Бағдарламаны iске асыру тетiгiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк-экономикалық қызметтiң барлық бағыттары бойынша мақсатты бағытталған және келісілген iс-қимылдармен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сондықтан Бағдарламаны iске асырудың нақты шаралары мен тетiктерi сондай-ақ ел экономикасының тиiстi салаларының дамуын көздейтiн басқа салалық бағдарламаларда да көрiнiс табатын болады.
Сонымен қатар барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында кедейлiктi азайту жөнiнде осындай өңiрлiк бағдарламалар әзiрленетiн болады.
Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткізу Қазақстан Республикасы Yкіметінiң оның iске асырылуына тұрақты мониторинг жүргiзуi арқылы бақыланатын болады, ол орталық деңгейде де, өңiрлiк деңгейде де жүзеге асырылады. Кедейлiктi азайту жөнiнде қолданылатын шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi бойынша, қажет болған жағдайда, Бағдарламаға және оны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарына тиiстi түзетулер енгізілетiн болады.
5. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
Бағдарлама кешендi сипатта, сондықтан 2003-2005 жылдары Қазақстанда кедейлiктi азайтуға бағытталатын негiзгi қаражат экономиканың тиiстi салаларында кедейлiктi азайту мәселелерiн шешетiн қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберiнде көзделетiн болады, оларға:
1) мынадай:
- "Білім беру";
- "Халық денсаулығы";
- 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық-азық-түлiк;
- Қазақстан Республикасының автомобиль жолы саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған;
- Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары;
2) мынадай:
мүгедектердi сауықтыру жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған;
- "Ауыз су";
- Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-қимыл жөнiнде 2001-2005 жылдарға арналған;
- нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі 2002-2003 жылдарға арналған;
- "Ауыл мектебi" салалық бағдарламалары жатады.
Жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыруға 2003-2005 жылдары республикалық және жергiлiктi бюджеттерден 610 млрд. теңгеден астам көлемде, соның iшiнде 2003 жылы - 185 млрд. теңгеден астам, 2004 жылы 197 млрд. теңгеден астам, 2005 жылы - 227 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу көзделiп отыр.
Қазақстан Республикасында кедейлiк деңгейiне тiкелей немесе
жанама түрде ықпал ететiн мемлекеттік және салалық бағдарламалар
млн. теңге
* - сомалар 2002 жыл есепке алынбай келтiрiлген
** - бағдарламалар әзiрлену үстiнде
Сонымен қатар елде, атап айтқанда, әсiресе ауылдық жерде денсаулық сақтау, білім беру қызметтерiне, ауыз суға қол жетiмдiлiгiн арттыру саласында кедейлiктi азайтудың неғұрлым маңызды мәселелерін шешу үшiн халықаралық ұйымдардың мен донор елдердiң көмегiн тарту көзделуде.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КYТІЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
Тұтастай алғанда Бағдарламаның iске асырылуы және онда көзделген барлық шаралардың қолданылуы ел халқының әл-ауқатын арттыруға және оның одан әрi өсуi үшiн алғышарттар жасауға ықпал етуге тиiс. Халықтың жан басына шаққанда жалпы iшкi өнiм көлемiн 2028 АҚШ долларына жеткізу, жұмыссыздық деңгейiн 2002 жылғы 9,4%-дан 2005 жылы 8,1%-ға дейiн азайту, табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесiн 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда төрттен бірге және кедейлiк шегiнен төмен тұратын халықтың үлесiн 48,8%-ға дейiн азайту көзделуде.
Ең алдымен ауылдық жерлерде халықтың денсаулық сақтау, білім беру, сумен жабдықтау, көлiк және коммуникация қызметтерiне қол жетiмдiлiгi жақсарады, жайсыз экологиялық факторлардың әсерi төмендейдi.
Халықтың тұрмыс деңгейіндегі өңiраралық теңсiздiк қысқарады.
7. Қазақстан Республикасында Кедейлiктi азайту жөніндегі
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асырудың
Іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінiң 29.09.03 ж. № 992; 03.04.04 ж. № 272 қаулылармен жоспар өзгертілді