Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы туралы баяндаманы дайындау жөніндегі жұмыс тобы туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 130-ө өкімі (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бағдарламасы туралы баяндаманы
дайындау жөнiндегі жұмыс тобы туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2003 ж. 17 маусымдағы № 130-ө өкімі

ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бағдарламасын Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыну үшiн ол туралы баяндаманы дайындау мақсатында:

1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

 

Павлов                  - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич       Премьер-Министрінің бірiншi орынбасары,
                          жетекшi
 
Келiмбетов              - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы           Экономика және бюджеттік жоспарлау
                          министрi, жетекшiнiң орынбасары
 
Андрющенко              - Қазақстан Республикасы Индустрия
Александр Иванович        және сауда бірiншi вице-министрінің
                          мiндетiн атқарушы
 
Әшiмов                  - Қазақстан Республикасы
Нұрғали Сәдуақасұлы       Энергетика және минералдық ресурстар
                          бірiншi вице-министрінің
                          мiндетiн атқарушы
 
Мұтанов                 - Қазақстан Республикасы Білім
Ғалымқайыр Мұтанұлы       және ғылым бірiншi вице-министрінің
                          мiндетiн атқарушы
 
Айдарханов              - Қазақстан Республикасы
Арман Тергеуұлы           Денсаулық сақтау вице-министрінің
                          міндетiн атқарушы
 
Дүйсенова               - Қазақстан Республикасы Еңбек
Тамара Босымбекқызы       және халықты әлеуметтік қорғау
                          вице-министрінің міндетін атқарушы
 
Қошанов                 - Қазақстан Республикасы Көлiк
Ерлан Жақанұлы            және коммуникациялар вице-министрінің
                          міндетін атқарушы
 
Мусина                  - Қазақстан Республикасы Ауыл
Лилия Сәкенқызы           шаруашылығы вице-министрінің
                          міндетін атқарушы
 
Орынбаев                - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы         Экономика және бюджеттік жоспарлау
                          вице-министрінің мiндетін атқарушы
 
Рахметов                - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы         вице-министрінің міндетін атқарушы
 
Шамсутдинов             - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ринат Шарафутдинович      вице-министрінің міндетін атқарушы
 
Мусенова                - Қазақстан Республикасы
Галина Акаевна            Экономика және бюджеттік
                          жоспарлау министрлігінiң
                          Департамент директоры, хатшы.

 

2. Жұмыс тобы:

бір апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң бағдарламасы туралы баяндаманың жобасын дайындасын және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына ұсынсын;

жұмыс тобына орталық атқарушы органдардың мамандарын тарту және баяндаманың жобасын әзiрлеу үшiн қажеттi материалдарды алу құқығы берiлсiн.

3. Қазақстан Республикасы орталық және жергілiктi атқарушы органдарының басшылары:

үш күн мерзiмде жұмыс тобына Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бағдарламасы туралы баяндаманың жобасына енгізу үшiн өздерiнiң ұсыныстарын берсiн;

жұмыс тобының талап етуi бойынша дереу қажеттi мамандарды жiберсiн және қосымша сұралатын материалдарды ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жұмыс тобының жұмыс органы болып белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының