Бір жолғы талондар беруді және шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимін қолдануды ұйымдастырудың кейбір мәселелері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 182 бұйрығы (2006.25.12. берілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Бiр жолғы талондар берудi және шаруа (фермер) қожалықтарына арналған
арнайы салық режимін қолдануды ұйымдастырудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитеті
төрағасының 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 182 бұйрығы

(2006.25.12. берілген өзгерістерімен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 618 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес бұйырамын:

1. Кейбір бұйрықтарға мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі № 417 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіндe 2002 жылғы 22 сәуірде № 1832 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтiк құқықтық актілері бюллетенiнде 2002 жыл, маусым, № 21 жарияланған) өзгерістермен "Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіндe 2001 жылғы 20 қазанда № 1685 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтiк құқықты актілері бюллетенiнде 2002 жылғы № 4 жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бір жолғы талондарды беру Ережелерінде:

3-тармақтың "1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деген сөздер "1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес толықтырылсын;

4-қосымшаның "Бір күнге берілген бiр жолғы талонның құны" 4-бағаны алынып тасталсын;

5-қосымшаның 3 және 9-бағандары алынып тасталсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.