Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Уәкілетті орган уәжді пайымдау негізінде қабылданған, заңсыз деп танылған шешімдер үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.
5. Уәкілетті орган құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере келе, уәжді пайымдауды пайдалана отырып қадағалап ден қою шараларын қолданудың қорытылған практикасын жариялайды.
6. Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
7. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13-6-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-6-бап. Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер
Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган тиісті бағыттар бойынша:
1) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін бекітеді;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) осы Заңның 3-бабының 1 жəне 3-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттеу саласындағы қаржы ұйымдарының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
2) қаржы ұйымдарын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін бекітеді;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекітеді;
4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды бекітеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Ақпарат алу және беру жөніндегі өкiлеттiктер
Бірінші бөліктің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Уәкiлеттi органға жүктелген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган кез келген жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтiк, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат жария етілуге жатпайды.
Уәкілетті орган осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, соның ішінде оның уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы береді.
Уəкілетті орган өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауды жүзеге асыру мақсатында микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің қаржылық жəне өзге де есептілігін микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға ұсынады.
Үшінші бөліктің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары уәкілетті органның сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржылық есептілікті қоса алғанда, есептілікті және қажет болған жағдайда уәкілетті органның өз функцияларын орындауы үшін қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.
Уəкілетті органның, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мен коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын бақылау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған мəліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимылы
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша мыналар:
1) жалпымемлекеттік мәні бар болжамды іс-әрекеттер және қол жеткізілген нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беру;
2) қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау;
3) жүйелік тәуекелді барынша азайту, қаржылық дағдарыстың туындауын болғызбау және оның салдарын барынша азайту мақсатында келісілген шешімдердің кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру;
4) қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша келісімдер жасасу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi
1. Уәкiлеттi орган өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актілерімен өзiне берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ешкiмге тәуелсiз. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар уәкiлеттi органның заң тұрғысында бекітілген өкiлеттiктерiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқылы емес.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдармен үйлестiредi.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, сондай-ақ осы баптың көрсетілген ұйымдарға осы бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.
3. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес басқа мемлекеттердің бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтасады және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алмасуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті, банктік сектордың, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау мақсатында құрылған, басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-тарау. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
15-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды өздерінің құзыреті шегінде уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі - бақылау және қадағалау органдары) жүзеге асырады.
Екінші бөліктің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органдарының қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңдары операторларының, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктердің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, кәсіби ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйесіне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, төлем ұйымдарының, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) Қазақстан Республикасының банк, валюталық заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, төлемдер және төлем жүйелері, әлеуметтік қорғау, бағалы қағаздар рыногы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржылық қызмет, коллекторлық қызмет, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, өзін-өзі реттеу, жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында, банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға жəне банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін бұзушылықтарды анықтауды, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауды көздейді.
2-тармақтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
Қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылауды және қадағалауды осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес тексеру жүргізу нысандары мен өзге нысандарда жүзеге асырады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бақылау және қадағалау органы құзыреті шегінде дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып, тексерілетін субъектілердің қызметіне тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулерді, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулерді кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша ішінара жүргізеді.
Тексерілетін субъектілердің қызметін тексеруді жүргізу кезінде бақылау жəне қадағалау органы тексерілетін субъектілердің үлестес тұлғаларының қызметін олардың тексерілетін субъектілердің қызметіне əсер ету дəрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
Осы тармақтың талаптары қаржы ұйымының ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру холдингтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысының немесе банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
тізбесін уəкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А» рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ заңды тұлға - қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі, қаржы ұйымының ірі қатысушысының немесе банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлға резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының аталған бейрезидент тұлғалары шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растау болғанда;
уəкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болғанда қолданылмайды. Рейтингтік агенттіктердің ең төмен рейтингі мен тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының қызметін тексеруді жүргізген кезде уəкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резиденті болып табылатын шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің қызметі туралы ақпарат алуға құқылы.
2. Құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектіге барып жүзеге асыратын және тексерілетін субъектіге қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тағайындалатын тексеру тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру болып табылады.
Субъектіні тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырады.
Тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілердің қызметіне байланысты тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, жартыжылдық негізде жасайды.
Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органының басшысы не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бақылау және қадағалау органы басшысының тиісті бұйрығының негізінде бекітеді.
3. Жоспардан тыс тексеруді құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектіге бара отырып, мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің және мемлекеттік органдардың сұрау салуларының келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар не қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, банк конгломератының, сақтандыру тобының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде;
4) алдыңғы тексеруде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) банкті өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызған және (немесе) банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызған жағдайда;