«Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 707 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 364 бұйрығы (күші жойылды)

"Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың үлгі
ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 707 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 364 бұйрығы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005.15.04. № 244 Бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қыркүйекте № 1245 тіркелген "Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 707 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесінде:

1-тармақтың бірінші абзацында "басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын қазақ ұлтының адамдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының адамдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-1-тармақ "ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын" деген сөздердің алдынан "1-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-2 тармақпен толықтырылсын:

"1-2. Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік құпиямен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша қабылдау 2-қосымшаға сәйкес, мамандандырылған мемлекеттік кәсіптік орта оқу орындарында және кәсіптік орта білім беретін басқа да мемлекеттік оқу орындарының мамандандырылған бөлімдерінде ғана жүзеге асырылады";

мынадай мазмұндағы 1-3 тармақпен толықтырылсын:

"1-3. Азаматтарды қабылдау тәртібін:

кәсіптік бастауыш білімі барларды қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.