Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы 2003 ж. 3 маусымдағы № 423-II Қазақстан Республикасының Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

 

 

6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері

 

18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері

1. Қор:

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеуді талап етуге;

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  2) тармақша  жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)

2) тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы уәкілетті органның алдында өтініш жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату ісін жүргізуге қатысуға;

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  3) тармақша өзгертілді  ( бұр. ред . қара)

3) тарату комиссиясынан және кредитордан Қордың міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат пен құжаттар  беруді талап етуге;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) уәкілетті органнан қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қаржылық жай-күйі, қатысушы-сақтандыру ұйымы жасасқан сақтандыру шарттарының саны туралы мәліметті және сақтандыру құпиясын және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, өзге де қажетті ақпаратты сұратуға;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) осы Заңда, сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда кредиторға кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) осы Заңның 15-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген оқиға басталған жағдайда, кредитор мен «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы арасында жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеудің барабарлығын тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартуға;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес комиссиялық сыйақы алуға;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

8) қатысушы-сақтандыру ұйымынан Қордың директорлар кеңесі айқындаған мерзімдерде және көлемде ақпаратты, оның ішінде сақтандыру және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша оның міндеттемелері жөніндегі мәліметтерді сұратуға және алуға;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

9) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген өз функциясын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

10) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 4-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

2. Қор:

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандыру ұйымымен қатысу шартын жасасуға;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1) «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерін есепке алуды бөлек жүргізуге;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды Қордың меншікті активтерінен бөлек жүргізуге;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен активтерді қаржы құралдарына инвестициялауға;

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред . қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынуға;

 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  4) тармақша  жаңа редакцияда (бұр. ред . қара)

4) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына олардың сұрау салулары бойынша қатысу шартына сәйкес айқындалатын көлемде өзінің қаржылық есептілігін беруге;

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын жариялауға;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелер қалыптастыруын бақылауды жүзеге асыруға;

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  7) тармақша  өзгертілді ( бұр. ред . қара)

7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға осы Заңда  және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға;

8) аудит өткізуге;

9) сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзуының өзіне мәлім болған фактілері жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге;

10) кредиторға кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы тарату комиссиясына хабарлауға;

11) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  12) тармақша  өзгертілді ( бұр. ред . қара)

12) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы өздеріне мәлім болған бүкіл ақпаратты тек қана қызмет мақсаттарында пайдалануға;

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  13) тармақшамен толықтырылды

13) осы Заңның 15-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын өтеуге.

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес өздерi жүргiзетiн операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды

2-2. Сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға), сақтандыру шартын жасасуға ниеті бар адамдарға өзінің қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында Қор өзінің интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:

1) өзінің, оның ішінде өз филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауын, мекенжайын (тұрған жерін), телефон нөмірлерін, жұмыс режимін;

2) акционерлер туралы мәліметтерді;

3) басшы қызметкерлер туралы мәліметтерді;

4) мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді;

5) қызметтің жүзеге асырылатын түрлері туралы мәліметтерді;

6) аудиторлық ұйым растаған алдыңғы есепті үш жыл үшін жылдық қаржылық есептілікті;

7) алдыңғы есепті үш жыл үшін қызмет қорытындылары туралы есептерді;

8) қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестіктеріне қатысу туралы мәліметтерді (болған кезде);

9) қатысушы-сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтерді орналастыруға міндетті.

3. Қордың Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:

1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы ақпаратты жариялауға;

2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға қатысты ақпарат алуға;

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  3) тармақша  жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)

3) Қордың қаржылық есептілігін Қордан талап етуге құқылы;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлерін есептеу, олардың мөлшерлемелерін бекіту, төтенше жарналардың мөлшерін есептеу үшін қажетті ақпаратты Қорға беруге;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) Қорға Қордың директорлар кеңесі айқындаған мерзімдерде және көлемде ақпаратты, оның ішінде сақтандыру және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша өзінің міндеттемелері жөніндегі мәліметтерді беруге;

3) өзінің төлем қабілетсіздігі басталғаны және уәкілетті органның санкциялар қолдану фактілері туралы Қорға хабарлауға;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы Қорды хабардар етуге;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылы

4-1) осы Заңда көзделген жағдайларда өзiне тиесiлi Қор акцияларын иелiктен шығаруды жүргiзуге;

5) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берілгендігі туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы Қорды хабардар етуге;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылы (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын лицензиядан айырғаны және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүргізгені туралы Қорды хабардар етуге;

6) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  7) тармақшамен толықтырылды

7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға.

Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен қосымша жарналарды төлеуге мiндеттi.

3. Қатысушы-сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Тарату комиссиясы Қордан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының кредиторларына кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы хабарлама алуға құқылы.

2. Тарату комиссиясы:

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) құжаттардың көшірмелерін және үзінді көшірмелерін алу құқығын бере отырып, Қордың уәкілетті өкілдерінің Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын тарату немесе қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесіне қатысты ақпарат пен құжаттамаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

 2) өзінің кредитор алдындағы міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы Қорға шұғыл түрде хабарлауға;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) сақтандыру шарттарын жасасуға қатысты Қор сұратқан ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.

3. Тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері

1. Кредитордың:

1) Қордан осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жүзеге асыруды талап етуге;

2) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) тарату комиссиясынан талаптарды Қордан алынған кепілдік төлемінен асатын мөлшерде қанағаттандыруды талап етуге құқығы бар.

2. Кредитор:

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) Қорға Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде немесе сақтандыру шартында көзделген, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандыру шарты бойынша шығындардың мөлшерін растайтын құжаттарды ұсынуға;

2) Қордың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредитордың өзіне ауысқан құқықтарын іске асыруына қажетті барлық құжаттарды беруге міндетті.

3. Кредитордың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

 

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

21-1-бап. Кепілдік төлемдерді және зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру кезінде делдалдық көрсетілетін қызметтерді реттеу

1. Егер кепілдік төлемді немесе зиянды өтеу бойынша төлемдерді алуға өтініш пен құжаттар Қорға осындай төлемді алу үшін делдалдық қызметтерді көрсететін адамның қатысуымен ұсынылған жағдайда, мұндай құжаттарға қосымша ретінде Қорға осы адамның комиссиялық сыйақысы мөлшері көрсетіле отырып, делдалдық қызметтерді көрсету туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылуға тиіс.

2. Кепілдік төлемді немесе зиянды өтеу бойынша төлемді алу үшін делдалдық қызметтерді көрсететін адамның комиссиялық сыйақысының мөлшері:

1) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша осындай төлем сомасының он пайызынан;

2) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша осындай төлем сомасының бір пайызынан аспауға тиіс.

 

 

7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру

1. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, сақтандыру ұйымдарының Қорға міндетті қатысуы жөніндегі талаптар алып тасталған жағдайда Қор таратылуы мүмкін.

3. Қордың таратылуы кезiнде қалыптастырылған сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервiнiң және зиянды өтеу резервiнiң қаражаты Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының арасында олардың Қордың осы резервтерiне қатысу үлесiне барабар мөлшерде бөлiп берiледi.

4 - 8. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

23-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.

24-бап. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев