингентi қалыптастырудың жаңа моделi туралы" № 464 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 маусымдағы "1999/2000 оқу жылында жоғары білімдi мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы" № 698 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 16 мамырдағы "Ел iшiнде 2000/2001 оқу жылында жоғары кәсiби және жоғары оқу орнынан кейiнгi білімдi мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы" № 731 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 маусымдағы "Ел iшiнде 2002/2003 оқу жылында жоғары кәсiби және жоғары оқу орнынан кейiнгi білімдi мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстарды бекіту туралы" № 614 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық білімдi біліктi мамандармен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламасының мiндеттерi: өтеусіз негiзде жоғары медициналық білімдi кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету; білім беру бағдарламаларын жетiлдіру; жаңа ақпараттық оқыту технологияларын енгізу, кәсiби білімге қол жеткізу деңгейiн көтеру.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 

     7.  Бюджет  бағдарламасын  орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  жоғары

кәсiби білім алу үшiн мемлекеттік білім гранттарын  беру  жолымен  кәсiби
білімге қол жеткізу деңгейiн көтеру; қоғам  дамуының  парасаттық,  мәдени
және рухани деңгейiн арттыру.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

437-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 051 "Қатерлi жұқпалы аурулардың

алдын алу және оларға қарсы күрес жүргiзу"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 699733 мың теңге (алты жүз тоқсан тоғыз миллион жетi жүз отыз үш мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5 , 9 , 11, 15, 21, 24, 25, 26, 28, 29, 30-баптары, Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: карантиндiк және басқа да аса қауiптi жұқпалардың (оба, тырысқақ, күйдiргi, бруцеллез және басқалар) алдын алу және оларға қарсы күрес; қоршаған орта объектiлерінің, оның iшінде көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтамасыз ету; жұқпалы аурулардың диагностикасын қамтамасыз ету; зертханалық зерттеулердi қамтамасыз ету.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары: