4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.
1) қор биржасындағы мүшелiк санаттарын, қор биржасының мүшелiгiне кiру шарттары мен тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасындағы мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртiбiн;
2) қор биржасының мүшесі атынан қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысатын, сондай-ақ осы қор биржасының сауда жүйесін пайдаланып, өзге де іс-әрекеттерді орындайтын трейдерлерге қойылатын талаптарды;
3) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
5) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
6) бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізу, оларды осы тізімнен алып тастау және тізім санатын алмастыру бойынша шарттар мен талаптарды;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
6-1) бағалы қағаздар болып табылмайтын қаржы құралдарын қор биржасында айналысқа жіберу шарттары мен талаптарын;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
7) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің міндеттері мен жауапкершілігін (оның ішінде ақпаратты ашып көрсету бойынша);
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
8) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздарды жіберуге бастамашының ашып көрсетуіне жататын ақпараттың тізбесін, мерзімдерін және оған қойылатын талаптарды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткізу шарттары мен әдістерін;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілін;
10) биржалық сауда-саттықта қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртiбiн;
11) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;
12) қор биржасының сауда жүйесiнде айналымға жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың әдiстемесiн;
13) биржалық сауда қағидаларын бұзғаны үшiн қор биржасы мүшелерiнiң және қор биржасы трейдерлерінің жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдарды төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн;
14) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру процесінде туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу тәртiбiн;
15) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
16) листинг комиссиясы қызметінің тәртібін;
17) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) инсайдерлік ақпаратты заңсыз қолдану, бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау жағдайларын анықтау және болғызбау қағидаларын;
19) - 21-2) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
22) осы Заңда белгіленген өзге де ережелер мен рәсімдерді айқындауға тиіс.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Сауда-саттықты ұйымдастырушы қағидалар қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бұл жөнінде уәкілетті органды осы құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарын сауда-саттықты ұйымдастырушының атқарушы органы әзірлейді және бекітеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Осы баптың талаптары орталық депозитарийге қолданыл майды.
86-бап. Қор биржасының мүшелерi
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады.
2. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының кемiнде он мүшесi болуға тиiс.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылар қор биржасының мүшелері бола алады.
4. Қор биржасының мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар, мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айыру тәртібі, сондай-ақ қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi Қор биржасының ережелерiнде белгiленедi.
5. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi жасау осы мүшелер үшiн қор биржасының ережелерiнде жол берiлетiн қаржы құралдарының түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
6. Қор биржасының мүшелері қор биржасына тізбесі мен беру мерзімдері қор биржасының қағидаларында айқындалатын қаржылық есептілік пен өзге де ақпаратты беруге міндетті.
87-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметiн қаржыландыру
1. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:
1) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелiгiне кiргенi үшiн;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;
3) бағалы қағаздар листингi үшiн және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тiзiмiнде болғаны үшiн;
4) мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу үшiн;
5) ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн;
6) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiмен көзделген өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 88-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
88-бап. Қор биржасының қызметi
1. Қор биржасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан да өзге қаржы құралдарымен де сауда-саттық ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.
2. Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;
2) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналымға жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына қойылатын талаптарды белгілеу;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) бағалы қағаздар болып табылмайтын қаржы құралдарын қор биржасында айналысқа жіберу және осындай айналысты тоқтату шарттары мен тәртібін айқындау;
3) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мақсатында өз мүшелерінің сауда жүйелерiне кіруіне мүмкiндiк жасау;
4) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қор биржасының трейдерлеріне сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзған жағдайларда, сондай-ақ қор биржасының қағидаларында белгіленген өзге де жағдайларда оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету;
6) сауда-саттыққа жіберілген, сауда-саттыққа қатысудан шеттетілген (шеттету себебін көрсете отырып) қор биржасы трейдерлерінің тізілімін жүргізу және оны қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру;
7) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
9) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) уәкілетті органға қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді мониторингтеудің және талдаудың нәтижелері туралы, сондай-ақ қор биржасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзуы туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен беру;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
11) барлық бағалы қағазы оңайлатылған рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттерді қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміндегі бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсетуін мониторингтеу;»;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру не мұндай есеп айырысуларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты әзірлеу;
13) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;
15) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;
16) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртiбiн айқындау;
17) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторинг;
18) интернет-ресурста барлық корпоративтік оқиғалар, бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің тоқсан сайынғы қаржылық есептілігі туралы ақпаратты қор биржасының қағидаларында белгіленген тәртіппен жариялау;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) дефолтты реттеуі және орталық контрагенттің функцияларын орындауы кезінде бағалы қағаздар және қор биржасында айналысқа жіберілген өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысу;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 18-2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
18-2) егер бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің болуы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген болса, осындай жүйенің жұмыс істеуін және оны техникалық қолдап отыруды қамтамасыз ету;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) осы Заңда және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қор биржасы дефолтты реттеуі, орталық контрагенттің функцияларын орындауы кезінде өзінің сауда жүйесінде қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, тараптардың осы мәміле бойынша барлық алғандарын қайтаруына жол берілмейді.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәміленің жарамсыздығын туындатқан әрекеттерді жасаудағы кінәлі тарап залал шеккен мәміле тарапына немесе аталған мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлғаға залалды өтеуге міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
5. Егер бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің болуы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген болса, қор биржасы өзінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен осындай жүйенің жұмыс істеуін және оны техникалық қолдап отыруды қамтамасыз етеді.
Қор биржасының мүшелері, өзге де заңды және жеке тұлғалар бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдаланушылар бола алады. Бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жіберу тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бағалы қағаздар биржалық нарығының ақпараттық жүйесіне орналастыруға және айналысқа жіберілмейді.
Қор биржасы бағалы қағаздар биржалық нарығының ақпараттық жүйесінде айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының тізбесін қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қалыптастырады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
89-бап. Қор биржасының тізімі
1. Бағалы қағаздарын қор биржасының тізіміне енгізу болжанатын немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар мен шарттар оның қағидаларында белгіленеді.
Уәкілетті орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, қор биржасының ресми тізімінің санаттарына енгізілген эмитенттер, сондай-ақ оларды жіберуге бастамашылар орналастырылған және еркін айналыстағы акциялардың қор биржасының қағидаларында белгіленген ең төмен көлемін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу үшін эмитент брокермен және (немесе) дилермен осы Заңның 64-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасуға міндетті.
Осы тармақтың талабы қаржы ұйымы болып табылатын эмитентке қолданылмайды.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттер, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды жіберуге бастамашылар осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және қор биржасының қағидаларында эмитенттің қызметі және қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашып көрсетуге қатысты белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
5. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент үшін корпоративтік басқару кодексінің болуы міндетті.
Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес қабылдаған қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін пайдалануға құқылы.
Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін пайдалану кезінде жыл сайын қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, жылдық есеп шеңберінде оны өзінің корпоративтік интернет-ресурсында жариялау арқылы қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексінің сақталуы туралы ақпаратты ашып көрсетеді.
Осы тармақтың талаптары тек қана жеке орналастыруға жататын облигацияларды шығаруды жүзеге асыратын эмитенттерге, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын эмитенттерге қолданылмайды.
90-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 90-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
90-1-бап. Орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
1. Клиринг ұйымы, орталық депозитарий немесе қор биржасы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген шарттарда және тәртіппен орталық контрагент болуға құқылы.
2. Орталық контрагент өз қызметінің тәуекелдерін азайту үшін:
1) тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) орталық контрагенттің меншікті активтері есебінен қалыптастырылған резервтік қорды және клирингтік қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған кепілдік қорларды ең төмен деңгейде ұстап тұруға;
3) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.
3. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 90-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
90-2-бап. Орталық контрагенттің шектеулі жауапкершілігі және құқықтары
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Орталық контрагент жаңалау немесе өзге тәсіл арқылы мәміленің тарапы мәртебесін қабылдаған қаржы құралдарымен мәмілелерді орындау бойынша оның жауапкершілігі қаржы құралдарының белгілі бір түрі (типі, атауы) үшін (немесе белгілі бір нарық, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының секторы үшін) оның резервтік қорын құрайтын, орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген мөлшердегі активтерімен шектеледі.
2. Уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және (немесе) орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген іске асыру шарттарымен және тәртібімен орталық контрагенттің:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) клирингтік қатысушының төлем қабілетсіздігін немесе оның қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемені орындауға қабілетсіздігін анықтау;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) клирингтік қатысушының мәмілелерін (позицияларды мәжбүрлеп жабу, қаржы құралдарының төлемдері, аударымдары бойынша) орындау немесе оның активтерін басқару (кез келген мәмілелерді, шарттарды жасау және орындау), ол жол берген дефолтты реттеу үшін оны ішінара қамтамасыз етуді немесе басқа активтерді қолдану (пайдалану);
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) дефолттың залалдарын жабу үшін маржа жарналарын, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларының активтерін қоса алғанда, оның иелігіндегі қаржы активтерін пайдалану;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, клирингтік қатысушы өз клиентінің мүдделері үшін жасасқан мәміле бойынша дефолтты реттеу үшін орталық контрагент пен осы брокер арасындағы тиісті қосылу шартында белгіленген шарттармен және тәртіппен осы клирингтік қатысушының (орталық депозитарийдің және (немесе) клиринг ұйымына қызмет көрсететін есеп айырысу ұйымының шоттарындағы) меншікті активтерін пайдалану бойынша құқықтары белгіленуі мүмкін.
3. Орталық контрагенттің осы баптың 2-тармағында көрсетілген құқықтарды іске асырудың және рәсімдерді жүргізудің шарттары мен тәртібіне қатысты ішкі құжаттары орталық контрагенттің барлық клиенттеріне танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.
4. Орталық контрагент сауда-саттыққа адал қатысушылардың заңды талаптарын орындау мақсатында дефолтты реттеу үшін қолданатын және оның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылған әрекеттер соттың шешімі бойынша ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Бұл ретте осы әрекеттерге сотқа шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіптік ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
91-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мiндеттерi
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен ( бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 92-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 92-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 92-бап өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың құқықтық жағдайы
Кəсіптік ұйым коммерциялық емес ұйым түрінде құрылады.
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның атауы осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызмет түрiн көрсетуге, сондай-ақ «қауымдастық», «одақ» немесе «бiрлестiк» деген сөздерді қамтуға тиiс.
93-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кəсіптік ұйым өзінің жарғысына жəне ішкі құжаттарына сəйкес мынадай функцияларды жүзеге асыруға:
1) уəкілетті органға нормативтік құқықтық актілердің жобалары, бағалы қағаздар нарығында кəсіби қызметті жүзеге асыру тəртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу бойынша ұсыныстар беруге;
2) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік жəне халықаралық ұйымдарда кəсіптік ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіруге;
3) кəсіптік ұйым мүшелері арасындағы бағалы қағаздар нарығында туындайтын дауларды жəне мүшелер мен олардың клиенттері арасындағы дауларды қарауға;
4) оқу бағдарламаларын əзірлеуге жəне бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға ниетті адамдарды оқытуды жүргізуге;
5) кəсіптік ұйым мүшелерінің кəсіби қызметінің бірыңғай қағидалары мен стандарттарын белгілеуге, сондай-ақ кəсіптік ұйым мүшелерінің оларды сақтауын қамтамасыз етуге;
6) кəсіптік ұйым мүшелерінің рейтингтерін жасауға жəне жариялауға;
7) кəсіптік ұйым мүшелерінің қызметіне тексерулер жүргізуге;
8) уəкілетті органға кəсіптік ұйым мүшесінің лицензиясын тоқтата тұру жəне одан айыру туралы өтінішхат жіберуге;
9) өз мүшелерінің бағалы қағаздар нарығындағы қызметін бақылауды жүзеге асыруға жəне оның ішкі құжаттарында белгіленген ықпал ету шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасын жəне кəсіптік ұйымның ішкі құжаттарын бұзуға жол берген кəсіптік ұйым мүшелеріне қолдануға құқылы.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнен, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, олардың бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге құқылы.