1. Құны: 24991 мың теңге (жиырма төрт миллион тоғыз жүз тоқсан бір мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Халықтың денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 04 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттен қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: республика аумағында жұқпалы ауруларға қарсы шараларды уақтылы жүргiзу және дәрілік заттар айналымын бақылау үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң аумақтық органдарын санитарлық автокөлiкпен қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң аумақтық органдарын санитарлық автокөлiкпен жарақтандыру.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қамтамасыз
етілуін арттыру мақсатымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің аумақтық органдарын санитарлық автокөлiкпен жарақтандыру
және соның негiзiнде республика аумағында жұқпалы ауруларға қарсы
шараларды уақтылы жүргiзу және дәрілік заттар айналымын бақылау жөнiнде
жедел және сапалы шаралар жүргiзу. Фармация, фармацевтика және медицина
комитетi аумақтық органдарының жарақтандырылуы 100%, Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi аумақтық органдарының
жарақтандырылуы 90%.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулымен 453-1-қосымшамен толықтырылсын
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 бұйрығына
453-1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
_________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған республикалық бюджет бағдарламасының
208 "Медициналық ұйымдарды орталықтандырылған
медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету"
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200000 мың теңге (Екi жүз миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: ауруларды жоғары тиiмдi диагностика, алдын алу және емдеу жүргiзу үшiн облыстық медицина ұйымдарын қажеттi осы заманғы медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: облыстық денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыру.
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 150аг қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: облыстық
медицина ұйымдарының әлемдiк стандарттар деңгейiн аурушаңдықты,
мүгедектiктi және өлiм-жiтiмдi төмендетуге мүмкiндiк беретiн осы заманғы
медициналық жабдықтармен жарақтандыру жолымен ауруларды диагностикалау мен
емдеудiң деңгейi мен сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
454-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 302 "Астана қаласында перинаталдық
орталық салу үшiн жобалау-сметалық құжаттамаларды
әзiрлеу" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 54000 мың теңге (елу төрт миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаттары: жоғары қауiптi топтағы жүктi, босанатын және босанған әйелдерге мамандандырылған медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, аналар мен нәрестелердiң, оның iшінде перинаталдық өлiм-жітімдi төмендету; Астана қаласында әйелдердiң ұрпақ жаңғырту денсаулығын жақсарту.
5. Бюджет бағдарламасының міндеттерi: Астана қаласында перинаталдық орталық салу үшiн техникалық-экономикалық негiздемесi бар жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтілетiн нәтижелер: Астана
қаласында перинаталдық орталық салу үшiн мемлекеттік ведомстводан тыс
сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсан
№ 1429 қаулысына
455-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 306 "Республикалық медицина колледждi
күрделi жөндеу" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 15000 мың теңге (он бес миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" № 735 Жарлығы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердi сақтау мақсатында Республикалық медицина колледжiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: республикалық медицина колледжiнің ғимараттары мен құрылыстарының жалпы құрылыстық санитарлық-техникалық, электр-монтаждық, жөндеу жұмыстарын жүргiзу.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Орта