7. Бюджеттік бағдарламаларды орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасы сыртқы экономикасының дамуын болжауды құру кезiнде
талдағыштарды пайдалану, Қазақстан Республикасының кеден органдарын
есептеу және офистiк техникалармен жарақтандыру, КААЖ-дың
жүйелік-техникалық тұғырнамасын жаңғырту, автокөлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының шекарасы арқылы өтуiн бейне бақылау жүйесiн енгізу.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
702-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.11.03 ж. № 150т қаулысымен 702-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Keдендік бақылау агенттiгі
_________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "КААЖ" кедендiк ақпараттық жүйесiн
дамыту" 600 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 162 078 мың теңге (жүз алпыс екi миллион жетпiс сегiз мың
теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан
Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық
инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан
Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң 2000-2002 жылдарға арналған
тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000
жылғы 25 ақпандағы № 301 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет
қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы кеден
қызметiнiң Кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесiн одан әрi енгізу,
кеден алымдары мен бюджетке төлемдер аударымдарын көтеру мақсатында
кедендiк ресiмдеу процестерiн автоматтандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес, жүктiк кедендік декларациялардың электронды көшірмелерiнiң
дерекқорын орталықтандырып қалыптастыру, жасалған қорлардың негiзiнде
Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының статистикасын жүргiзу, мүдделi
министрлiктер мен ведомстволарға беруге арналған Қазақстан Республикасының
кеден органдары қызметiнiң негiзгi көрсеткіштерiнiң мониторингi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Кедендiк автоматтандырылған
ақпарат жүйесіне ақпараттық технологиялар енгізу, кедендiк ақпарат
жүйелерiн одан әрi дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаларды орындаудан күтiлетін нәтижелер:
Қолданбалық бағдарламалық қамтамасыз ету модульдерiнiң дамуын қамтамасыз
ету, КААЖ қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудiң функционалдық
мүмкiндiктерiн кеңейту, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басқа да ақпараттық
жүйелерiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыру.