«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-II Заңы (2026.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

7) банктің еншілес ұйымдарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымның капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын иеленуге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 жəне 50-баптарында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 жəне 48-баптарында белгіленген талаптарды банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтамағанда жүргізіледі.

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініші осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) жəне 6) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

5. Уəкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады.

Уəкілетті орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіні бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

Банк басқа банк құрған немесе банк басқа банктің капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда, банк ашуға немесе микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген еншілес ұйым құруға немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтінішті уəкілетті орган көрсетілген рұқсаттарды беруге өтініштерді қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.

6. Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйым құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады.

Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруді кері қайтарып алу жəне (немесе) оның күшін жою тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

7. Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай:

1) еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат:

рұқсат беруге негіз болған мəліметтердің анық еместігі белгілі болған;

банктің еншілес ұйымының қызметіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің бұзылуына алып келген талаптарын банк сақтамаған;

банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйым қызметінің «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 3-тармағының талаптарына сəйкес келмейтіні анықталған кезде кері қайтарып алынған;

2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымының не банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымның қызметі қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу нысанында) немесе тарату арқылы тоқтатылған;

3) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;

4) банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері болмаған жағдайларда жойылады.

8. Уəкілетті органның еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсаты уəкілетті орган осы баптың 7-тармағының 2), 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтінішін алған күннен кейінгі не уəкілетті орган берілген рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап күші жойылды деп есептеледі.

9. Осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уəкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде шешім қабылдайды.

Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда, банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мұндай рұқсат кері қайтарып алынған күннен бастап алты ай ішінде осы банкпен, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты емес тұлғаларға өздеріне тиесілі акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не көрсетілген ұйымдардың капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын иеліктен шығаруды жүргізуге жəне уəкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Егер банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленгісі келген банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрса немесе иеленсе не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленсе, уəкілетті орган еншілес ұйым құруға, иеленуге немесе капиталына қомақты қатысуға рұқсатты еншілес ұйым құруға, иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтінішті қоспағанда, осы бапта көзделген құжаттарды ұсынбай, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге уəкілетті органның келісімі бар құжатты бір мезгілде бере отырып, банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына береді.

11. Осы баптың талаптары:

1) банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабында көзделген шарттарда еншілес ұйымды құру (иелену) жағдайларына;

2) банктің басқа банктің акцияларын не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың акциялары мен жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде сатып алу жағдайларына қолданылмайды.

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 9-7-баппен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

9-7-бап. Банк, бейрезидент банк филиалы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау

1. Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мəліметтердің анықтығын растағаннан кейін жəне банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде жариялайды.

Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уəкілетті органның талап етуі бойынша банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының интернет-ресурсында уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге жəне мерзімдерге сəйкес өзге де есептілікті орналастырады.

Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайда мен залал туралы есепті аудиторлық растаусыз, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.

2. Қазақстан Республикасының резиденттері банк холдингтері, Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру холдингтері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда, шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде жариялайды.

3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде:

Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті;

Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ аудиторлық есепті аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мəліметтердің анықтығын растағаннан кейін жəне Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін жариялайды.

Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.

 

ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 10-бап толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді

10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi

Уәкiлеттi орган банк қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

1) жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;

2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;

3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөніндегі талаптарды белгiлейдi;

4) банк конгломераттары үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;

5) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртібін мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органмен келiсе отырып айқындайды;

7) 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) банктің үлестес тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешім қабылдайды;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген жағдайларда банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау режимін, қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін, банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ банкті басқару жөніндегі уақытша əкімшілікті тағайындайды;

2008.23.10. № 185-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдайды жəне банктің уақытша əкімшілігін, қызметі мəжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

10-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

10-1-бап. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен  11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi

Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не оларды беруден бас тартады;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілейді;

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалау мен олардың құрылымына жəне оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау əдістемесіне қойылатын талаптарды, оларды келісу тəртібі мен мерзімдерін бекітеді;

3) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн орналастыру және инвестициялау тәртібін айқындайды;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) сақтандыру полистерінің мазмұнына және оларды ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;

6) актуарийлiк қорытынды және оның мазмұнына талаптар негiзiнде аннуитет шарттарын қолдану кезеңiнде тұрақты сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн көбейту тәртібі мен талаптарын айқындайды;

7) жинақтаушы сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына заемдарды беру тәртібі мен талаптарын айқындайды;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгіленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзімдерді бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындайды;

9) 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясын тағайындайды;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

10-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды;

11) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру тәртібін айқындайды;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді

12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi

Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

1) қаржы рыногының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүзеге асырады;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қарайды және бекітеді;

акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін жоюды жүргізеді;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу шарттары мен тәртібін айқындайды;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) бағалы қағаздардың, оның ішінде туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттік тіркеудің, оларды орналастырудың қорытындылары туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қараудың, сондай-ақ олардың күшін жоюдың шарттары мен тәртібін белгілейді;

5) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысын тоқтату және қайта бастау талаптары мен тәртібін айқындайды;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді

9) Бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн, лицензиардың цифрлық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-1) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне келісімді беру және оны беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады;

9-2) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және оның құрамын белгілейді;

9-3) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;

10) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртібін, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жасау шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлейдi;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды

11-2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат береді;

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және кәсіптік ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi;