Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзiмiн ұзартуды реттейтiн актiлердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 ж. 18 сәуірдегі № 136-І бұйрығы
(2005.09.08. берілген толықтырулармен)
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiнде жолаушылар поездары қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту ережесi (1-қосымша);
2) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен ВУ-5 нысанды үлгiдегi оларға теңестiрiлген вагондардың техникалық паспорты (2-қосымша);
3) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргiзу туралы Акт нысаны (3-қосымша);
4) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту жөніндегі мүмкiншiлiктi анықтау үшiн жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiн тексерудi өткізу әдiстемесi (4-қосымша);
5) Жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiнiң картасы (5-қосымша) бекітілсiн.
2. Темір жол көлiгi департаментi (Н.Т.Байдәулетов) белгiленген тәртiпте осы бұйрықты:
1) мемлекеттік стандарттау жүйесiнiң тiзiлiмiне тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiне;
2) мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.