Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1141 Жарлығы
(ҚР Үкіметінің 21.10.03 ж. № 1210; 14.05.04 ж. № 1367 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен )
ҚР Президентінің 02.08.04 ж. № 1413 Жарлығымен күші жойылды
Бұрынғы ред. қара
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлген:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
2) Агенттiктiң құрылымы;
3) мемлекеттік мекемелердiң - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдарының тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 14.05.04 ж. № 1367 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Агенттiктiң штат саны 573 адам болып белгiленсiн.
3. Агенттiк төрағасының үш орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) Үкiметтiң бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шаралар қабылдансын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының