2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 412 - 464 қосымшалар)(ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 150б; 01.07.03 ж. № 150г; 26.09.03 ж. № 978;10.11.03 ж. № 150м; 09.12.03 ж. № 150аг қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
     7.  Бюджет  бағдарламасын  орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  елдегi
санитарлық-эпидемиологиялық  жағдайды  жақсарту;  жұқпалы,  оның   iшiнде
карантиндiк және басқа да аса қауiптi жұқпалы аурулардың алдын  алу  және
азайту; көлiктегi қоршаған орта объектілерi сапасын жақсарту.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

438-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 052 "Ана мен баланы қорғау"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 784135 мың теңге (жетi жүз сексен төрт миллион жүз отыз бес мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 54, 55-бабы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: ана мен баланың аурушаңдығы мен өлiм-жiтiмiн төмендету.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: әйелдерге, балалар мен жасөспiрiмдерге, оның iшiнде республика аймақтарына мамандардың барып жоғары біліктi, консультативтiк-диагностикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсетуi; орталық жүйке жүйесi, оның iшiнде балалардың церебральды параличiмен зақымданған балаларға санаторийлық, оңалту, сауықтыру көмегiн көрсету; лейкемиямен ауыратын балаларды емдеу үшiн препараттарды орталықтандырылған сатып алу.

ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 150аг қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
     7. Бюджет бағдарламасын  орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  ана  мен
баланың өлiм-жiтiмi, аурушаңдығы мен мүгедектiгi көрсеткiшiн төмендету.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

439-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 054 "Зертхана жабдықтары мен шығыс

материалдарын орталықтандырылған сатып алу"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 22021 мың теңге (жиырма екi миллион жиырма бір мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: ауруға жоғары тиiмдi диагностика жүргiзу және медициналық көмек көрсету мақсатында бактериологиялық зерттеулер үшiн туберкулез диспансерлерiн реактивтермен қамтамасыз ету.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: бактериологиялық зерттеулер үшiн туберкулез диспансерлерiн реактивтермен қамтамасыз ету.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
     7.   Бюджет   бағдарламасын   орындаудан   күтiлетiн      нәтижелер:
бактериологиялық зерттеулер үшін туберкулез диспансерлерiн  реактивтермен
жарақтандыру жолымен  туберкулез  ауруын  диагностикалаудың  деңгейi  мен
сапасын арттыру және осы негiзде туберкулезбен аурушаңдықты, мүгедектiктi
және өлiм-жітімді төмендету.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

440-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 055 "СПИД iндетiне қарсы әрекет"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 42914 мың теңге (қырық екi миллион тоғыз жүз он төрт мың) теңге.

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы; Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 17, 19-баптары; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" № 1207 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы "Халыққа тегiн медициналық көмек көрсетудің кепілдендiрiлген көлемiн бекіту туралы" № 135 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан (АҚТҚ) туындайтын инфекциялардың алдын алу, таралу қарқынын төмендету, адамның ЖҚТБ науқастануын тұрақтандыру.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: АҚТҚ-инфекциясы жағдайларын диагностикалау; АҚТҚ-ны жұқтырғандарды емдеу; АҚТҚ-ны жұқтырудың алдын алу; халық арасында жаппай ағарту және білім беру жұмыстарын жандандыру.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
     7.   Бюджет   бағдарламасын   орындаудан   күтiлетiн      нәтижелер:
мiнез-құлықтары қатерлi топтардың      20%-ын алдын алу бағдарламаларымен
қамту; халықтың        АҚТҚ/ЖҚТБ туралы ақпараттану деңгейiн арттыру және
АҚТҚ-инфекциясының таралу қарқынын төмендету.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

441-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 056 "Халыққа медициналық қызмет

көрсетудi басқаруды жетiлдiру"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 71786 мың теңге (жетпiс бір миллион жетi жүз сексен алты мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықтың денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 04 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "2000-2005 жылдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн одан әрі жетiлдiру Тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 790 қаулысы; "Қазақстан Республикасының дәрi-дәрмек саясаты тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 584 қаулысы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыруды одан әрi жетiлдiру тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 шiлдедегi № 773 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: халықтың медициналық қызметтiң ауқымы мен сапасына деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған халыққа медициналық қызмет көрсетудi басқаруды жетiлдiру.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: науқастарға диагноз қою мен емдеудің есептерiмен қоса олардың хаттамаларын әзiрлеу, диагноз қою мен емдеудiң қол әрекетiн жүргiзу үшiн диагноздық зерттеулер жүргiзу мен медициналық жабдықтардың түрлерiн жетiлдiруге қажетті уақыттың есептi нормаларын әзiрлеу, негiзгi дәрiлiк заттардың тiзiмiн құрау жүйесiн жетiлдiру, амбулаториялық науқастардың жекелеген санаттарын дәрiлiк заттармен тегiн қамтамасыз ету жүйесiн жетілдiру, дәрiлiк заттарды қолдану кезiнде қауiптi жанама салдарлардың алдын алу үшiн дәрiлiк заттардың болуы мүмкін жанама әсерлерiн зерделеу және ақпараттық ілестiру, міндеттi медициналық сақтандыруды (ММС) енгізу жөніндегі актуарлық есептерiн жүргiзу.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:

 
 
 
     7. Бюджет бағдарламасын орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  денсаулық
сақтаудың  нормативтiк  базасын,  халыққа  медициналық  қызмет  көрсетудi
жетiлдiрудi және денсаулық сақтау  саласының  қаржыландырылуын  жақсарту;
науқастарды емдеу үшiн қауiпсiз және тиiмдi дәрiлiк препараттардың тиiмдi
пайдаланылуын  қамтамасыз  ету  және  халықты  дәрi-дәрмекпен  қамтамасыз
етудiң баршаға жеткіліктілігін арттыру.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

442-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылдарға арналған

057 "Ғылыми кадрларды стипендиямен қамтамасыз ету"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 35445 мың теңге (отыз бес миллион төрт жүз қырық бес мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік білім гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: кандидаттық, докторлық диссертацияларды даярлау және клиникалық ординатураларда оқыту кезеңiнде мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқитын ғылыми кадрларды әлеуметтiк қамтамасыз ету.

5. Бюджет бағдарламасының міндеттерi: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын ғылыми кадрлардың тамақтану, тұру және оқу-әдiстемелiк әдебиеттi сатып алу шығыстарын қамтамасыз ету.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
     7.   Бюджет   бағдарламасын   орындаудан   күтiлетiн      нәтижелер:
аспиранттарды,  докторанттарды,  клиникалық  ординаторларды  стипендиямен
қамтамасыз етуге бағытталған қаражатты уақытында және мақсатты пайдалану.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

443-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi

2003 жылға арналған 058 "Ғылыми кадрларды даярлау"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 17703 мың теңге (он жетi миллион жетi жүз үш мың теңге).

2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi "Ғылым туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы "2000-2005 жылдарда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды одан әрi дамыту Тұжырымдамасы туралы" № 790 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 8 маусымдағы "2002/2003 оқу жылында ел iшiнде жоғары кәсiби және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырысын бекіту туралы" № 614 қаулысы.

3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімдi біліктi мамандармен қамтамасыз ету.

5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: біліктiлiгi жоғары кадрларға қойылатын қазiргi заманғы талаптарды ескере отырып, біліктілiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 
 
 
     7.  Бюджет  бағдарламасын  орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:   еңбек
нарығындағы бәсекеге жарамды жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiнгi  кәсiби
білімдi  мамандар  -  докторлар  мен  ғылым  кандидаттарын,    клиникалық
ординаторларды уақытылы және тиiмдi даярлау.

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсан

№ 1429 қаулысына

444-қосымша