Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1693 тіркелген
"Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 178
бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі
№ 236 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008.12.09. № 575 Бұйрығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметімен байланысты кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 және "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы № 288 қаулыларына сәйкес, элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті одан әрі ретке келтіру мақсатында бұйырамын:
1. "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 178 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы № 336 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1693 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 3)-тармақшасы алынып тасталсын;
осы бұйрықпен бекітілген Элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестаттау ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"3. Заңды және жеке тұлғаларды аттестаттауды олардың өтініштері негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен құрылған сараптамалық комиссия жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"5. Элиттұқшарды аттестаттау нәтижесі бойынша сараптамалық комиссияның қорытындысы беріледі.";