Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 1315 Жарлығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Президентінің 2026.15.06. № 1315 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттік мекеме - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетi (бұдан әрi Комитет), оған таратылатын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының функциялары және мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі өкiлеттiгi берiле отырып, құрылсын.
ҚР Президентінің 2017.13.10. № 563 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоса берiлiп отырған Комитет туралы ереже бекiтiлсiн.
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2001 ж., № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет 107
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттiң аумақтық органдары 534»;