20-2) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жасанды интеллект жүйелерін пайдалануын бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Уәкілетті орган қаржы ұйымдарына және олардың үлестес тұлғаларына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, оның ішінде аудиторлық ұйымдарды, қаржы технологиялары саласындағы бағалаушылар мен мамандарды тарта отырып:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық жай-күйiн айқындау;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының басқарма құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн айқындау;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының үлестес тұлғаларын айқындау;
4) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау және оның алдын алу;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөніндегі уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6) қаржылық операцияларды жасау кезінде ақпараттық технологияларға тән тәуекелдерді анықтау және (немесе) алдын алу;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7) қаржы құралдарының құнын айқындаудың объективтілігін бағалау мақсатында тексеру жүргізуге құқылы.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ жаңа редакцияда; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымда сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда өз өкілінің (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Уəкілетті орган өз құзыреті шегінде банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің мəндерін сақтауын бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1, 2, 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген функциялар мен өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметiне араласуға құқылы емес.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарызды беруі мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай мәліметтерді:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының соңғы сатыдағы қарызды ұсыну туралы мәселені қарауы үшін соңғы сатыдағы қарызды берудің орындылығы және банктің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны;
2) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылдауы үшін қолайлы банк активтерін айқындау туралы;
3) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын және (немесе) қабылданған банк активтерінің ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтерді;
4) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерді өткізу туралы шешімді қабылдау үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесін ұсынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Уәкілетті органның қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын операциялардың барлық түрлерін жүргізу мен қызметке арналған лицензиядан айыру туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызу, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану, қаржы ұйымына консервациялау режимін белгілеу туралы шешімдерінің, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің банк активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүргізу, сақтандыру портфелін беру туралы шешімдерінің күшін жою көрсетілген шешімдерді қабылдау нәтижесінде туындаған құқықтық салдардың өзгеруіне немесе тоқтатылуына алып келмейді.
9-1 - 9-3-баптар. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 9-4-баппен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9-4-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Осы баптың мақсаттары үшін:
1) нарық субъектісі деп банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан əрі - Қор), бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы, банк, сақтандыру холдингтері түсініледі;
2) филиал деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі;
3) басшы қызметкер лауазымына кандидат деп нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе нарық субъектісінің басқару органының мүшесі лауазымына сайланған адам түсініледі;
4) басшы лауазым деп мынадай лауазымдар түсініледі:
қаржы ұйымының, филиалдың басшы қызметкері;
қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды тікелей қаржы ұйымының басқару органы, атқарушы органының басшысы, мүшесі немесе қаржы ұйымының өзге де басшы қызметкері жүзеге асыратын қаржы ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды тікелей филиал басшысы, басшының орынбасары, өзге де басшы қызметкері жүзеге асыратын филиалдың құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жəне (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласында мемлекеттік реттеу жəне бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы, оның орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметші;
ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мəселелерге жəне (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
мынадай:
тізбесін уəкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының;
қаржы ұйымдарына, оның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғаларда аудит жүргізетін ұйымдардың;
қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды əзірлеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бірінші басшысы, оның орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін, қаржы ұйымының, филиалдың өзге де басшысы.
2. Нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымына орналасу (лауазымға тағайындау (сайлау) үшін жеке тұлғаның:
1) мінсіз іскерлік беделінің болуы;
3) мынадай еңбек өтілінің болуы қажет:
басқару органының басшысы үшін - кемінде бес жыл;
басқару органының мүшесі үшін - кемінде екі жыл;
бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде үш жыл;
атқарушы орган басшысының орынбасары, мүшелері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы басшының орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы басшысының орынбасары, сақтандыру брокерінің басшысы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы, оның орынбасары үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде екі жыл;
бас бухгалтер үшін - кемінде үш жыл;
бас бухгалтердің орынбасары үшін - кемінде екі жыл;
өзге де басшы қызметкерлер үшін - кемінде бір жыл.
Мыналар:
қаржы ұйымының, банк, сақтандыру холдингтерінің атқарушы органының тек қана қауіпсіздік мəселелеріне, əкімшілік-шаруашылық мəселелеріне, ақпараттық технологиялар мəселелеріне жетекшілік ететін мүшелері лауазымдарына кандидаттар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы басшысының орынбасары;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының мүшесі лауазымына кандидат болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықты əлеуметтік қорғау саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
ұлттық басқарушы холдингтің басқару органының, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі лауазымына кандидат болып табылатын, қаржы мəселелеріне жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін оның орынбасары үшін еңбек өтілінің болуы талап етілмейді;
4) басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы он жыл ішінде адамның:
4) тармақшаның екінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын, филиалды таратуға жəне (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиясынан айырғанға дейін;
қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мəжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, ірі қатысушы жеке тұлға, қаржы ұйымына, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) заңды тұлғаның басшысы болмағаны туралы мəліметтердің болуы қажет.
4) тармақшаның екінші бөлігі 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы соңғы он екі ай ішінде адамнан басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу жəне (немесе) оны қадағалап ден қою шарасын қолдану арқылы осы жəне (немесе) өзге де нарық субъектісінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жағдайларының болмауы;
адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің болмауы;
басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде адамның Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны, сондай-ақ əкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылмағаны туралы мəліметтердің болуы;
7) басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде адамның мынадай мəн-жайлардың бірі болған:
шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлемеу төрт немесе одан көп қатар кезеңге созылған;
дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген жəне (немесе) одан көп мөлшерін құраған;
шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құраған кезде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген эмитент қаржы ұйымының басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) эмитент заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері (оның орынбасары) болмағаны туралы мəліметтердің болуы қажет.
3. Еңбек өтілін есептеу кезінде:
қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша, оның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғаларда;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау бойынша, оның ішінде шетелдік ұйымдарда;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізу, қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөнінде көрсетілетін қызметтерді реттеу бойынша, оның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғаларда;
экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарындағы;
ұлттық басқарушы холдингте, Қазақстанның Даму Банкінде, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінде осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасының жетінші абзацында көзделген лауазымдардағы;
тізбесін уəкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды əзірлеу бойынша;
сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий ретіндегі;
«Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында қаржылық қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдардағы жұмыс өтілі есепке алынады.
Еңбек өтілін есептеу кезінде қаржы ұйымындағы, филиалдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, əкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға байланысты (ақпараттық технологияларды дамытуды жəне (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің басшысын қоспағанда) жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы жұмыс есепке алынбайды.
Халықаралық сертификаттармен расталған кəсіби біліктілігі бар, басшы қызметкер лауазымына кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер жəне осындай сертификаттардың тізбесі уəкілетті органның тиісті нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші, тоғызыншы жəне оныншы абзацтарында көзделген жұмыс өтілінің болуы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкері лауазымына кандидат үшін есепке алынбайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі сегізінші абзацының талабы бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына кандидатқа қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері банк, сақтандыру холдингтерінің басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидаттарға қолданылмайды.
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабында белгіленген талаптарға сай келмейтін адам банктің директорлар кеңесінің мүшесі - тəуелсіз директоры бола алмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты жəне (немесе) оны лауазымға келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде сондай лауазымда болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің мүшесі - тəуелсіз директоры бола алмайды.
Уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, директорлар кеңесінің мүшесі - тəуелсіз директор аталған лауазымды бір банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында, бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушысында, Қорда бірінші тағайындалған күннен бастап қатарынан тоғыз жылдан астам атқаруға құқылы емес.
5. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының атқарушы органының басшысы лауазымына сайлана алмайды.
Акционерлік қоғам нысанында құрылған нарық субъектісінің атқарушы органы мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс.