Кастодиандық үлгі шарттардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 139 Қаулысы (2013.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

13. Шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.

4-тарау. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттың режимі

14. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот зейнетақы активтерінің есебінен шетел валютасына номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алуға арналған шетел валютасын сатып алуға, шетел валютасын сатуға, құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кіріс түсіміне, бағалы қағаздарды өтеуге, салымдарға орналастыруға және екінші деңгейдегі банктерде шетел валютасымен орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды және шетел валютасындағы басқа түсімдер мен шығыстарды алуға арналған.

15. Шотты басқару құқығы Ұйымға тиесілі.

16. Шетел валютасындағы шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.

5-тарау. Зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банктік шотының режимі

17. Зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банктік шоты зейнетақы төлемдерін төлемдер алушының банкіне жүзеге асыруға және/немесе салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкіне немесе сақтандыру ұйымына аударуға, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аударуға арналған.

18. Шотты басқару құқығы Ұйымға тиесілі.

19. Шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.

6-тарау. Зейнетақы төлемдерінің валютадағы банктік шотының режимі

20. Зейнетақы төлемдерінің валютадағы банктік шоты салымшының Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын жерге көшіп кетуіне байланысты оның жинақталған зейнетақы қаражатын алуға арналған.

21. Шотты басқару құқығы Ұйымға тиесілі.

22. Шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.

7-тарау. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттың режимі

23. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот Қордың бағалы қағаздарды және зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған басқа да қаржы құралдарын есепке алуға арналған баланстан тыс шоты болып табылады.

24. Шотты басқару құқығы Ұйымға тиесілі.

25. Шоттағы қаржы құралдары кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.

8-тарау. Кастодиан көрсеткен қызметке ақы төлеу мөлшері мен тәртібі

26. Қор мен Ұйым Кастодианның шоттарын осы Шартқа және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару үшін Қор мен Ұйым арасында жасалған шартқа сәйкес төлейді.

27. Кастодианның тарифтері осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.

9-тарау. Есеп беру нысандары және кезеңділігі

28. Кастодиан теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалуына қарай Ұйым мен Қорға операциялардың түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы хабарлама және Қорға көрсетілген хабарламаны және оның үзінді-көшірмесін береді.

29. Кастодиан қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарға(дан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) туралы үзінді-көшірмені, сондай-ақ «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» жабық акционерлік қоғамының үзінді-көшірмелерін Ұйым мен Қорға бағалы қағаздардың қозғалуына қарай не ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.31.01. № 10 Қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

30. Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың үш жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру үшін мыналар туралы деректерді электрондық түрде қалыптастырады және Ұйым мен Қорға жібереді:

1) қаржы құралдарының құрылымы;

2) теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы;

3) қаржы құралдарының сатып алу құны;

4) зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың ағымдағы құны;

5) есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы;

6) зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақының сомасы.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.31.01. № 10 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31. Шарттың 30-тармағында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей үш данада жасалынатын және Кастодианның, Ұйымның және Қордың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылатын үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді.

Салыстырып тексеру актісінде мыналар көрсетіледі:

1) салыстырып тексеру актісінің жасалған күні және салыстырып тексеру жүргізілетін кезеңі;

2) салыстырып тексеру жүргізілген кезеңдегі мынадай сомалар туралы ақпарат:

келіп түскен зейнетақы жарналардың, оның ішінде қате есепке алынған жарналардың;

зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен есептелген және аударылған сыйақы;

инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдері шотына аударылған жинақталған зейнетақы қаражаттардың;

зейнетақы төлемдері шотынан жасалған төлемдердің;

есептелген жиынтық кірістің немесе шығынның;

3) салыстырып тексеру актісін жасау күніне мыналар туралы ақпарат:

инвестициялық шоттағы жинақталған зейнетақы қаражатының қалдығы;

зейнетақы төлемдер шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының қалдығы;

жиынтық инвестициялық кірістің немесе шығынның сомалары;

4) Шартта көзделген өзге мәліметтер.

32. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығындар пайда болған жағдайда Кастодиан, Ұйым және Қор мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген ресімдерге сәйкес осындай шығындар бойынша салыстырып тексеру жүргізеді.

10-тарау. Тараптардың жауапкершіліктері

33. Ұйымның және Қордың осы Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) Кастодиан уақтылы орындамаған жағдайда Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған тарапқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күніне белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 мөлшерінде ақы төлеу күнін қосқанда әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген айыппұл төлейді.

34. Осы Шарттың 7-тармағының 7) тармақшасында және 9-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды уақтылы төлемеген жағдайда Қор және/немесе Ұйым зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға Қор мен Ұйым арасында жасалған шартқа сәйкес Кастодианға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күніне белгіленген қайта қаржыландыру ставкасының ___ мөлшерінде ақы төлеу күнін қосқанда әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген сомаға есептелген айыппұл төлейді.

35. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамау, дұрыс немесе уақтылы орындамау нәтижесінде басқа тарапқа немесе тараптарға шығын келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы тарапқа немесе тараптарға шығынды өтеуге және оларға төлем жасау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 мөлшерінде тараптың әрқайсысына жеке есептелген шығын сомасына есептелген айыппұл төлейді.

36. Егер айыппұлдардың туындау негіздері осы Шарттың 11-тарауында көрсетілген дүлей күш жағдайына тікелей байланысты болса, тараптар осы Шарттың 33, 34 және 35-тармақтарында көрсетілген айыппұлдарды төлеуден босатылады.

37. Ұйым Қазақстан Республикасының бастапқы және қайталама бағалы қағаздар рыноктарында және халықаралық рыноктарда жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша есептеулерге арналған төлем тапсырмаларының Кастодианға уақтылы берілуі үшін жауапкершілік көтереді.

11-тарау. Форс-Мажор жағдайлары

38. Егер осы Шарттың 39-тармағында көрсетілген Форс-мажор жағдайлары тараптардың біріне осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға бөгет, кедергі жасаса немесе кідіртсе, осындай тараптың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы Форс-мажор жағдайлары созылатын уақытқа тең және жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасау немесе кідірту дәрежесінде тоқтатыла тұрады.

39. Форс-мажор өртті, су тасқынын, зілзаланы, соғыстарды (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, осы Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдар, қаулылар, шешімдер және уәкілетті органдардың өзге де актілерін қабылдауды қоса отырып, бірақ шектелместен кез келген жағдайларды білдіреді.

40. Форс-мажор туындаған күні осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін кедергісі бар тарап басқа тараптарды Форс-мажордың басталғаны туралы және Форс-мажордың оған осындай міндеттемелерді орындауға әсері туралы жазбаша хабарлауы тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей Форс-мажор туралы хабарламаса, осындай тарап осы тарап үшін Форс-мажор нәтижесінде басқа тараптарға хабарлама жіберуге мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда осы шарттың 38-тармағында көрсетілген құқықтарын жоғалтады.

41. Форс-мажор тоқтатылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған тартылған тарап басқа тарапқа Форс-мажордың тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауы тиіс және осы шарт бойынша міндеттемелерін орындауды жаңартуы тиіс. Егер Форс-мажор басталғаннан кейін бір айдан астам уақытқа созылса, тараптардың кез келгені 12-тарауға сәйкес осы Шарттың қолданылуын тоқтатуға құқылы.

12-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу тәртібі

42. Кастодиандық шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.

43. Кез келген тарап Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін бір айдан кейін және хабарланған тараптың қарсылығы болмаған жағдайда шарт бұзылды деп саналады.

44. Шартты Кастодианның бастамасы бойынша бұзған жағдайда ол Қор мен Ұйым кастодиандық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар басқа банкпен осы Шарттың 46-тармағының талаптарына сәйкес кастодиандық шартқа қол қойған сәтке дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті.

45. Осы Шартты бұзу белгіленген күнге дейін жиырма күндік мерзімде Кастодиан, Қор немесе Ұйым Кастодианның, Қордың зейнетақы активтерін қабылдаған кастодиан-банктің, Қордың және Ұйымның уәкілетті өкілдерінен қалыптастырылған, міндеттеріне Қордың зейнетақы активтерін түгендеу және оларды қабылдаушы кастодиан-банкке өткізу тәсілдері мен мерзімдерін айқындау кіретін келісім комиссиясын құрады. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша төрт жақты зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі ресімделеді.

46. Осы Шартты бұзу сәтінен бастап алты айға дейінгі мерзімге Қор, Кастодиан және қабылдаушы кастодиан-банк арасында Кастодианның оған келіп түскен зейнетақы активтерін қабылдаушы кастодиан-банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады. Осы шартқа мынадай талаптар енгізілуі тиіс:

1) келіп түскен зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес сақтауды қамтамасыз ету;

2) келіп түскен зейнетақы жарналары туралы құпиялылығын және коммерциялық құпияны сақтау;

3) Кастодианның міндеттемелерін орындауға кедергі болатын жағдайлар туралы осындай жағдайлар туындағаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Қорды жазбаша хабардар ету міндеті;

4) Кастодианның Қордың банктік инвестициялық шотынан ондағы ақшаны оны одан әрі қабылдаушы кастодиан-банкке аудару үшін акцептсіз тәртіппен алу құқығы;

5) Қордың Кастодиан көрсеткен қызметі үшін Қор күнтізбелік айдың нәтижесі бойынша Кастодианнан шот-фактураны алған күннен бастап __ жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлеуге міндетті.

13-тарау. Басқа да талаптар

47. Тараптар Қазақстан Республикасының осы Шарттың мәніне қатысты және осы Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін заңдарын сақтауға міндеттенеді.

48. Осы Шарт әрқайсысының заң күшi бiрдей мемлекеттік және орыс тілінде төрт дана етiп жасалған: әрбір тарапқа бірден, төртінші данасы уәкілетті мемлекеттік орган үшін.

49. Осы Шарттың талаптары кез келген өзге шарттың немесе тараптар арасында жеке немесе бірге жасалған келісімнің талаптарына қайшы келген жағдайда осы Шарттың ережелері басымды болып табылады және тараптар ең алдымен осы Шарттың ережелерін басшылыққа алады.

50. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісуі бойынша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі. Тараптардың осы Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде қарайды.

51. Тараптардың ешқайсысы да осы Шарт бойынша құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаға өткізуге немесе беруге құқылы емес.

 

14-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары

      ҚОР                                  ҰЙЫМ

________________________________   ________________________________

________________________________   ________________________________

(Қордың деректемелері, салық        (Ұйымның деректемелері, салық

төлеушінің тіркеу нөмірі, почталық  төлеушінің тіркеу нөмірі,

мекен-жайы, телефондары, банктік    почталық мекен-жайы,

бірегейлендіру коды, жеке бірегей-  телефондары, банктік

лендіру коды, бенефициардың коды)   бірегейлендіру коды, жеке

________________________________    бірегейлендіру коды,

(Қордың өкілінің лауазымы, қолы)    бенефициардың коды)

           МО                      ________________________________

                                   (Қордың өкілінің лауазымы, қолы)

                                               МО

КАСТОДИАН

________________________________

________________________________

________________________________

(Кастодианның деректемелері,

салық төлеушінің тіркеу нөмірі,

почталық мекен-жайы, телефондары,

банктік бірегейлендіру коды, жеке

бірегейлендіру коды, бенефициардың

коды)

_______________________________

(Кастодианның өкілінің лауазымы, қолы)

           МО

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2003 жылғы 21 сәуірдегі

№ 139 «Кастодиандық үлгі

шарттардың нысандарын

бекіту туралы» қаулысына

2-қосымша

Кастодиан банк, зейнетақы активтерін инвестициялық

басқаруды жүзеге асыратын ұйым және жинақтаушы

зейнетақы қоры арасында жасалатын

КАСТОДИАНДЫҚ ҮЛГІ ШАРТ

     »____»____________ 200___жыл
                                 ________________________________
                                      (елді мекеннің атауы)
      Осы Шарт мынадай тараптардың арасында жасалды:
      Жинақтаушы зейнетақы қоры
__________________________________________________________________
      (қордың атауы, лицензия номері және берілген күні)
бұдан әрі «Қор» деп аталады, жарғы және заңдарға сәйкес берілген сенімхат
негізінде іс-әрекет жасайтын
___________________________________________________________ арқылы.
                                     (лауазымы, аты-жөні)
      Кастодиан банк
__________________________________________________________________
      (банктің атауы, лицензия номері және берілген күні)
бұдан әрі «Кастодиан» деп аталады, жарғы және заңдарға сәйкес берілген
сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
___________________________________________________________арқылы.
                                     (лауазымы, аты-жөні)
 

1-тарау. Шарттың мәні

1. Шарттың мәні Қордың зейнетақы активтерін жауапты сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті ұсыну болып табылады.

2. Қор салымшылардан зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады және Қордағы жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізеді. Осы функцияларын жүзеге асыру үшін Қор Кастодианда шот ашады.

3. Қор тапсырады, ал кастодиан Қазақстан Республикасының заңдарын сақтай отырып және осы Шартқа сәйкес Қордың өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерінің (ақша, бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары) сақталуын және есебін жүргізуді қамтамасыз етеді және қордың зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуына бақылау жасайды.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

4. Кастодиан:

1) Қорға осы Шарттың 3-тарауында сипатталған шот режимінде теңгеде банктік инвестициялық шот ашуға және жүргізуге;

2) Қорға осы Шарттың 4-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасында банктік инвестициялық шот ашуға және жүргізуге;

3) Қорға осы Шарттың 5-тарауында сипатталған шот режимінде теңгеде банктік зейнетақы төлемдері шотын ашуға және жүргізуге;

4) Қорға осы Шарттың 6-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасында банктік зейнетақы төлемдері шотын ашуға және жүргізуге;

5) Қорға осы Шарттың 7-тарауында сипатталған шот режимінде зейнетақы активтері есебінен инвестициялауға рұқсат етілген бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шот (бұдан әрі - қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот) ашуға және жүргізуге;

6) міндетті зейнетақы жарналарын, Уәкілетті ұйым (бұдан әрі Орталық) арқылы аударылған міндетті зейнетақы жарналарын операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) аудармағаны үшін өсімпұлды ұстауға;

7) операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, ерікті зейнетақы жарналарын, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын алуға;

8) операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, жинақталған зейнетақы жарналарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды және өзге де түсімдерді алуға;

9) Қорға операциялық күннен кейінгі күнгі сағат________ кешіктірмей операциялар түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттағы ақша қозғалысы туралы хабарламаны ұсынуға;

10) күнделікті ағымдағы операциялық күнгі сағат________дейін Қорға МТ-102 нысандағы электронды тізімді - алдыңғы операциялық күн үшін теңгедегі банктік инвестициялық шотқа түскен төлем құжаттарын ұсынуға;

11) Қордың зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен, теңгедегі банктік инвестициялық шоттан ұстап қалынған комиссиялық сыйақыны Қордың ағымдағы шотына аудару жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға;

12) зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде Қордың теңгедегі банктік инвестициялық шотынан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотынан қарсы агенттердің ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы тиісті шоттарына ақша аудару жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға және бағалы қағаздарды есептен шығаруға (есептеуге) және банктік жарналарды қаржы құралдарын есепке алу бойынша банктік салымдарды шоттардан (шоттарға) орналастыруға (қайтаруға);

13) Қордың теңгедегі банктік инвестициялық шоттан теңгедегі және шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аудару жөніндегі төлем құжаттарын орындауға;

14) Қордың салымшының зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорының банктік инвестициялық шотына немесе сақтандыру ұйымына ақшаны есептен шығару және жинақталған зейнетақы қаражатын аудару, сондай-ақ банктік шоттан зейнетақы төлемдерін есептен шығару және алдағы зейнетақы төлемдерінің сомасын алушының зейнетақы төлемдеріне қызмет көрсететін банкке аудару және зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға;

15) Ұйымды номиналды ұстаушының қызметін атқарушы тиісті ұйымның хабарламасы негізінде қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарда (шоттардан) бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) туралы хабарлама түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;

16) Қордың зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

17) зейнетақы активтерінің қозғалысына байланысты операциялардың есебін қамтамасыз етуге;

18) зейнетақы активтері бойынша күнделікті есепті, сондай-ақ зейнетақы активтерін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды бес жыл бойы сақтауға;

19) Қорға бағалы қағаздар эмитенттері туралы ақпаратты Кастодианға ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен асырмай ұсынуға;

20) Кастодиан және Қор жүзеге асыратын зейнетақы активтерінің есебі мен бағалауының сәйкестігін қамтамасыз етуге;

21) Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған көлемде номиналды ұстаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға;

22) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік инвестициялық шот, зейнетақы төлемдері шоттары және Қордың қаржы құралдарын есепке алу шоты туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;

23) осы Шарттың 20, 21, 23 және 24-тармақтарына сәйкес Қормен жасалған осы Шарттың 22-тармағында көрсетілген деректерге тұрақты түрде қарсы тексеруді жүргізуге;

24) Қордың теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттан ақша аудару немесе қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттардан бағалық қағаздарды есептен шығару туралы бұйрығын уәкілетті мемлекеттік органнан Қор лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы ресми хабарламасын алған сәттен бастап уәкілетті мемлекеттік органнан Қор лицензиясының қолданылуын қайтадан қалпына келтіру туралы ресми хабарламасын алған сәтке дейін орындамауға;

25) Қорды кастодиандық қызметті атқаруға арналған өзінің лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) немесе уәкілетті мемлекеттік органның ресми шешімін алған күні Кастодианның зейнетақы активтерін сақтау және есебін жүргізу құқығын өзгертуге алып келетін басқа жағдайлар туралы жазбаша хабардар етуге;

26) Қордың жазбаша сұрауларына ________ жұмыс күні ішінде жауап қайтаруға;

27) Қордың төлем құжаттарының негізінде қате есептелген деп танылған Орталық арқылы ақша түскен жағдайда көрсетілген соманы Қордың тапсырмасы бойынша Орталықтың шотына бір операциялық күн ішінде қайтаруға;

28) міндетті зейнетақы жарналары Орталықты айналып өтіп түскен жағдайда осы жарналарды жөнелтушіге өз бетінше бір операциялық күн ішінде қайтаруға;

29) қаржы құралдары бойынша кірістердің түсуіне бақылау жасауға;

30) қаржы құралдары бойынша алынған кірісті Қордың банктік инвестициялық шотына Кастодианның корреспонденттік шотына кіріс түскен күні есептеуге;

31) Қордың теңгедегі зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақшаны есептен шығару, сондай-ақ шетел валютасындағы зейнетақы төлемдері шотынан Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрғылықты тұруға көшіп кеткен алушының зейнетақы төлемдеріне қызмет көрсетуші банкке халықаралық аударымды жүзеге асыру жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға міндетті.

5. Кастодианның:

1) ай сайын осы Шарттың 18 және 19-тармақтарына сәйкес Қордан өзінің көрсеткен қызметі үшін ақы алуға;

2) осы Шарттың 35-38-тармақтарында көзделген талаптармен және тәртіпте осы Шартты бұзуға;

3) Қорға Кастодианның зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелерге қызмет көрсету және қаржы құралдарының есебін жүргізу жөніндегі номиналды ұстаушының қызметін жүзеге асыратын тиісті халықаралық ұйымдардың қызметіне ақы төлеу бойынша шығыстарын өтеуге шот-фактура ұсынуға;

4) көрсетілген шоттарда ағымдағы түсімдерді ескере отырып, мұндай төлем тапсырмаларын орындауға жеткілікті сома болмаған жағдайда, Қордың теңгедегі немесе шетел валютасындағы инвестициялық шоттан және зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан соманы есептен шығару жөніндегі төлем тапсырмасын орындамауға;