Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 905 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсiпорнының клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 3 шiлдедегi № 157 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 27 мамырдағы № 160 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығы бap республикалық мемлекеттік кәсiпорнының клиринг жүйесiн ұйымдастыру тәртібін және жұмыс iстеуiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсiпорнының клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 3 шiлдедегi № 157 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 905 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек - 10 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсiпорнының клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесінде: