"Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жарғысын бекіту туралы"
Қазакстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 17 сәуірдегі № 366 қаулысы
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Жоба
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
ұйымының жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымның жарғысы бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті