Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 және
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы
25 шілдедегі № 749 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және оны қайта жаңарту" бағдарламасында:
035 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесiн қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "2200000" деген сандар "2448758" деген сандармен ауыстырылсын;
049 "Астана қаласының Солтүстiк айналма жолын 0-6,5 км "Солтүстік-Батыс учаскесi" учаскесiнде қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "749 950" деген сандар "662740" деген сандармен ауыстырылсын;
051 "Ресей Федерациясы шекарасы - Орал - Ақтөбе автожолын қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "849508" деген сандар "860168" деген сандармен ауыстырылсын;
058 "Астана қаласының айналма жолын қалыпқа келтiру" кiшi бағдарламасындағы "612600" деген сандар "533325" деген сандармен ауыстырылсын;
060 "Қарағанды қаласы арқылы өту учаскесiн қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "1100000" деген сандар "1007067" деген сандармен ауыстырылсын;
060 "Республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту жөніндегі жобалау-iздестiру жұмыстары" бағдарламасында:
037 кiшi бағдарламада:
кiшi бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызылорда - Жезқазған - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау";
038 "Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау" кiшi бағдарламасында "33000" деген сандар "26380" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 045 және 046 кiшi бағдарламалармен толықтырылсын:
045 "2003 жылғы конкурстардың хабарландыруларына және 2004 жылғы объектiлер бойынша конкурстық құжаттаманың таралымын көбейтуге ақы төлеу" кiшi бағдарламасы - 2000;
046 "Астана - Қостанай - Челябинск автожолын қайта жаңарту жобасын және техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындау" кiшi бағдарламасы 4620;
2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 225-қосымшада:
6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 14, 15 және 16-жолдармен толықтырылсын:
"14. Азаматтық авиациядағы аса қауiптi жұмыстарға рұқсат беру ережесi;
15. Азаматтық авиацияның авиациялық персоналы үшiн еңбектi қорғау және қауіпсiздік техникасы жөнінде оқытып-үйрету нұсқаулығы;
16. Авиациялық-химиялық жұмыстарда және сұйықтықтармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк техникасы және өндiрiстiк санитария жөніндегi ереже" деген жолдармен толықтырылсын;
7-тармақта "13" деген сан "16" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 226-қосымшада:
6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
044 кiшi бағдарламада:
"1/305,82" деген сандар "1/350,43" деген сандармен ауыстырылсын;
"асфальт бетон жамылғысын," деген сөздерден кейiн "көпiрдi сынау" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
"1/305,82" деген сандар "1/350,43 "деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 229-қосымшада:
5-тармақта "6" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
"мемлекеттік" деген сөзден кейiн "сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
"6" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
7-тармақта "6" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 232-қосымшада:
6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 1-жолда:
1-тармақта "23011" деген сандар "23046" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 233-қосымшада:
6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
033 - кiшi бағдарламада:
"130" деген сандар "137,4" деген сандармен ауыстырылсын;
"жобалық-сметалық құжаттамаларды әзiрлеу - 130 км" деген сөздерден кейiн "оның iшiнде Қашыр кентiнің айналма жолы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Автожолды қайта жаңартудың техникалық-экономикалық негiздемесінiң жобасы мен мемлекеттік және экологиялық сараптамасының қорытындысын дайындау";
037 - кiшi бағдарламада:
кiшi бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызылорда - Жезқазған - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы" автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау";
"127 км." деген сөздер "132,7 км., оның iшiнде Розовка кентінің айналма жолы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың кестесi мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: