Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 29 мамырдағы № 178 қаулысы (2005.30.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген
есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 ж. 29 мамырдағы № 178 қаулысы

(2005.30.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР ҚҚА  Басқармасының  2007 ж. 25 маусымдағы № 188 Қаулысымен  күші жойылды

 

 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру және жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы мүдделі адамдар алдында ақпаратты ашу жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 наурыздағы № 793 және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 11 наурыздағы № 23-П "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың бірлесіп біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы" бірлескен қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1464 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2001 жылғы желтоқсанда жарияланған, № 12) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.