Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексiнiң 13-бабын, 175-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 178-бабы
3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағын және
Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 19-бабы 3-бөлiгiн
конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынысы туралы Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 26 маусымдағы № 9
қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектісiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Р.Н.Юрченконың,
Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
Республиканың Әділет вице-министрi С.М.Бекбосыновтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн соттылықты ескеру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 175-бабы 3-бөлiгінiң "в" тармағын, 178-бабы 3-бөлігiнiң "в" тармағын, 179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағын, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 13-бабын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық ic жүргiзу кодексiнiң 19-бабы 3-бөлiгін конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынысын қарады.
Қолдағы бар конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қ.Ж.Балтабаевты, өтiнiш субъектісi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады: