"Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың Үлгi
ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 707 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2003 жылғы 15 наурыздағы № 157 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005.15.04. № 244 Бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2000 жылғы 22 қыркүйекте № 1245 тiркелген "Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың Үлгi ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 707 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың Үлгi ережелерi:
Мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Кәсiптiк орта білім беретiн оқу орындарына қабылдау кезiнде мемлекеттік тапсырыстан ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша 30 пайыз, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға 2 пайыз мөлшерiнде квота белгiленедi";
Мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Кәсiптiк орта білім беретiн оқу орындарына түсушi азаматтардан өтiнiш қабылдау 20 маусымнан 1 тамызға дейiн, түсу емтихандары (тестiлеу) 2 тамыздан 28 тамызға дейiн жүргiзiледi.