2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) уәкілетті орган қызметшісі лауазымына орналасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және уәкілетті органның кадр қызметіне сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
3. Уәкілетті органның қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сатып алуға құқылы емес.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Егер уәкілетті органның лауазымды адамы уәкілетті органда өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезеңінде жұмысын тоқтатудың алдындағы бір жылда аталған адам өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне байланысты осы коммерциялық ұйымды тексеру нысанындағы бақылау функцияларын тікелей жүзеге асырса не осы коммерциялық ұйымның қызметі оның лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес уәкілетті органның көрсетілген лауазымды адамымен тікелей байланысты болса, уәкілетті органда жұмысы тоқтатылғаннан кейін бір жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.
4. Уәкілетті органның қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:
1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;
2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;
3) тексерілетін субъектілерден алған қарыз және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелер туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.
15-14-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің жауаптылығы
1. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері жүктелген міндеттер мен еңбек тәртібін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауапты болады.
1) уәкілетті органның тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам қолданады;
2) дәл сол бір теріс қылық үшін қайталап қолдануға болмайды;
3) уәкілетті органның актісінде айқындалатын тәртіппен қолданады.
3. Уәкілетті органның тәртіптік теріс қылыққа жол берген қызметшілерін оларды лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам белгіленген тәртіппен жауаптылығы туралы мәселе шешілгенге дейін лауазымдық міндеттерін орындаудан уақытша шеттетуі мүмкін.
4. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері тәртіптік жауаптылыққа тартылуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тергеп-тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.
5. Уәкілетті органның жауаптылыққа тартылатын қызметшілері мен техникалық қызметшілері уәкілетті органның әрекеттері мен шешімдеріне сотқа шағым жасай алады.
6. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерде және тәртіппен тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылықта болады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Уәкілетті орган бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелерiнің және өзі тартқан тұлғалардың уәкілетті органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
15-15-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің демалыстары
1. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
Уәкілетті органның жұмыскерлеріне жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
2. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары оларға бөліп берілуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.
3. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде олар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уəкілетті органның жұмыскерлеріне қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстары уəкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайтын тəртіппен өтеледі.
2. Іссапардың бүкіл уақыты бойында уәкілетті органның іссапарға жіберілген жұмыскерлерінің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
15-17-бап. Уәкілетті органның қызметін тексеру
Уәкілетті органның қызметін мемлекеттік органдардың тексеруі Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-3-тараумен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-3-тарау. Банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
15-18-бап. Банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы (бұдан əрі - электрондық сауда алаңы):
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағында көрсетілген, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның мүлкіне;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 11-7) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген микроқаржы ұйымының мүлкіне;
3) банктік қарыз шарты бойынша құқықтарға (талаптарға);
4) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық өткізу үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ететін интернет-ресурс болып табылады.
2. Электрондық сауда алаңына қолжетімділікті жəне оның жұмыс істеуін электрондық сауда алаңының операторы (бұдан əрі - оператор) қамтамасыз етеді.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ өзге де тұлғалар электрондық сауда алаңында өткізілетін сауда-саттыққа қатысушылар бола алады.
4. Оператор электрондық сауда алаңындағы сауда-саттықты уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сəйкес əзірленген оператордың ішкі қағидалары негізінде өткізеді.
Электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін оператор уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен қамтамасыз етеді.
5. Электрондық сауда алаңында өткізілген сауда-саттық нəтижелері бойынша жасалатын сатып алу-сату шартынан, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартынан туындайтын тараптардың ақшалай міндеттемелерін сауда-саттыққа қатысушылар жасалған сатып алу-сату шартында, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартында айқындалған тəртіппен жəне мерзімдерде орындайды.
Оператор электрондық сауда алаңында өткізілген сауда-саттық нəтижелері бойынша жасалатын сатып алу-сату шартының, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартының тарапы болып табылмайды.
15-19-бап. Оператор
1. Оператор ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға бола алады.
2. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уəкілетті органның рұқсаты болған кезде оператор қызметті жүзеге асыруға құқылы. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уəкілетті органның рұқсатын оператордың алған күні электрондық сауда алаңының жұмыс істей бастау күні болып табылады.
3. Оператор электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсаттары үшін:
1) сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты хабарландырулар жариялауды;
2) сатушы мен əлеуетті сатып алушы арасында электрондық сауда алаңында өткізілетін банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты ақпаратты жария етпеу туралы шарт жасасуды;
3) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты ақпаратты уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен жария етуін;
4) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты сатып алу-сату шартының жобасын келісуін жəне оған өзгерістер енгізуін;
5) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартының жобасын келісуін жəне оған өзгерістер енгізуін;
6) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіпке сəйкес сауда-саттықта өткізілген мүлікке қатысты сатып алу-сату шартын жасасуды;
7) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіпке сəйкес, сауда-саттықта өткізілген, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартын жасасуды;
8) өткізілген сауда-саттық туралы нəтижелерді жариялауды;
9) электрондық сауда алаңында жүзеге асырылатын сауда-саттыққа қатысушылардың іс-əрекеттерін есепке алуды жүргізуді;
10) Қазақстан Республикасының дербес деректерді, банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауды;
11) осы Заңда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш берушінің электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторға қойылатын талаптарға сəйкестігін тексеруді уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сəйкес құрылатын комиссия жүзеге асырады.
4. Оператор мынадай қызмет түрлерін:
1) кредиттік бюро қызметінің негізгі жəне қосымша түрлерін (тиісті рұқсат болған кезде);
2) электрондық сауда алаңында өткізілетін сауда-саттықты ұйымдастыруға қатысты арнаулы бағдарламалық қамтылымды ұсыну жəне оған қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуді;
3) маркетингтік жəне статистикалық зерттеулерді қоспағанда, оператор қызметін өзге де кəсіпкерлік қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.
5. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уəкілетті органның рұқсатын беру шарттары мен тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уəкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мəліметтерді қамтитын рұқсат беру туралы өтінішті;
2) құрылтай құжаттары қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уəкілетті органның оларды «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады.
Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш уəкілетті орган айқындаған мерзімдерде, бірақ өтініш беруші осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап жетпіс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.
7. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуды уəкілетті орган мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізеді:
1) өтініш берушінің осы Заңға сəйкес оператор үшін тыйым салынған қызмет түрін жүзеге асыруы;
2) өтініш берушінің осы Заңның осы бабында, 15-18-бабында жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
3) егер өтініш берушіге қатысты өтініш берушінің оператор қызметін жүзеге асыруына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса;
4) ұсынылған құжаттар бойынша уəкілетті органның ескертулерін белгіленген мерзімде жоймау.
8. Операторды қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
15-20-бап. Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау ерекшеліктері
Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау мақсатында уəкілетті орган:
1) оператор қызметін реттеу жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуі саласында операторлардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат береді не беруден бас тартады;
3) осы Заңның талаптары мен уəкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде уəкілетті органға өзінің бақылау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда жазбаша нұсқамалар жібереді;
4) осы Заңда белгіленген тəртіппен жəне негіздерде операторларға санкциялар қолданады;
5) оператор қызметі жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуі мəселелері бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15-21-бап. Жазбаша нұсқама жəне санкциялар
1. Осы Заңды жəне уəкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін бұзған жағдайда, уəкілетті орган операторға жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.
Анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігі жөнінде операторға берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
2. Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады.
Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
3. Оператор уəкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың жазбаша нұсқамада көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде операторға байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, уəкілетті орган іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен ұзартуы мүмкін.
4. Уəкілетті орган осы бапта белгіленген негіздер бойынша оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттан айыру түріндегі санкцияны операторға санкциялар ретінде қолдануға құқылы.
5. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын уəкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады:
1) осы Заңда жəне (немесе) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптардың сақталмауы;
2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сəйкес келмейтіндігінің анықталуы;
3) осы Заң талаптарының жəне (немесе) уəкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылуын жою туралы уəкілетті органның жазбаша нұсқамаларының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан да көп рет) орындалмауы.
6. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру оператор ретінде қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
7. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Көрсетілген рұқсаттың қолданысы уəкілетті органның тиісті шешімі оператордың атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрған деп есептеледі.
Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсатының қолданысы тоқтатыла тұрған оператор электрондық сауда алаңында бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
8. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттан айыруды уəкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізеді:
1) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын уəкілетті орган тоқтата тұрған себептің жойылмауы;
2) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын соңғы он екі ай ішінде бірнеше рет (екі жəне одан да көп рет) тоқтата тұру;
3) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алған кезде оператордың көрінеу жалған ақпарат беруі;
4) оператор қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
5) операторды ерікті немесе мəжбүрлеп тарату туралы шешім.
9. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтату «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
10. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған оператордың оператор қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-4-тараумен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-4-тарау. Іс-қимылды қадағалау
15-22-бап. Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар
1. Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қаржы нарығында жауапты іскерлік практикаларды сақтауға міндетті, онда:
1) 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) қаржы өнімдері туралы ақпаратты ашып көрсету;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасаудың барлық кезеңінде қаржы нарығында жосықсыз практикаларға жол бермеу;
4) уəкілетті агенттердің қызметі үшін жауапкершілік алу;
5) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау;
6) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, оның ішінде тиісті іс-шараларды əзірлеу жəне іске асыру арқылы арттыру көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) жəне 3) тармақшаларында белгіленген талаптар уəкілетті агенттерге қолданылады.
2. Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
15-23-бап. 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
15-24-бап. 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
15-25-бап. Қаржы нарығында жосықсыз практикаларға жол бермеу
1. Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржы өнімдерін ұсыну кезінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қатысты жосықсыз практикаларға жол бермеуге міндетті.
2. Жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілері, іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жосықсыз практикаларды анықтау тəртібі уəкілетті орган бекіткен банк қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптарда, сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік жəне (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің жəне (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тəртібінде, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарда айқындалады.
3. Іс-қимылды қадағалау субъектілері өз қызметкерлеріне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қатысты жосықсыз практикаларды болғызбауға бағытталған сыйақы беру саясатын əзірлейді.
15-26-бап. Қаржы өнімдерін ұсыну кезінде уəкілетті агенттердің қызметі үшін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жауапкершілігі
Іс-қимылды қадағалау субъектілері уəкілетті агенттер арқылы қаржы өнімдерін ұсыну кезінде:
1) іс-қимылды қадағалау субъектінің ішкі құжатында белгіленген тəртіппен уəкілетті агенттердің тіркелімін жүргізуге;
2) уəкілетті агенттердің қаржы өнімдерін ұсыну үшін қажетті кəсіби құзыретін қамтамасыз етуге;
3) уəкілетті агенттердің қаржы өнімдерін ұсынуды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының жəне іс-қимылды қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
15-27-бап. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымдарын қарау
Іс-қимылды қадағалау субъектілері қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы өнімдеріне жəне (немесе) уəкілетті агенттердің қызметіне байланысты жолданымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тəртіппен қарауға жəне олар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 15-34-баппен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15-34-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері
Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.
3-тарау. Қорытынды ережелер
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.