Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

79-1-бап. Консультативтік кеңес

1. Консультативтік кеңес орталық депозитарий клиенттерінің мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Консультативтік кеңес мүшелерінің негізгі міндеттері, өкілеттік мерзімі және оларды сайлау тәртібі, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ консультативтік кеңестің отырыстарын шақыру, дайындау және өткізу тәртібін қоса алғанда, оның қызметін ұйымдастыру тәртібі орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітетін консультативтік кеңес туралы ережеде айқындалады.

3. Консультативтік кеңестің құзыретіне консультативтік кеңес туралы ережеде айқындалған, орталық депозитарий қызметінің мәселелерін алдын ала қарау жатады.

4. Консультативтік кеңестің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

 

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 80-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

80-бап. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру тәртібі

1. Депозитарийлік қызметті жүзеге асыру процесінде орталық депозитарий:

1) депоненттерге қаржы құралдарын номиналды ұстау қызметтерін көрсетеді;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша және оның депоненттерінің, сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарымен есеп айырысуларды жүзеге асырады;

 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдарына және (немесе) шетелдік депозитарийлер, кастодиандар және (немесе) қаржы құралдарының номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттерге олардың клиенттері-Қазақстан Республикасының резиденттерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жөніндегі қызмет көрсету шарты негізінде көрсетеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзінің қағидалар жинағына сәйкес мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға депозитарийлік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және өз клиентіне активтерді қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған номиналды ұстаушының клиентіне номиналды ұстаудағы активтерді қайтаруды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен мұндай клиенттің активтеріне қатысты басқа операцияларды жүзеге асырады;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) құжаттама нысанында шығарылған бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының сақталуын жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызмет түрлерін көрсетеді.

2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен:

1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;

2) жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;

3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) аударым операцияларын: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындауды;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқылы.

6) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

Орталық депозитарийде уәкілетті органның осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде, орталық депозитарий қаржы құралдарын өтеу және (немесе) олар бойынша кірісті төлеу кезінде төлем агентінің функцияларын жүзеге асыруға құқылы.

3. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырады немесе клирингтік ұйымдарға және (немесе) ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығының орталық контрагенттеріне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттармен және тәртіппен қызметтер көрсетеді.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті осы Заңда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде жəне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттармен жəне тəртіппен жүзеге асырады.

4. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде:

1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін қалыптастыруды, жүргізуді және сақтауды;

2) тіркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде жеке шот ашуды;

3) тіркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді;

4) тіркелген тұлғаның бағалы қағаздары бойынша құқықтарды растауды;

5) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін өзекті жай-күйде ұстауды;

6) бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыстағы бағалы қағаздар санының уәкілетті орган тіркеген санына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

7) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған мәселелердің тізбесі бойынша бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат беруді;

8) эмитентке оның сұрау салуы негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін құрайтын ақпаратты беруді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға осы Заңның 43-бабына сәйкес ақпарат беруді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.

6. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитенті орталық депозитариймен бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге арналған шарт жасасуға міндетті.

7-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

7. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының саудасын ұйымдастыру жөніндегі қызмет шеңберінде орталық депозитарий мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалану және ұстау;

2) өз клиенттеріне бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсыну;

3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының белгіленімдерімен алмасуды ұйымдастыру;

4) орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы хабарлар алмасуды ұйымдастыру;

5) осы Заңда көзделген өзге де функциялар.

8. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімдерінің жүйесін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды

8-1. Орталық депозитарий өз қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті бағдарламалық өнімді әзірлеуге және одан әрі жетілдіруге құқылы.

9. Орталық депозитарий мынадай:

1) өз мұқтажы үшін сатып алынған мүлікті жалдауға (жалға) беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік ету;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

3) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштерінің кез келген түрлерінде өткізу;

4) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет саласында оқытуды ұйымдастыру;

5) орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орталық депозитарий мен оның клиенттері ұсынатын көрсетілетін қызметтер туралы жарнаманы, сондай-ақ орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған өзге де ақпаратты жариялау;

6) орталық депозитарийдің материалдық-техникалық құралдары мен жабдықтарын жалдауға (жалға) беру жағдайларын қоспағанда, қаржы нарығындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды

9-1. Орталық депозитарий мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюро жүйесінен осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпаратты растау мақсатында қажет болатын ақпаратты алуға құқылы;

10. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды

11. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және шарттарда инвесторлар үшін эмитент және оның бағалы қағаздары туралы ақпарат беруді жүзеге асырады.

 

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 80-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

80-1-бап. Талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепте тұрған активтерді басқару тәртібі

1. Орталық депозитарийдегі және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін ашылған шотта есепке алынатын активтерді сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен орталық депозитарий арасында жасалатын сенімгерлік басқару шарты негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

2. Уәкілетті орган сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу тәртібін айқындайды.

 

81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Орталық депозитарийдiң қағидалар жинағы орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынасын айқындайды.

Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сақтау орталық депозитарийдің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында:

1) депозитарийлік қызметті жүзеге асыру;

2) бағалы қағаздарды ұстаушылар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

3) мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу;

4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде);

5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру;

6) төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде);

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жүргізу бойынша қызметтер көрсету;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

6-2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу;

7) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда, туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне деректер ұсыну, сондай-ақ орталық депозитарийдің көрсетілген электрондық деректерді қабылдауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыруы;

8) бағалы қағаздарға халықаралық сәйкестендіру нөмірлерін (ІSІN кодтарын) және үлестер мен өзге де қаржы құралдарына сәйкестендіргіштер беру;

9) тармақша 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

9) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қағидалар қамтылуға тиіс.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Орталық депозитарий қағидалар жинағы қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен кейін он жұмыс күнi iшiнде бұл жөнінде уәкілетті органды осы құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.

 

82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу

1. Орталық депозитарий:

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды басқа да тұлғаларға беруге;

2) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) орталық депозитарийдің клиенті (орталық депозитарий депонентінің клиенті), орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шоттарда (қосалқы шоттарда) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы коммерциялық құпияны жария етуге;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) орталық депозитарий клиенттерінің және орталық депозитарий депоненттері клиенттерінің құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.

2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, орталық депозитарий заңды тұлғаларды құруға және оның қызметiне қатысуға құқылы емес.

 

 

17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы

 

83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы

1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 2-тармақ өзгертiлдi

2. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды жүзеге асыру мақсатында қор биржасының ұйымдық құрылымына қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiлелердi қадағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi кіруге тиіс.

Қор биржасының аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге асыру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 84-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )

84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару

1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің өзінің үлестес тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан аспауға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі орталық депозитарий сауда-саттықты ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырған кезде оған қолданылмайды.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша дауыс береді.

Сауда-саттықты ұйымдастырушының «алтын акциясының» иесі сауда-саттықты ұйымдастырушы органдарының шешімдеріне вето қоюға құқығы бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және уәкілетті органның жазбаша хабарламалары негізінде уәкілетті органнан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкіл тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Листинг, делистинг, бағалы қағаздардың ресми тізімінің санаттарын немесе алаңын алмастыру мәселелері бойынша шешімдерді қор биржасының листинг комиссиясы қабылдайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы листинг, делистинг, оңайлатылған рәсім бойынша бағалы қағаздардың ресми тізімінің санаттарын немесе алаңын алмастыру мәселелеріне қолданылмайды, олар бойынша шешімдерді қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен оның атқарушы органы қабылдайды.

Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Листинг комиссиясының құрамына уәкілетті органның өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.

Листинг, делистинг, бағалы қағаздардың ресми тізімінің санаттарын немесе алаңын алмастыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде:

1) көрсетілген шешімге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін, осы тізімнен шығарылатын немесе осы тізімнің өзге санатына немесе алаңына ауыстырылатын эмитенттің (осы тармақта бұдан әрі - мүдделі эмитент);

2) мүдделі эмитентке қатысты еншілес ұйымдар немесе тәуелді акционерлік қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;

3) өздеріне қатысты мүдделі эмитент еншілес ұйым немесе тәуелді акционерлік қоғам болып табылатын ұйымдардың;

4) мүдделі эмитентпен бірге үшінші ұйымға қатысты еншілес ұйымдар немесе тәуелді акционерлік қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;

5) мүдделі эмитентке қызметтер көрсететін қаржы консультантының, маркет-мейкердің, андеррайтердің;

6) осы бөліктің 1) және 5) тармақшаларында аталған тұлғалармен үлестес тұлғалардың қызметкерлері және (немесе) өкілдері болып табылатын листинг комиссиясы мүшелерінің дауыс беруге құқығы жоқ.

Осы баптың төртінші бөлігінің талаптары листинг комиссиясының мүшесі - уәкілетті органның өкіліне қолданылмайды.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

6. Листинг комиссиясы шығару шарттарында ұйымдастырылған рынокта олардың айналымы көзделген облигацияларды шығаруды жоспарлаушы эмитентке беру үшін инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздар шығару шарттарына енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Листинг комиссиясының ұсынымдарын эмитенттің қабылдағаны не қабылдамағаны туралы ақпарат қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)  

7. Осы баптың талаптары орталық депозитарийге қолданылмайды.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын оның атқарушы органы әзiрлейдi, сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi.

Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын сақтау сауда-саттықты ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.

2. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жiберiлген қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы, оның мүшелері, клиенттері және сауда-саттықты ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын өзге де тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.