ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы № 250 бұйрығымен
бекітілген
Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдары
бойынша есеп жүргізу мен есептілік ұсынудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы, Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдары бойынша есеп жүргізу мен есептілік ұсынудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 451-бабына сәйкес, оларға тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленген шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
2. Осы Ереже сыртқы экономикалық қызметке қатысушының пайдаланудың белгіленген шектеулерін, талаптары мен шарттарын сақтау міндеттемесімен немесе кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары (бұдан әрі - тауарлар) бойынша есеп жүргізуі мен пайдаланылған шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдары (бұдан әрі - тауарлар) бойынша Қазақстан Республикасының кеден органына есептілік ұсынуының тәртібін айқындайды.
3. Есебін жүргізуге жататындар:
1) акцизделетіндерден басқа гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар;
2) акцизделетіндерден басқа, әдейі медициналық мақсаттар үшін арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша техникалық көмек көрсетуді қоса алғанда қайырымдылық мақсатында қайтымсыз көмек ретінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар;
3) Қаржы салымдары туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес кеден төлемдерін салудан босатылған тауарлар;
4) ақша белгілерін шығару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе оның филиалдары әкелетін тауарлар;