Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 30 шілдедегі № 763 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2003 жылғы 30 шілдедегі № 763 қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің  2007 жылғы 14 қыркүйектегі   № 807  қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 15, 134-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:

2-тармақтың екiншi абзацындағы "Ғылым министрлігі-Ғылым академиясы" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтың екiншi абзацындағы "алуды" деген сөзден кейiн "және iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтауды" деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы туралы ережеде:

1-тармақтың екiншi абзацындағы "Ғылым министрлігі-Ғылым академиясының" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың үшiншi абзацы "Мемлекеттік сыйлықтарды" деген сөздердiң алдынан "iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақтың жетiншi абзацындағы "Ғылым министрлігіне-Ғылым академиясына" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

           Павлов                - Қазақстан Республикасы
           Александр Сергеевич     Премьер-Министрінің бiрiншi
                                    орынбасары, төраға
           Құлекеев              - Қазақстан Республикасының
           Жақсыбек Әбдiрахметұлы   Бiлiм және ғылым министрi,
                                    төрағаның орынбасары
           Досқалиев             - Қазақстан Республикасының
           Жақсылық Ақмырзаұлы     Денсаулық сақтау министрi

көрсетiлген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлiмұлы, Беркiмбаева Шәмша Көпбайқызы, Сейсембаев Манас Ахметжарұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының